Танысу тәжірибесі, "Қаржы" мамандығы

Күні: 2013-01-21 05:33:00

 

 

2013 жылы қаңтар айының 8-13 аралығында біздің тобымыз оқу танысу тәжірбиесінен өтті. Оқытушы Ж.І.Дощанова  «Альянс Банк»АҚ Павлодар филиалына экскурсияға апарды. Онда бізді бас бухгалтер Тоқтыбаева Айман Шынғысқызы банктің  барлық бөлімдермен таныстырды. Әр бөлімшенің қызметкерлерімен таныстырып және олардың атқаратын қызметтері туралы хабардар берді. Біз бұл экскурсияда банктегі жұмыс үлкен жауапкершілікті талап ететінін ұқтық. Айман Шынғысқызы бізге ҚР-ның заңдарын жақсы білу және оларды жұмыс орнында дұрыс пайдалану маңыздылығын ескертті.

Мен оқу-танысу тәжірибесі кезінде көп қызықты ақпаратпен таныстым.  Бұл ақпаратменің болашақ жұмысымда көп көмек береді деп ойлаймын. Әр оқушы оқу-танысу тәжірибесінің нәтижесі бойынша презентация жасап,  қорғады. Экскурсиядан кейін мен банк қызметі мәнін дұрыс ұғып, оның маңыздылығын сезіндім.

 

Оқу-танысу тәжірибесінен оқу барысында мен мамандықты дұрыс таңдағаныма көзім жетті.

Мен сапалы кәсіби білім алуға, саланың мықты мамандарымен танысуға, болашақта жақсы маман болуға тырысамын.

 

Қабыкен А.Ж. 2-03ФК

Автор: Колледж