Оқу тәжірибесі

Күні: 2013-05-28 17:22:32
Оқу тәжірибесі

«Есеп және аудит», «Құқықтану» мамандықтары бойынша 2-84Б, 2-22Юк, 2-04Юк топтарында оқу- тәжірибесі басталды. Қол қойылған әріптестік туралы келісім негізінде, тәжірибе колледждің әлеуметтік әріптестіктердің, кәсіпорындар  базасында өтуде. Аталған топ оқушылары таңдаған мамандықтары бойынша қызығушылықпен жұмыс атқаруда.

2-84Б тобы «Аманат» ЖШС фирмасының дүкендерінің меңгерушілерінің  жетекшілігімен түрлі құжаттарды меңгеріп, ақшалай - тауар есептерін құрастыруларында қатысуда.

«Құқықтану» мамандығының оқушылары тәжірибені №2 қалалық сотында, ауданаралық сотында, ювеналдық соттарында өтуде.

Олар сот отырыстарына қатысып, сот және мұрағат құжаттарымен танысуда.

«Маркетинг» мамандығының 2-75М тобы тәжірибені қаланың «Атриум» ЖШС ПФ, гипермаркет Гринвич және «Аманат» ЖШС сияқты  ірі кәсіпорындарында өтті.

Оқушылар тәжірибе барысында тауарларды реттеумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысты. 



  
 

 

 

 

Оқушылардың пікірлері бойынша осындай оқу- тәжірибенің өткізілу түрлері таңдаған мамандықтарын терең меңгеруге, алған білімдерін бекітуге және болашақта нақты кәсіпорын, мекемелеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндігі зор екендігін білдірді. 

 

 

 

 

Автор: Колледж