Кәсіптік оқыту

 

 

Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жүргізу Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі № 287 бұйрығымен бекітілген «Орта кәсіби оқу орындарында кәсіби тәжірибені жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстарға», сондай-ақ колледж директорымен бекітілген «Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжінде кәсіптік тәжірибеден өту туралы ережесі» негізінде іске асырылады.

Бастапқы кәсіптік дағдыларды оқушылар танысу және оқу тәжірибесінен өту кезінде алады. Тәжірибелердің барлық түрлері колледж директорымен бекітілген оқу бағдарламалары негізінде әзірленген күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

Мамандарды дайындау қазіргі замаңғы әлеуметтік экономикалық жағдайлар есебімен тәжірибелік оқытуды жаңарту қажеттілігін көрсетеді, сондықтан да оқу және танысу тәжірибелерінде оқытушылармен, тәжірибелерден өтетін алдағы базаларға экскурсия кәсіпорындарға бару қолданылады, компьютерлік кабинеттер және интербелсенді жабдық пайдаланылады, тәжірибелік қызметкерлер шақырылады.

Өндірістік оқыту колледжде мемлекеттік стандарттарға, кәсіптік тәжірибеден өтудің типтік және жұмыс бағдарламасына сәйкесіске асырылады. Оқу үрдісінің кестесінде көрсетілген.

Өндірістік тәжірибе АҚ, ЖШС, мемлекеттік және бюджеттік мекемелер жеке меншік кәсіпкерлермен, қала, облыс және аудандардың салық комитетімен жеке меншік формасының барлық кәсіпкерлерінің және ұйымдарының шарттары негізінде ұйымдастырылған.

Өндірістік тәжірибенің базалары мамандықтар қиылысында жеке меншіктің ұйымдастыру нысандары бойынша кестеде көрсетілген:

 

Мамандық

Оқушылар саны

ЖШС

АҚ

Банктер

ЖК,

КШ

Мемлекеттік мекемелер және т.б.

«Есеп және аудит»

22

8

4

0

4

6

«Қаржы»

25

1

6

11

 

7

«Маркетинг»

13

9

1

0

3

0

«Құқықтану»

32

4

1

1

0

26

«ЕТ мен БҚ»

14

7

1

0

2

4

 

2011-2012 оқу жылында мамандар үшін колледждің негізгі серіктестері болып төмендегілер айқындалған:

0201000 «Құқықтану» мамандығы- Павлодар облыстық сотының кеңесі МБ, «Павлодар қаласының № 2 емханасы» КМҚК, Павлодар қаласының ІІБ, Павлодар облысының сот өкілдерін орындау жөніндегі департамент, Павлодар облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Ақтоғай ауданының бөлімі, мамандандырылған әкімшілік филиалының Лебяжі ауданының бөлімі, Май ауданының ІІБ және т.б.

 

0516000 «Қаржы» мамандығы-«Ертіс ауданының бюджетті жоспарлауды экономика бөлімі» МБ, «Цеснабанк» АҚ ПФ, «Казкомерцбанк» АҚ ПФ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, Павлодар қаласындағы ВТБ банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰФ , «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ ПФ, мұнай сақтандыру компаниясы ПФ және т.б.

 

0518000 «Есеп және аудит»мамандығы-«ҚазТрансойл» АҚ Шығыс филиалы «Еуроазия» энергетикалық корпорациясы АҚ, «Павлодар картон-рубероид» зауыты АҚ, Павлодар «Коммеск-Өмір СК» АҚФ, Баянауыл ауданының қаржы бөлімі ММ, «Павлодар гидрометеорология орталығы» ЕҚК, «Акоба» ЖШС, «СтройЦентрПВ» ЖШС т.б.

 

3706002 «БТ мен АЖ бағдарламалық қамтамасыздандыру»-«Алюминий Қазақстан» АҚ, «қашыр ауданының маслихат апараты» ММ, Ақбидай негізгі мектебі, «Гранат-қазақстан» ЖШС, «Актукооп» ЖШС, «Финист компаниясы» ЖШС, «Строй модуль» ЖШС ПФ және т.б.

0513000 «Маркетинг» мамандығы-«Роса» АҚ, «Format Mach Company» ЖШС, Инженеринг-маркетингтік компания, «Павлодарпродснаб» ЖШС, «Грант-Ақсу» ЖШС, «Арна» ЖШС, «12 ай» ЖШС,  «Прима дистрибьюшн» ЖШС ПФ және т.б.

 

Жыл сайын бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша өндірістік тәжірибе қорытындылары бойынша колледждің барлық мамандарбойынша ғылыми конференциялар өткізіледі.

      

2011-2012 оқу жылы

03.12.11 ж. 4-11 П тобымен «БТ мен АЖ бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибенің қорытындылары бойынша «Өндірістегі компьютерлік технологиялардың рөлі» конференция.

 

Сырттай оқу бөлімінде 11.05.12 ж.өндірістік тәжірибенің қорытындылары бойынша конференция өтті, мұнда 0516000 «Қаржы», 0201000 «Құқықтану», 0513000 «Маркетинг», 0518000 «Есеп және аудит» мамандықтарының түлектері қатысты.

      

Өндірістік тәжірибе қорытындылары бойынша күндізгі  оқу бөлімінде 08.06.12 ж.конференция өтті,  мұнда 0516000 «Қаржы», 0201000 «Құқықтану», 0518000 «Есеп және аудит» мамандықтарының түлектері қатысты.

Барлық ғылыми тәжірибелік конференциялар «Өндірістік тәжірибе –бәсекеге қабілетті маман кепілі» девизінде өтті.  Конференцияларда тәжірибелердің қорытындылары шығарылды, көптеген оқушылар өз кәсіпорындары туралы слайд-бағдарламалар,бейнероликтер әзірледі.Кәсіпорындардан тәжірибе жетекшілері қатысты.