Неке және
отбасы туралы
Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321-I Заңы
Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23
Ескерту. Мәтiндегi сөздер ауыстырылды - Қазақстан
Республикасының 2004.12.20 N 13 Заңымен
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын,
сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепiлдiктерiн белгiлеп,
реттейдi, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
әлеуметтiк саясатының басым бағыты деп анықтай отырып,
оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды
қамтамасыз етедi.
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Неке-отбасы заңдары
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк
және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын
құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық
келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы
тең құқықты одақ
2) жалған неке - отбасын құру ниетiнсiз заңда
белгiленген тәртiппен жасалған
және ерлi-зайыптылардың құқықтары мен
мiндеттерiн туғызбайтын неке;
3) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге
алудың өзге де нысандарынан туындайтын
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар
мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту
мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;
4) неке жасы - адамның некеге тұру құқығына
жеткендегi жасы;
5) балалық шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық
жай-күйi;
6) мүлiктiң шарттық режимi - ерлi-зайыптылардың және
олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен
белгiленген меншiгiнiң режимi;
7) суррогат ана шарты - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға
бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмбрион имплантациясын қолдануға
келiсiмiн берген әйелдiң арасындағы келiсiм;
8) патронат - уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен
баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адамның (патронат тәрбиешiнiң)
жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге
берiлетiн тәрбие нысаны;
9) алименттер - алуға құқығы бар екiншi адамға
бiр адам беруге мiндеттi болатын асырау қаражаты;
10) отбасылық жағдай - некеде тұрғандағы немесе
айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының
басқа да мүшелерiнiң болуы немесе болмауы;
11) материалдық жағдай - жалақының, зейнетақының,
басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшерi;
мүлiктiң болуы; еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi;
отбасының басқа мүшелерiнен материалдық көмек
алуы немесе алмауы;
12) азаматтық хал актiлерi - адамның құқықтары
мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына байланысты
оны дараландыратын заңдық ресiмделген мән-жайлар;
13) жақын туыстары - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар,
ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер
(аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
14) қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық
пен қамқоршылық жөнiндегi мiндеттердi жүзеге
асыру үшiн заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған
адам;
15) қорғаншылық (қамқоршылық) - кәмелетке
толмағандардың және сот әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi)
деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн
қорғаудың құқықтық нысаны;
16) репродукциялық денсаулық - адамның толымды ұрпақ
туғызуға қабiлетiн көрсететiн денсаулығы;
17) суррогат ана - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт
бойынша бойға бала бiтiру, оны көтеру және туу;
18) қорғаншы және қамқоршы орган - республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы.
Ескерту. 1-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Неке-отбасы заңдарының негiздерi
1. Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттiң қорғауында
болады.
2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:
1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;
2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының
теңдiгi;
3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол
берiлмеушiлiк;
4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi
мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз
мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға
басымдық беру;
7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын
кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды
сот қорғауының мүмкiндiктерi;
8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына
ынталандыру принциптерiне негiзделедi.
3. Мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылған
неке ғана танылады.
4. Некеге тұруы кезiнде және отбасылық қатынастарда әлеуметтiк,
нәсiлдiк, ұлттық тiл және дiни белгiлерi бойынша
азаматтардың құқықтарын шектеудiң кез
келген нысандарына тыйым салынады.
Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы
құқықтары тек заң негiзiнде және отбасы мүшелерi
мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершiлiгiн, құқықтарын
және заңды мүдделерiн қорғау мақсатында қаншалықты
қажет болса, сондай шамада ғана шектелуi мүмкiн.
3-бап. Неке-отбасы заңдарымен реттелетiн қатынастар
Неке-отбасы заңдары:
1) некеге тұрудың, некенi тоқтатудың және оны
жарамсыз деп танудың шарты мен тәртiбiн белгiлейдi;
2) отбасы мүшелерiнiң: ерлi-зайыптылардың, ата-аналар мен
балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың)
арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда
және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың
арасындағы азаматтық құқықтар мен
мiндеттердi, мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке қатынастарды
реттейдi;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртiбiн айқындайды;
4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу және заңдарда белгiленген тәртiппен ақылы қызмет көрсету тәртiбiн реттейдi.
4-бап. Неке-отбасы заңдары және отбасы құқығының
нормаларын қамтитын өзге де актiлер
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, отбасылық
құқық нормалары қамтылатын Қазақстан
Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
5-бап. Неке-отбасы қатынастарына азаматтық заңдарды
қолдану
1. Осы Заңның 3-бабында аталған, неке-отбасы заңдарымен
реттелмеген (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерiнiң
арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарға
азаматтық заңдар қолданылады,
өйткенi ол неке-отбасы қатынастарының мәнiне қайшы
келмейдi.
2. Осы заңның 3-бабында көзделген қатынастар заңдармен
немесе тараптардың келiсiмiмен реттелмеген және оларға қолданылатын
әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың
мәнiне қайшы келмейтiндiктен, мұндай қатынастарға
ұқсас қатынастарды реттейтiн неке-отбасы және (немесе)
азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы)
қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын
пайдалану мүмкiн болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектiлерiнiң
құқықтары мен мiндеттерi неке-отбасы немесе азаматтық
заңдардың жалпы негiздерi мен мәнi және адалдық,
парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары (құқық
ұқсастығы) негiзге алынып айқындалады.
2-тарау. Неке-отбасы құқықтарын
жүзеге асыру және қорғау
6-бап. Неке-отбасы қатынастарындағы құқықтар
мен
мiндеттердi жүзеге асыру
1. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, азаматтар өздерiне
тиесiлi неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды,
оның iшiнде осы құқықтарды қорғауға
арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады.
Неке-отбасы құқықтарын жүзеге
асыру және мiндеттердi орындау отбасының басқа мүшелерi
мен құқықтың өзге субъектiлерiнiң құқықтарын,
бостандығын және заңды мүдделерiн бұзбауға
тиiс.
2. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады,
бұған осы құқықтардың мақсатына
қайшы келетiн жағдайлар қосылмайды.
7-бап. Неке-отбасы құқықтарын қорғау
Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық
сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша
- сот, ал осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк
органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар
осы Заңның тиiстi баптарында көзделген тәртiппен жүзеге
асырады.
8-бап. Неке-отбасылық қатынастарға талап-арыздың
ескiруiн қолдану
1. Талап-арыздың ескiруi неке-отбасы қатынастарынан туындайтын
талаптарға қолданылмайды, бұған бұзылған құқықты
қорғауға арналған мерзiм осы Заңмен белгiленген
жағдайлар қосылмайды.
2. Талап-арыздың ескiруiн белгiлейтiн нормаларды қолдану кезiнде
сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы
бөлiм) 177, 179, 180, 182-185-баптарының ережелерiн басшылыққа
алады.
2-бөлiм. Неке
3-тарау. Некеге тұрудың
шарттары мен тәртiбi
9-бап. Некеге тұру шарттары
1. Некеге тұру үшiн некеге тұрушы еркек пен әйелдiң
өзара ерiктi келiсiмi және олардың неке жасына жетуi қажет.
2. Неке осы Заңның 11-бабында аталған мән-жайлар болған
жағдайда қиылмайды.
10-бап. Неке жасы
1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып
белгiленедi.
2. Дәлелдi себептер болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу орны
бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдары неке жасын екi жылдан
аспайтын мерзiмге төмендетуi мүмкiн.
3. Неке жасын төмендету туралы өтiнiштi некеге тұруға
тiлек бiлдiрушiлер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары
(қамқоршылары) белгiленген неке жасын төмендету қажеттiгiн
туғызатын себептердi көрсете отырып қозғай алады.
4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың
келiсiмiмен ғана жол берiледi.
5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының
не қорғаншыларының келiсiмiмен ғана рұқсат
етiледi.
11-бап. Араларында неке қиылуына жол берiлмейтiн адамдар
Некеге тұруға:
1) бiреуi болса да басқа тiркелген некеде тұрған адамдардың
2) тiкелей ата-тегi бойынша және өзiнен тарайтын жақын
туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесiнiң
және немерелерiнiң), ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек
әкесi немесе анасы ортақ ағалы-iнiлер мен апалы-сiңiлiлердiң
(аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алғандардың
4) бiреуiн болса да психикалық ауруының немесе ақыл есi
кемдiгiнiң салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған
адамдардың арасында жол берiлмейдi.
12-бап. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру
1. Некеге тұруға тiлек бiлдiрушi адамдарға медициналық,
сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және
репродукциялық денсаулық қорғау мәселелерi
бойынша консультация беру мен тексерудi мамандандырылған денсаулық
сақтау мекемелерi және некеге тұратын адамдардың екеуiнiң
келiсiмiмен ғана жүргiзедi. V095873
2. Некеге тұратын адамдарды тексерудiң нәтижелерi медициналық
құпия болып табылады және ол некеге тұруға
ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келiсiмiмен ғана
хабарлануы мүмкiн.
13-бап. Некеге тұру тәртiбi
1. Некеге тұратын адамдардың тiкелей қатысуымен неке
мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылады.
Некеге тұруға ниет бiлдiрген
адамдардың бiреуi азаматтық хал актiлерiн жазу органына келе
алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын
жерi бойынша қиылуы мүмкiн.
Неке қию кезiнде өкiл жiберуге жол
берiлмейдi.
2. Некенi қию некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер азаматтық
хал актiлерiн жазу органына арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен
соң жүргiзiледi.
Дәлелдi себептер болған жағдайда
неке қиюды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн
жазу органы бiр ай өткенге дейiн неке қиюға, сондай-ақ
осы мерзiмдi ұзартуға, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға
рұқсат етуi мүмкiн.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктiлiк,
бала тууы, бiр тараптың өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және
басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтiнiш берiлген күнi қиылуы
мүмкiн.
3. Неке қиюды мемлекеттiк тiркеу азаматтық хал актiлерiн
мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының некенi тiркеуден бас
тартуына некеге тұруға тiлек бiлдiрушi адамдар не олардың
бiреуi сотқа шағым жасай алады.
4-тарау. Некенi тоқтату
14-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және
оны
өлдi немесе олардың бiреуi хабар-ошарсыз
кеткен деп жариялау салдарынан некенiң
тоқтатылуы
1. Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң қайтыс болуы немесе сот
оны өлдi немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен
деп таныған жұбайы келген және тиiстi сот шешiмi күшiн
жойған жағдайда некенi ерлi-зайыптылардың бiрлескен өтiнiшi
бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Егер жұбайлардың екiншiсi жаңа некеге отырса, некенi қалпына
келтiруге болмайды.
Егер неке қию кезiнде тараптарға
(немесе тараптардың бiреуiне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз
кеттi деп танылған жұбайы тiрi екенi белгiлi болса, бұл ереже
қолданылмайды.
15-бап. Некенi бұзу
1. Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де өтiнiшi
бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған
жұбайдың қорғаншысының өтiнiшi бойынша оны
бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкiн.
2. Некенi әйелдiң жүктiлiгi кезеңiнде және бала
туғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде әйелдiң келiсiмiнсiз бұзуға
болмайды.
16-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында
некенi бұзу
1. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некенi бұзу кәмелетке
толмаған ортақ балалары жоқ және бiр-бiрiне мүлiктiк
және өзге де талаптар қоймайтын ерлi-зайыптылардың
некенi бұзуға өзара келiсуi жағдайында жүргiзiледi.
2. Ерлi-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған
балаларының болуына қарамастан, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң
өтiнiшi бойынша, егер ерлi-зайыптылардың екiншiсiн:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас
бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актiлерiн
жазу органдарында бұзылады.
3. Некенiң бұзылуын мемлекеттiк тiркеудi азаматтық хал
актiлерiн жазу органы азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн
белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
17-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында
некенi бұзу кезiнде ерлi-зайыптылардың
арасында туындайтын дауларды қарау
Некенi бұзу кезiнде ерлi-зайыптылардың арасында туындайтын даулар
азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында сот тәртiбiмен қаралады.
18-бап. Некенi сот тәртiбiмен бұзу
Некенi сот тәртiбiмен бұзу:
1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген
жағдайларды қоспағанда, ерлi-зайыптыларда кәмелетке
толмаған ортақ балалардың болуы;
2) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi
болмаған кезде;
3) егер ерлi-зайыптылардың бiреуi өзiнiң қарсылығы
болмауына қарамастан, некенi бұзудан өз әрекеттерi не әрекетсiздiгi
арқылы жалтарса;
4) ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне мүлiктiк талаптары болған жағдайларда
жүргiзiледi.
19-бап. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға
келiсiм болмаған жағдайда некенi сот
тәртiбiмен бұзу
1. Егер сот ерлi-зайыптылардың одан әрi бiрлесiп өмiр сүруi
және отбасын сақтауы мүмкiн еместiгiн анықтаса, неке
сот тәртiбiмен бұзылады.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi
болмаған жағдайда, сот ерлi-зайыптыларды татуластыруға шаралар
қолдануға және ерлi- зайыптыларға татуласу үшiн үш
ай көлемiнде мерзiм тағайындай отырып, iстi қарауды кейiнге қалдыруға
құқылы.
Егер ерлi-зайыптыларды татуластыру жөнiндегi
шаралар нәтижесiз болып шықса және ерлi-зайыптылар (олардың
бiреуi) некенi бұзуды талап етсе, неке бұзылады.
20-бап. Өзге де негiздер бойынша некенi сот тәртiбiмен
бұзу
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлi-зайыптылардың,
сондай-ақ осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында
аталған ерлi-зайыптылардың некенi бұзуға өзара
келiсiмi болған жағдайда сот некенi айырылысу себептерiн анықтамай-ақ
бұзады.
2. Некенi сот тәртiбiмен бұзу ерлi-зайыптылар некенi бұзу
туралы арыз берген күннен бастап кемiнде бiр ай өткен соң жүргiзiледi.
3. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 2-тармағында аталғанынан
кемiрек мерзiм белгiлеуi мүмкiн.
21-бап. Некенi бұзу туралы шешiм шығару кезiнде сот
шешетiн мәселелер
1. Некенi сот тәртiбiмен бұзу кезiнде ерлi-зайыптылар соттың қарауына
кәмелетке толмаған балалар өздерiнiң қайсысымен тұратындығы
туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж
жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртiбi туралы, бұл
қаражаттың мөлшерi туралы не ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкiн бөлу туралы келiсiм ұсына алады.
2. Егер ерлi-зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында
аталған мәселелер бойынша келiсiм болмаса, сондай-ақ ол
келiсiм балалардың немесе ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн
бұзатындығы анықталса, сот:
1) неке бұзылғаннан кейiн кәмелетке толмаған балалар
ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және
қандай мөлшерде өндiрiлiп алынатынын белгiлеуге;
3) ерлi-зайыптылардың (олардың бiреуiнiң) талап етуi бойынша
олардың бiрлескен ортақ меншiгiндегi мүлiктi бөлудi жүргiзуге;
4) екiншi жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы
бар жұбайдың талап етуi бойынша осы асырау қаражатының
мөлшерiн айқындауға мiндеттi.
3. Егер мүлiктi бөлу үшiншi бiр адамдардың мүдделерiн
қозғайтын болса, сот мүлiктi жеке iс жүргiзiлiп бөлу
туралы талапты жеке iсте қозғауға құқылы.
22-бап. Некенiң ол бұзылған жағдайда тоқтатылу
кезi
1. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзылатын неке
азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабында некенiң бұзылғандығы
мемлекеттiк тiркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған
жағдайда - соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен
бастап тоқтатылады.
2. Сот некенi бұзу туралы соттың шешiмi заңды күшiне
енген күннен бастап үш күн iшiнде сот шешiмiнiң көшiрмесiн
шешiм шығарылған жердегi, сондай-ақ неке қию
мемлекеттiк тiркелген жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына
жолдауға мiндеттi.
Ерлi-зайыптылардың азаматтық хал актiлерiн
жазу органында некенiң бұзылғаны туралы куәлiк алғанға
дейiн жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.
23-бап. Некенi тоқтатудың салдары
Некенiң тоқтатылуымен ерлi-зайыптылардың, осы Заңда көзделген
жағдайларды қоспағанда, некелiк қатынастарынан
туындайтын жеке және мүлiктiк құқықтары мен
мiндеттерi тоқтатылады.
5-тарау. Некенiң жарамсыздығы
24-бап. Некенi жарамсыз деп тану
1. Осы Заңның 9-11-баптарында белгiленген шарттар бұзылған
кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз
деп танылады.
2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
3. Егер некеге тұрушы адамдардың бiреуi екiншiсiнен құрылған
отбасы мүшелерiне, жеке басының және қоғамның
қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiретiн ауруы бар екенiн
жасырса, соңғысы сотқа некенi жарамсыз деп тану туралы
талаппен жүгiнуге құқылы.
4. Некенi жарамсыз деп тануды сот жүргiзедi.
5. Сот некенi жарамсыз деп тану туралы соттың шешiмi заңды күшiне
енген күннен бастап үш күн iшiнде соттың осы шешiмiмен
некеге тұру мемлекеттiк тiркелген жердегi азаматтық хал актiлерiн
жазу органына көшiрме жiберуге мiндеттi.
6. Некенiң жарамсыздығы оның қиылған күнiнен
бастап танылады.
25-бап. Некенi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы
бар
адамдар
1. Некенi жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:
1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса (осы Заңның
10-бабы), кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы
(оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы
орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған
жұбай он сегiз жасқа толғаннан кейiн некенi жарамсыз деп
тануды талап етуге тек оның өзi ғана құқылы;
2) егер некеге тұруға ерлi-зайыптылардың бiрiнiң ерiктi
келiсiмi болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу
немесе өзiнiң жай-күйiнiң салдарынан некеге тұруды
мемлекеттiк тiркеу кезiнде өзiнiң әрекеттерiнiң маңызын
түсiнбей және өзiн-өзi билей алмауы себептi неке қиылған
болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған
жұбай, сондай-ақ прокурор;
3) некенi қиюға кедергi келтiретiн мән-жайлардың бар
екенiн бiлмеген жұбай, әрекетке қабiлетсiз деп танылған
жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған
неке бойынша жұбайы, осы Заңның 11-бабының талаптарын бұза
отырып қиылған неке арқылы құқықтары
бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы
және қамқоршы орган мен прокурор;
4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ
некенiң жалғандығы туралы бiлмеген жұбайы;
5) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында аталған мән-жайлар
болған кезде құқығы бұзылған жұбай
құқылы.
2. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз
деп таныған адаммен қиылған некенi жарамсыз деп тану туралы
iстi қарау кезiнде iске қатысуға қорғаншы және
қамқоршы орган тартылады.
26-бап. Некенiң жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар
1. Егер некенi жарамсыз деп тану туралы iс қаралатын сәтке заңға
орай оның қиылуына кедергi жасаған мән-жайлар жойылса,
некенi жарамсыз деп тануға болмайды.
2. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделерi
талап етсе, сондай-ақ оның некенi жарамсыз деп тануға
келiсiмi болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған
некенi жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады.
3. Егер мұндай некенi тiркеткен адамдар iстi сот қарағанға
дейiн iс жүзiнде отбасын құрса, сот некенi жалған деп
тани алмайды.
4. Ерлi-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық
дәрежесi болған не некенi тiркеу кезiнде ерлi-зайыптылардың
бiреуi басқа бұзылмаған некеде тұрған (осы Заңның
11-бабы) жағдайларды қоспағанда, некенi ол бұзылғаннан
кейiн жарамсыз деп тануға болмайды.
27-бап. Некенi жарамсыз деп танудың салдары
1. Сот жарамсыз деп таныған неке, осы баптың 4 және 5-тармақтарында
белгiленген жағдайларды қоспағанда, ерлi-зайыптылардың
осы Заңда көзделген құқықтары мен
мiндеттерiн туғызбайды.
2. Некесi жарамсыз деп танылған адамдар бiрлесiп сатып алған мүлiктiң
құқықтық режимi Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексiнiң үлестiк меншiк туралы
ережелерiмен реттеледi. Ерлi-зайыптылар жасасқан неке шарты (осы Заңның
38-40-баптары) жарамсыз деп танылады.
3. Некенi жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке
жарамсыз деп танылған күннен бастап екi жүз жетпiс күн
iшiнде туған балалардың құқығына нұқсан
келтiрмейдi (осы Заңның 46-бабының 2-тармағы).
4. Некенi жарамсыз деп тану туралы шешiм шығарған кезде сот некенi
жарамсыз деп тану үшiн негiзге алынған мән-жайлардан некеге тұру
кезiнде бейхабар болған жұбайдың (адал ниеттi жұбай)
екiншi жұбайдан осы Заңның 134, 135-баптарына сәйкес
асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы,
ал некенi жарамсыз деп таныған кезге дейiн бiрлесiп сатып алынған мүлiктi
бөлуге қатысты осы Заңның 32, 36, 37-баптарында
белгiленген ережелердi қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық
немесе iшiнара жарамды деп тануға құқылы.
Адал ниеттi жұбай азаматтық заңдарда
көзделген ережелер бойынша өзiне келтiрiлген материалдық және
моральдық зиянды өтеудi талап етуге құқылы.
5. Адал ниеттi жұбай некенi жарамсыз деп таныған кезде өзi
неке қиюды мемлекеттiк тiркеу кезiнде таңдаған тегiн сақтап
қалуға құқылы.
6-тарау. Ерлi-зайыптылардың
жеке құқықтары мен мiндеттерi
28-бап. Ерлi зайыптылардың құқықтары мен
мiндеттерiнiң
туындауы
Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi
азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некеге тұру мемлекеттiк
тiркелген күннен бастап туындайды.
29-бап. Ерлi-зайыптылардың отбасындағы теңдiгi
1. Ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және
тең мiндеттер атқарады.
2. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсiп түрiн,
тұрғылықты жердi таңдауда ерiктi.
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру мәселелерi
мен отбасы өмiрiнiң басқа да мәселелерiн
ерлi-зайыптылар бiрлесiп шешедi.
4. Ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара
сыйластық және өзара көмек негiзiнде құруға,
отбасының игiлiгi мен нығаюына жәрдемдесуге, өз
балаларының денсаулығына, өсiп-жетiлуiне және олардың
әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға
мiндеттi.
30-бап. Ерлi-зайыптылардың тек таңдау құқығы
1. Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ
тек ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдап алады не
ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге тұрғанға
дейiнгi тегiн сақтап қалады, не өз тегiне екiншi жұбайдың
тегiн қосады.
Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң
некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, тектердi қосуға
жол берiлмейдi.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншi жұбайдың
тегiн өзгертуiне әкеп соқпайды.
3. Неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар ортақ тектi
сақтауға немесе өздерiнiң некеге тұрғанға
дейiнгi тегiн қалпына келтiруге құқылы.
7-тарау. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк
құқықтары мен
мiндеттерi
1. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң
заңды режимi
31-бап. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi ұғымы
1. Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың
бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң
заңды режимi болып табылады.
2. Ерлi-зайыптылардың шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң
бiрлескен меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығы Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 224 және
225-баптарымен белгiленедi.
Ескерту. 31-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
32-бап. Ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi
1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiк
олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
2. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкiне
(ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiне) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының
еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және
санаткерлiк қызмет нәтижелерiнен тапқан табыстары,
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және
ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен
түскен кiрiстер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар,
сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай
төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не денсаулығының
өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтуына
және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген
сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлi- зайыптылардың ортақ
кiрiстерiнiң есебiнен сатып алынған жылжымалы және
жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, жарналар,
салымдар, несие мекемелерiне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға
салынған капиталдағы үлестер және ерлi-зайыптылар
некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген
мүлiк ол ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына
не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына
қарамастан, ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкi болып
табылады.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы
некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi,
балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа
да дәлелдi себептермен жеке кiрiсi болмаған жұбайға да
тиесiлi.
33-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану
және оған билiк ету
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және
оған билiк ету ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге
асырылады.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде
ерлi- зайыптылардың бiрi мәмiлелер жасасқан кезде екiншi жұбайының
келiсiмi керек болады.
Ерлi зайыптылардың бiреуi
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде
жасасқан мәмiлесiн сот басқа жұбайдың келiсiмi
болмауын дәлел етiп, тек оның талап етуiмен ғана және
басқа тараптың мәмiле жөнiнде бiлгендiгi немесе осы мәмiленi
жасасуға басқа жұбайдың күнi бұрын бiлуi
тиiс екендiгi дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы
мүмкiн.
3. Ерлi-зайыптылардың бiреуi жылжымайтын мүлiкке билiк ету жөнiнде
мәмiле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда
белгiленген тәртiппен тiркеудi талап ететiн мәмiле жасауы үшiн
басқа жұбайдың нотариат куәландырған келiсiмiн
алуы қажет.
Аталған мәмiле жасауға
нотариат куәландырған келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң
жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған
күннен бастап бiр жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз
деп тануды талап етуге құқылы.
34-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi
1. Мыналар ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi
болып табылады:
1) некеге тұрғанға дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына
тиесiлi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезеңiнде сыйлыққа,
мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де мәмiле жасау
бойынша тегiн алған мүлкi;
3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда,
некеде тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты
есебiнен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және
басқалар).
2. Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған
кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлiктi
сот олардың әрқайсысының меншiгi деп тануы мүмкiн.
35-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiн
олардың
бiрлескен ортақ мүлкi деп тану
Егер некеде тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкi немесе басқа жұбайдың мүлкi не
ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң
құнын едәуiр арттыратын салыным жүргiзiлгенi (күрделi
жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және
с.с.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының
мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылуы мүмкiн.
36-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың
кез келгенiнiң талап ету бойынша неке кезеңiнде де, ол бұзылғаннан
кейiн де, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi
ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы кредит
берушiнiң талабын мәлiмдеуi жағдайында да жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылар арасында
олардың келiсiмi бойынша бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың
қалауы бойынша олардың ортақ мүлiктi бөлу туралы
келiсiмi нотариат арқылы куәландырылуы мүмкiн.
3. Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн
бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың сол мүлiктегi үлестерiн
анықтау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн
бөлу кезiнде сот ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша
ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiк
берiлуге тиiс екендiгiн анықтайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне
құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе,
басқа жұбайға тиiсiнше ақшалай немесе өзге де өтемақы
берiлуi мүмкiн.
4. Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерiн қанағаттандыру
үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқ киiм, мектеп және
спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және
басқалары) бөлiнуге жатпайды және бала бiрге тұратын жұбайға
өтемақысыз берiледi.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң
есебiнен ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған
ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға
тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн
бөлген кезде есепке алынбайды.
5. Ерлi-зайыптылардың неке кезеңiндегi ортақ мүлкiн бөлген
жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң бөлiнбеген
бөлiгi, сондай-ақ ерлi- зайыптылардың одан кейiнгi неке кезеңiнде
тапқан мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.
6. Некесi бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн
бөлу туралы ерлi- зайыптылар талабына талап-арыз мерзiмi өтуiнiң
үш жылдық мерзiмi қолданылады.
37-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде
үлестердi анықтау
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы
мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде, егер олардың
арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi- зайыптылардың
әрқайсысының үлесi тең деп танылады.
2. Сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге
ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн
негiзге ала отырып, егер жұбайлардың бiрi дәлелсiз
себептермен табыс таппаса немесе ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiн
отбасының мүдделерiне залал келтiрiп жұмсаса,
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлестерiнiң
теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде
ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне
берiлген үлеске қарай бөлiнедi.
2. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң
шарттық режимi
38-бап. Неке шарты
Некеге тұрушы адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың
некедегi және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк
құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм
неке шарты деп танылады.
39-бап. Неке шартын жасасу
1. Неке шарты некеге тұруды мемлекеттiк тiркеуге дейiн де, неке кезеңiндегi
кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн.
Некеге тұруды мемлекеттiк тiркеуге дейiн
жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттiк тiркелген күннен
бастап күшiне енедi.
2. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға
тиiс.
40-бап. Неке шартының мазмұны
1. Ерлi-зайыптылар неке шартымен заңда белгiленген бiрлескен ортақ
меншiк режимiн (осы Заңның 32-бабы) өзгертуге,
ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне
немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне
бiрлескен, үлестiк немесе бөлектелген меншiк режимiн белгiлеуге құқылы.
Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда
бар мүлкi жөнiнде де, болашақтағы мүлкi жөнiнде
де жасалуы мүмкiн.
Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу
жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн,
бiр-бiрiнiң кiрiстерiне қатысу әдiстерiн, олардың әрқайсысының
отбасылық шығындар жасау тәртiбiн айқындауға;
неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына
берiлетiн мүлiктi белгiлеуге, сондай-ақ неке шартына
ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге
де кез келген ережелердi енгiзуге құқылы.
2. Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер
белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына
немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн.
3. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлетiн
немесе әрекет қабiлеттiлiгiн , олардың өз құқықтарын
қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын
шектей алмайды; ерлi зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды,
ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары
мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж
жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын
шектейтiн жағдайды көздей алмайды; ерлi-зайыптылардың бiреуiн
өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе
неке-отбасы заңдарының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа
да жағдайларды қамти алмайды.
41-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу
1. Неке шарты ерлi-зайыптылардың келiсiм бойынша кез келген уақытта
өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартын өзгерту
туралы немесе бұзу туралы келiсiм неке шартының өзi сияқты
нысанда жасалады.
Неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға
жол берiлмейдi.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiнде неке шартын өзгерту және
бұзу үшiн белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша соттың
шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
3. Неке шартында, неке тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге арналып
көзделген мiндеттердi қоспағанда, неке шартының қолданылуы
неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады (осы Заңның
22-бабы).
42-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану
1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiнде мәмiлелердiң жарамсыздығы үшiн көзделген
негiздер бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.
2. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiрiн өте қолайсыз
жағдайда қалдыратын болса, олардың бiрiнiң талап етуi
бойынша да сот неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Осы Заңның 40-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын
неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.
3. Ерлi-зайыптылардың
мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiгi
43-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлкiнен өндiрiп алу
1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша өндiрiп
алу тек сол жұбайының мүлкiне ғана жасалуы мүмкiн.
Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда кредит берушi өзiне
өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн
бөлу кезiнде борышкер жұбайға тиесiлi болатын борышкер жұбайдың
үлесiн бөлiп берудi талап етуге құқылы.
2. Өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi
бойынша, сондай-ақ сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң
мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының қажеттерiне
пайдаланғандығын анықтаса, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң
мiндеттемелерi бойынша да ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен
жасалады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда ерлi-
зайыптылар аталған мiндеттемелер бойынша өздерiнiң әрқайсысының
мүлкiмен бiрлесе отырып жауапты болады.
Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық
жолмен алған қаражат есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi
анықталса, өндiрiп алу тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкiнен немесе оның бiр бөлiгiнен жасалуы мүмкiн.
3. Ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтiрген
зиян үшiн жауапкершiлiгi азаматтық заңдармен белгiленедi.
Ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтiрген
зиянды өтеуi кезiнде олардың мүлкiнен өндiрiп алу осы
баптың 2-тармағына сәйкес жасалады.
44-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезiндегi
кредит берушiлердiң құқықтарына кепiлдiк
Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) айтарлықтай
өзгерген мән-жайларға байланысты Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм)
401-404-баптарында белгiленген тәртiппен ерлi-зайыптылар арасында жасалған
неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды талап
етуге құқылы.
3-бөлiм. Отбасы
8-тарау. Балалардың туу тегiн
белгiлеу
45-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары
мен
мiндеттерi туындауының негiздерi
Ата-аналардың және балалардың құқықтары
мен мiндеттерi балалардың заңмен белгiленген тәртiппен куәландырылған
тегiне негiзделедi.
46-бап. Баланың туу тегiн белгiлеу
1. Баланың анасы жағынан тегiн (анасы болуын) ананың
медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар
негiзiнде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда
- медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерiнiң
немесе өзге де айғақтардың негiзiнде азаматтық
хал актiлерiн жазу органы белгiлейдi.
2. Бiр-бiрiмен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу
тегi ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.
Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп
таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс
болған кезден бастап екi жүз жетпiс күн iшiнде туған жағдайда,
егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы
баланың әкесi болып танылады.
3. Егер баланың анасы баланың әкесi өзiнiң жұбайы
(бұрынғы жұбайы) емес деп мәлiмдесе, баланың әкесi
осы баптың 4-тармағында немесе осы Заңның 47-бабында көзделген
ережелер бойынша белгiленедi.
4. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы
баланың әкесi мен анасының азаматтық хал актiлерiн жазу
органына бiрлесiп арыз беруi жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке
қабiлетсiз деп танылған, анасының тұратын жерiн анықтау
мүмкiн болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан
айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы
органның келiсiмiмен бала әкесiнiң арызы бойынша, мұндай
келiсiм болмаған жағдайда - сот шешiмiмен белгiленедi.
Әке болуды анықтау туралы бiрлесiп
арыз беру бала туғаннан кейiн мүмкiн емес немесе қиын деп ұйғаруға
негiз беретiн мән-жайлар болған кезде болашақ баланың
бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүктi болған
кезде азаматтық хал актiлерiн жазу органына сондай арыз беруге құқылы.
Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейiн жасалады.
Егер анасының күйеуi емес еркектiң
әке екендiгi анық болып шықса, анасы босанғанға дейiнгi
және босанғаннан кейiнгi кезеңдердiң iшiнде өзiн
асырау жөнiндегi шығындарға одан тиiстi ақша қаражатын
сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының
мөлшерiн тараптардың материалдық, отбасылық және
назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерiн
негiзге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезiнде қолданылып
жүрген есептiк көрсеткiштiң еселенген арақатынасымен
сот белгiлейдi.
5. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнiнде әке
болуды белгiлеуге оның келiсiмiмен ғана, ал егер ол әрекетке қабiлетсiз
деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы
және қамқоршы органның келiсiмiмен ғана жол
берiледi.
47-бап. Әкелiктi сот тәртiбiмен белгiлеу
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда
және ата-ананың бiрлескен арызы немесе бала әкесiнiң
арыз болмаған кезде (осы Заңның 46-бабының 4-тармағы)
баланың нақты адамнан туу тегi (әке болуды) ата-аналарының
бiреуiнiң, бала қорғаншысының (қамқоршысының)
арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша,
сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейiнгi өз
арызы бойынша сот тәртiбiмен белгiленедi. Бұл жағдайда сот
баланың нақты адамнан туу тегiн анық растайтын айғақтарды
ескередi.
48-бап. Соттың әке болуды тану фактiсiн белгiлеуi
Өзiн баланың әкесiмiн деп таныған, бiрақ баланың
анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда
оның әке екенiн тану фактiсi азаматтық iс жүргiзу заңдарында
белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен белгiленуi мүмкiн.
49-бап. Баланың ата-анасын туу туралы жазбалар кiтабына
жазу
1. Бiр-бiрiмен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар
кiтабына олардың кез келгенiнiң арызы бойынша баланың
ата-анасы болып жазылады.
2. Егер ата-ана бiр-бiрiмен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы
жазба-анасының арыз бойынша, ал баланың әкесi туралы жазба
баланың әкесi мен анасының бiрлескен арызы бойынша немесе
бала әкесiнiң арызы бойынша (осы Заңның 46-бабының
4-тармағы) жүргiзiледi немесе әкесi соттың шешiмiне сәйкес
жазылады.
3. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың
бiрлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау
туралы сот шешiмi болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кiтабында
бала әкесiнiң тегi анасының тегi бойынша, бала әкесiнiң
аты-жөнi - бала анасының көрсетуi бойынша жазылады.
4. Некеде тұратын және бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн
немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде өз
келiсiмiн берген адамдар осы әдiстердi қолдану нәтижесiнде өздерiнде
бала туған жағдайда туу туралы жазбалар кiтабына оның
ата-анасы болып жазылады.
Суррогат ана
мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiстерi мәселелерiн құқықтық
реттеу Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгiленедi.
50-бап. Әке (ана) болуды даулау
1. Осы Заңның 49-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес
жүргiзiлген туу туралы жазбалар кiтабына ата-ананы жазу баланың әкесi
немесе анасы ретiнде жазылған адамның, iс жүзiнде баланың
әкесi немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке
толғаннан кейiн оның өзiнiң, бала қорғаншысының
(қамқоршысының), сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған
ата-ана қорғаншысының талап етуi бойынша тек сот тәртiбiмен
ғана даулануы мүмкiн.
2. Осы Заңның 49-бабының 2-тармағының негiзiнде
баланың әкесi болып жазылған адамның әке болуына
дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезiнде бұл адамға оның
iс жүзiнде баланың әкесi емес екендiгi айқын болса, қанағаттандырылмайды.
3. Заңда белгiленген тәртiппен бойға бала бiтiрудiң
жасанды әдiсiн немесе эмбрион имплантациясын қолдануға
жазбаша түрде келiсiм берген жұбайдың әке болуды даулау
кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы
жоқ.
Басқа әйелге эмбрион имплантациясына
келiсiм берген ерлi-зайыптылардың, сондай-ақ суррогат ананың
(осы Заңның 49-бабы 4-тармағының екiншi бөлiгi)
туу туралы жазбалар кiтабына ата-аналар жазылғаннан кейiн ана және әке
болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы
жоқ.
51-бап. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын адамдардан туған
балалардың құқықтары мен мiндеттерi
Осы Заңның 46-48-баптарында көзделген тәртiппен әке
екенi белгiленген жағдайда балалардың ата-аналары мен олардың
туыстарына қатысты бiр-бiрiмен некеде тұратын адамдардан туған
балалардағы сияқты құқықтары мен мiндеттерi
болады.
9-тарау. Баланың құқықтары
52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену
құқығы
1. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп
танылады.
2. Әрбiр баланың мүмкiн болғанынша отбасында өмiр
сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң
ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығына
құқығы, өзiнiң мүдделерiне қайшы
келетiн жағдайларды қоспағанда, олармен бiрге тұруға
құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуiне,
оның мүдделерiн қамтамасыз етуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне,
оның адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне
құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды
ата-ана құқығынан айырған жағдайда және
ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да
жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын
осы Заңның 13-тарауында белгiленген тәртiппен қорғаншы
және қамқоршы орган қамтамасыз етедi.
53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен
қарым-қатынас жасау құқығы
1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен,
аға- iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және
басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы
бар. Ата-анасы некесiнiң бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы
немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына
әсер етпеуге тиiс.
Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда
баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас
жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлi
мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз
ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы
бар.
2. Қысыл-таяң жағдайға ( ұсталу , тұтқындалу
, қамауға алыну , емдеу мекемесiнде болу және т.с.с ) ұшыраған
баланың заңда белгiленген тәртiппен өзiнiң
ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас
жасауға құқығы бар.
54-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
Бала отбасында өз мүддесiн қозғайтын кез келген мәселенi
шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген
сот немесе әкiмшiлiк iс қарау барысында тыңдалуға құқылы.
Он жасқа толған бала пiкiрi, егер бұл пiкiр оның мүдделерiне
қайшы келмейтiн болса, ескерiлуге мiндеттi. Осы Заңда (56, 70, 84,
86, 88, 97, 98, 122-баптар) көзделген жағдайларда қорғаншы
және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған
баланың келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.
55-бап. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және
тегiн алуға
құқығы
1. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және тегiн алуға
құқығы бар.
2. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы
адамдардың) келiсiмi бойынша қойылады, аты-жөнi әкесiнiң
аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып
берiледi.
Әкесi атын өзгерткен жағдайда
оның кәмелетке толмаған балаларының әкесiнiң
аты-жөнi өзгередi, ал кәмелетке толған балалардың
әкесiнiң аты- жөнi бұл туралы өздерi арыз берген
жағдайда өзгертiледi.
3. Баланың тегi ата-анасының тегiмен айқындалады. Ата-анасының
тегi әртүрлi болған жағдайда балаға ата-анасының
келiсiмi бойынша әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi.
Ата-анасының тiлегi бойынша балалардың
тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, әкесiнiң
немесе атасының атынан шығарылуы мүмкiн.
4. Баланың атына және (немесе) тегiне қатысты ата-ананың
арасында туындаған келiспеушiлiк сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Егер әкесi белгiленбесе, баланың аты анасының көрсетуi
бойынша қойылады, әкесiнiң аты-жөнi баланың әкесi
ретiнде жазылған адамның аты бойынша (осы Заңның
49-бабының 3-тармағы), тегi - анасының тегi бойынша берiледi.
6. Егер ата-анасының екеуi де белгiсiз болса, баланың тегiн, атын,
аты-жөнiн қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
56-бап. Баланың аты мен тегiн өзгерту
1. Ата-анасының екеуi де тегiн өзгерткен жағдайда кәмелетке
толмаған балалардың тегi өзгередi.
Бала он алты жасқа толғанға
дейiн ата-анасының бiрлескен өтiнiшi бойынша азаматтық хал
актiлерiн жазу органы баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың
атын, сондай-ақ оған берiлген тектi басқа ата-ананың
тегiне өзгертуге рұқсат беруге құқылы.
2. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда
балалар өздерiне туған кезде берiлген тектерiн сақтап қалады.
3. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бiрге тұратын
ата-анасының бiреуi оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе,
азаматтық хал актiлерiн жазу органы бұл мәселенi баланың
мүдделерiне қарай және ата-ананың екiншiсiнiң
пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау
мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқығынан
айырылған, әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайда,
сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелдi
себептерсiз жалтарған ретте оның пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
4. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және
әкесi заңды тәртiппен белгiленбесе, азаматтық хал
актiлерiн жазу органы, баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның
тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кездегi соның
тегiне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.
5. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегiн оның
келiсiмiмен ғана өзгертуге болады.
57-бап. Баланың ұлты
1. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады.
2. Егер ата-анасының ұлты әртүрлi болса, ол баланың
қалауы бойынша оған жеке басының куәлiгi немесе паспорт
берiлген кезде әкесiнiң немесе шешесiнiң ұлтымен айқындалады.
3. Одан әрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша басқа
ата-анасының ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.
58-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
1. Баланың осы Заңның 5-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен
және мөлшерде өзiнiң ата-анасынан және отбасының
басқа да мүшелерiнен асырау қаражатын алуға құқығы
бар.
2. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар
ретiнде тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы
адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және оны олар баланы
асырап-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге
жұмсайды.
3. Баланың өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiбiмен
алған кiрiстердi, мүлiктi, сондай-ақ баланың қаражатына
сатып алынған басқа да кез келген мүлiктi меншiктенуге құқығы
бар.
Өз еңбегiнен кiрiс алған бала,
егер ол ата-анасымен бiрге тұрса, отбасын асырау жөнiндегi шығыстарға
қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен
тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм)
22 және 23-баптарымен белгiленедi.
Ата-ананың бала мүлкiн басқару
жөнiндегi құқықтарын жүзеге асыруы кезiнде
оларға осы Заңның 114-бабында белгiленген ереже қолданылады.
4. Баланың ата-ана мүлкiне меншiк құқығы
болмайды, ата-ананың баланың мүлкiне меншiк құқығы
болмайды. Бiрге тұратын балалар мен ата-аналар бiр- бiрiнiң мүлкiн
өзара келiсiм бойынша иеленiп, пайдалана алады.
5. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншiк құқығы
пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлiктi
иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы
азаматтық заңдарда белгiленедi.
59-бап. Баланың қорғалу құқығы
1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғауға құқығы бар.
Баланың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-анасы (олардың
орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы
және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге
асырады.
Кәмелетке толғанға дейiн заңға
сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке
толмаған адамның өз құқықтары мен
мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын
өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың)
тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы
бар.
Баланың құқықтары
мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде
ата- анасының (олардың бiреуiнiң немесе олардың орнындағы
адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм
беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы кезiнде немесе тиiстi дәрежеде
орындамауы кезiнде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын
терiс пайдалану кезiнде бала қорғаншы және қамқоршы
органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өзiнiң
құқықтарын қорғау үшiн өз
бетiнше өтiнiш жасауға құқылы.
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi
туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң
бұзылғандығы туралы белгiлi болған ұйымдардың
лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнiнде баланың
iс жүзiнде тұратын жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы
органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған
жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган
баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға
мiндеттi.
10-тарау. Ата-аналардың құқықтары
мен мiндеттерi
60-бап. Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерiнiң
теңдiгi
1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары
тең және мiндеттерi (ата-ана құқықтары) тең
болады.
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары
балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ
кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.
61-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бiрге тұруға
және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы
бар.
2. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар
бала туған жағдайда және олардың ана және
(немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздерi он
алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз
бетiнше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке
толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейiн қорғаншы
және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды,
ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бiрге оны тәрбиелеудi
жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке
толмаған ата-ананың арасында туындаған келiспеушiлiктi қорғаншы
және қамқоршы орган шешедi.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негiздерде өздерiнiң
әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға
құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт
жасқа толғаннан кейiн сот тәртiбiмен өз балаларына қатысты
әке болуын анықтауды талап етуге құқығы
бар.
62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға
бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық
жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы
бар және оған мiндеттi.
Ата-аналардың басқа да барлық
адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге
басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар өздерiнiң
қабiлеттерi мен қаржылық мүмкiндiктерiнiң
шегiнде, оның дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан
дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз
ету үшiн негiзгi жауапкершiлiкте болады.
3. Ата-аналар балалардың орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге
мiндеттi.
Ата-аналардың балалардың пiкiрiн
ескере отырып, орта бiлiм алғанға дейiн бiлiм беру мекемесi мен
балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы
бар.
4. Балалардың тәрбиесi мен бiлiм алуына қатысты барлық
мәселелердi балалардың мүдделерiн негiзге алып және
балалардың пiкiрiн ескере отырып, өзара келiсiмi бойынша ата-аналар
шешедi. Ата-аналардың арасында келiспеушiлiк болған жағдайда
олар (олардың бiреуi) бұл келiспеушiлiктердi шешу үшiн қорғаншы
және қамқоршы органға немесе сотқа жүгiнуге
құқылы.
63-бап. Балалардың құқықтары мен мүдделерiн
қорғау
жөнiндегi ата-аналардың құқықтары мен
мiндеттерi
1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкiлi болып табылады
және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты,
оның iшiнде соттарда арнаулы өкiлеттiксiз олардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар
мен балалар мүдделерiнiң арасында қайшылық барын анықтаса,
ата-аналардың өз балаларының мүдделерiн бiлдiруге құқығы
жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келiспеушiлiк болған
жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган
балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерiн
көздей
отырып жүзеге асыру
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерiне қарама-қайшы
жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерiн қамтамасыз
ету олардың ата-аналары қамқорлығының негiзгi мәнi
болуға тиiс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге
асыру кезiнде ата-аналар балалардың дене және психикалық
денсаулығына, олардың адамгершiлiк жағынан дамуына зиян
келтiруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдiстерiнде
адамның қадiр-қасиетiн кемсiтетiн немқұрайлылық,
қатыгездiк, дөрекiлiк, балаларды қорлау немесе қанау
болмауға тиiс.
Ата-ана құқықтарын
балалардың құқықтары мен мүдделерiне нұқсан
келтiре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгiленген тәртiппен
жауап бередi.
65-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас
жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың бiлiм алуы мәселелерiн
шешуге қатысуға құқығы бар.
Бала бiрге тұратын ата-ана, егер мұндай
қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық
денсаулығына, оның адамгершiлiк дамуына зиян келтiрмесе, баланың
екiншi ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергi болмауға
тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың
тұратын жерi ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған жағдайда
ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерiн
негiзге алып және балалардың пiкiрiн ескере отырып сот шешедi. Бұл
орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi
мен апа- сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың
жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн,
ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған
қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшiн
балаға жағдай жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң
түрi, жұмыс режимi, материалдық және отбасылық жағдайы
және т.с.с) ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын
жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм жасасуға
құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса,
ата-аналардың (олардың бiреуiнiң) талап етуi бойынша дауды қорғаншы
және қамқоршы органның қатысуымен сот шешедi.
4. Соттың шешiмi орындалмаған жағдайда кiнәлi ата-анаға
заңдарда көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған
жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуi
бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың
пiкiрiн ескере отырып, баланы соған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы
тәрбие, емдеу мекемелерi мен басқа да мекемелерден ақпарат
алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың
өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана
бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен
дау айтылуы мүмкiн.
66-бап. Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап
етуге құқығы
1. Ата-аналар заң немесе сот шешiмi негiзiнсiз баланы өз қолында
ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы.
Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын
қорғау үшiн сотқа шағымдануға құқылы.
Бұл тараптарды қарау кезiнде сот
баланы ата-анасына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға
келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан
бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да
оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы
жоқ екендiгiн анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы
органның қамқорлығына бередi.
11-тарау. Ата-ана құқықтарынан
айыру және оларды шектеу
67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар (олардың бiреуi):
1) ата-ана мiндеттерiн орындаудан, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана
жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлiмшесiнен) не өзге де
балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелдi
себептерсiз бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат
жасаса;
4) балаларға қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде олардың
денесiне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың
жыныстық пәктiгiне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгiленген тәртiппен маскүнемдiкпен, нашақорлықпен
және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса,
олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкiн.
2. Өз балаларының не жұбайының өмiрiне немесе
денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған
жағдайда ата-аналар (олардың бiреуi) ата-ана құқығынан
айырылуы мүмкiн.
68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
Ата-ана құқығынан айыру
туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң (олардың орнындағы
адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың
немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы
органдардың, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi
комиссияның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған мекемелердiң және
басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың
талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстер прокурор мен қорғаншы
және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстi қарау
кезiнде сот ата-ана құқығынан айырылған
ата-аналардан (олардың бiреуiнен) алимент өндiрiп алу туралы мәселенi
шешедi.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы iстi қарау
кезiнде ата- аналардың (олардың бiреуiнiң) iс-әрекетiнен
қылмыстық жазаланатын әрекеттi байқаса, мұны жеке
қаулымен прокурор назарына жеткiзуге мiндеттi.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың
шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күннiң
iшiнде бұл шешiмнiң көшiрмесiн баланың тууын
мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы мен қорғаншы
және қамқоршы органға жолдауға мiндеттi.
69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық
фактiсiне негiзделген барлық құқықтардан, оның
iшiнде одан асырауға қаражат алу (осы Заңның 131бабы),
сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер
мен мемлекеттiк жәрдемақылар алу құқықтарынан
айырылуға әкеп соғады.
2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз
баласын асырау мiндетiнен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған
ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы мәселе сот тәртiбiмен
шешiледi.
4. Ата-анасы (олардың бiреуi) ата-ана құқықтарынан
айырылған бала ата- анасымен және басқа да туыстарымен туыстық
фактiсiне, оның iшiнде мұра алу құқығына
негiзделген тұрғын үй-жайға меншiк құқығын
немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын,
сондай-ақ мүлiктiк құқықтарын сақтап қалады.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде
немесе ата- анасының екеуi де ата-ана құқықтарынан
айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы
органның қамқорлығына берiледi.
6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының
(олардың бiреуiнiң) өтiнiшi бойынша қорғаншы және
қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал
етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.
7. Ата-анасы (олардың бiреуi) ата-ана құқықтарынан
айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың
бiреуiн) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiм шығарған
күннен бастап кемiнде алты ай өткенде жол берiледi.
70-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру
1. Егер ата-аналар (олардың бiреуi), мiнез-құлқын, тұрмыс
салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе,
олардың ата-ана құқықтары қалпына
келтiрiлуi мүмкiн.
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртiбiмен жүзеге
асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру
туралы iстер қорғаншы және қамқоршы органдардың,
сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.
3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың
мүдделерiне қайшы келсе, сот баланың пiкiрiн ескере отырып,
ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы
ата-ананың (олардың бiреуiнiң) талап-арызын қанағаттандырудан
бас тартуға құқылы.
Он жасқа толған бала жөнiндегi
ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың келiсiмiмен
ғана жасалуы мүмкiн.
Егер бала асырап алынған болса және
баланы асырап алудың күшi жойылмаса (осы Заңның
96-бабы), ата-ана құқықтарын қалпына келтiруге
жол берiлмейдi.
71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың
бiреуiнен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу
жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешiм шығара
алады.
2. Егер баланың ата-аналармен (олардың бiреуiмен) қалуы:
1) ата-аналарға (олардың бiреуiне) байланысты емес мән-жайлар
(психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың
және с.с. салдары) бойынша бала үшiн қауiптi болса;
2) олардың мiнез-құлқының салдары бала үшiн
қауiптi болса, алайда ата- аналарды (олардың бiреуiн) ата-ана құқықтарынан
айыру үшiн жеткiлiктi негiздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын
шектеуге жол берiледi. Егер ата-аналар (олардың бiреуi) өз мiнез-құлқын
өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган
ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешiмi шыққаннан
кейiн алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан
айыру туралы талап қоюға мiндеттi. Баланың мүдделерiне
сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы
мерзiм аяқталғанға дейiн ата-аналарды (олардың бiреуiн)
ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға
құқылы.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың
жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын
қорғау мiндетi заңмен жүктелген органдар мен мекемелер
(осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейiнгi ұйымдар,
орта бiлiм беретiн ұйымдар және басқа да мекемелер, сондай-ақ
прокурор қоя алады.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер прокурор мен қорғаншы
және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қаралған
кезде сот ата- аналардан (олардың бiреуiнен) балаға алимент өндiрiп
алу туралы мәселенi шешуге құқылы.
Ескерту. 71-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2007.07.27 N 320 (қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
72-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудiң салдары
1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аталар баланы
жеке өзi тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал
71-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген
жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген
жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақылар алу құқығынан
да айрылады.
2. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау
жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
3. Өзiне қатысты ата-аналарының (олардың бiреуiнiң)
ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға
меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ
ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық
фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқығын, соның
iшiнде мұра алу құқығын сақтап қалады.
4. Ата-анасының екеуiнiң де ата-ана құқықтары
шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы
органның қамқоршылығына берiледi.
5. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға,
егер олар балаға зиянды әсерiн тигiзбесе, баламен қатысуға
рұқсат етiлуi мүмкiн. Ата- аналардың баламен қатысуына
қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының
(қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушiлерiнiң
немесе бала тұратын мекеме әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жол
берiледi.
73-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн
жою
1. Егер ата-аналардың (олардың бiреуiнiң) ата-ана құқықтары
шектелген негiздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың бiреуiнiң)
талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың бiреуiне) қайтарып
беру туралы және осы Заңның 72-бабында көзделген
шектеулердiң күшiн жою туралы шешiм шығара алады.
2. Егер ата-анасына (олардың бiреуiне) баланы қайтарып беру оның
мүдделерiне қайшы келетiн болса, сот баланың пiкiрiн ескере
отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
74-бап. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына
тiкелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу
1. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер
төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы
орган баланы ата-аналардан (олардың бiреуiнен) немесе оны қамқоршылыққа
алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.
Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының тиiстi
актiсi негiзiнде қорғаншы және қамқоршы орган жүргiзедi.
2. Баланы айырып алу кезiнде қорғаншы және қамқоршы
орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша
орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы
республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi
атқарушы органының актiсi шыққаннан кейiн жетi күн
iшiнде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан
айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу
туралы талап қоюға мiндеттi.
Ескерту. 74-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
75-бап. Баланы айырып алуға байланысты iстер бойынша сот
шешiмдерiн орындау
1. Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға
(адамдарға) беруге байланысты шешiмдi мәжбүрлеп орындау қорғаншы
және қамқоршы органның және баланы алатын адамның
(адамдардың) мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болған
жағдайларда iшкi iстер органдары өкiлiнiң қатысуымен,
ал қажет болған жағдайларда iшкi iстер органдары өкiлiнiң
қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.
2. Баланы беру туралы сот шешiмiн оның мүдделерiне нұқсан
келтiрмей орындау мүмкiн болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен
тәрбие, емдеу мекемесiне немесе басқа мекемеге уақытша
орналастырылуы мүмкiн.
12-тарау. Бала асырап алу
76-бап. Бала ретiнде асырап алуға жол берiлетiн балалар
1. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және
солардың мүдделерiне сәйкес қана ұл асырап алуға
немесе қыз асырап алуға жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл
балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге
беру мүмкiн болмаған жағдайларда ғана шетелдiктерге
асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының
азаматтығы мен тұрғылықты жерiне қарамастан
асырап алуға берiлуi мүмкiн. Z100253
Балалар Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдiктерге
аталған балалар осы Заңның 101-бабының 3-тармағына
сәйкес орталықтандырылған есепке қойылған күннен
үш ай өткеннен соң асырап алуға берiлуi мүмкiн.
3. Бала асырап алғысы келетiн шетелдiктер баланы жеке өзi таңдап
алуға, онымен кемiнде екi апта бойы тiкелей жақын араласуға, қорғаншы
және қамқоршы органға баланы асырап алғысы
келетiнi туралы жазбаша арыз, сондай-ақ мемлекеттiк лицензиялар негiзiнде
осындай қызметтi жүзеге асыратын агенттiктер беретiн ықтимал
ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты, отбасы жағдайы,
денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершiлiк қасиеттерi
туралы анықтама беруге мiндеттi.
77-бап. Баланы асырап алу тәртiбi
1. Баланы асырап алуды бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдардың
(адамның) арызы бойынша сот жүргiзедi. Бала асырап алу туралы
iстердi сот азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген
ережелер бойынша ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен жүргiзедi.
Балаларды асырап алу туралы iстердi сот қорғаншы
және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.
2. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары
мен мiндеттерi (осы заңның 89-бабы) баланы асырап алу туралы сот
шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап туындайды.
Сот баланы асырап алу туралы соттың шешiмi
заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде
осы шешiмнiң көшiрмесiн шешiм шығарған орны бойынша
азаматтық хал актiлерiн жазатын орган мен қорғаншы және
қамқоршы органға жiберуге мiндеттi.
Бала асырап алу азаматтық хал актiлерiнiң
мемлекеттiк тiркеуi үшiн белгiленген тәртiппен мемлекеттiк
тiркелуге тиiс.
78-бап. Асырап алынуға тиiстi балаларды және бала асырап
алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке алу
1. Асырап алынуға тиiстi балаларды есепке алу осы Заңның
101-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
2. Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке алу облыстық
(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы
органдар белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тiлек бiлдiрген
шетелдiктердi есепке алу Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 78-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
79-бап. Бiрнеше бала асырап алу
1. Бiр адамның ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi (қарындасты)
болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ
бiрнеше баланы асырап алуына болады.
Өзара туыстық қатынасы жоқ
асырап алынған балалардың арасында ағалы-iнiлi және
апалы-сiңлiлi (қарындасты) сияқты құқықтар
мен мiндеттер пайда болады.
2. Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн жағдайларды қоспағанда,
ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлердi (қарындастарын) әртүрлi
адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.
80-бап. Бала асырап алуға құқығы бар адамдар
1. Бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың
қалыпты дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар
болған кезде рұқсат етiледi.
2. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет
қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарды;
2) сот бiреуiн әрекетке қабiлетсiз
немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған
ерлi-зайыптыларды;
3) сот арқылы ата-ана құқықтарынан
айырылған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген
адамдарды;
4) өзiне заңмен жүктелген
мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншылық
(қамқоршылық) мiндеттерден шеттетiлген адамдарды;
5) егер өз кiнәлары бойынша сот
шешiмiмен бала асырап алудың күшi жойылса, бұрынғы бала
асырап алушы адамдарды;
6) денсаулық жағдайы бойынша ата-ана
құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда,
қай жыныстан болса да кәмелетке толған адамдар бала асырап
алушылар бола алады. Баланы асырап алуға, оны қорғаншылығына
(қамқоршылығына) алуға, патронатқа алуға
болмайтын адамның бойындағы ауруларының тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын адамдардың белгiлi бiр баланы бiрлесiп
асырап алуына болмайды.
81-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың
арасындағы жас айырмасы
1. Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас
айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиiс. Сот дәлелдi деп таныған
себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкiн.
2. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алғанда, осы
баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасы талап етiлмейдi.
82-бап. Бала асырап алуға ата-аналардың, қорғаншылар
мен
қамқоршылардың келiсiмi
1. Баланы асырап алу үшiн оның ата-аналарының келiсiмi қажет.
Жасы он алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың
баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының
немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының),
патронат тәрбиешiлерiнiң келiсiмi, ал ата-аналары немесе қорғаншылары
(қамқоршылары) болмаған жағдайда - қорғаншы
және қамқоршы органның келiсiмi қажет.
2. Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариат куәландырған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
бала тұратын мекеменiң басшысы растаған не бала асырап алу жүргiзiлген
орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жерiндегi қорғаншы
және қамқоршы орган бекiткен арызда көрсетiлуге тиiс,
сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей
бiлдiрiлуi мүмкiн.
Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға
дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң
күшiн жоюға құқылы.
3. Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ
баланы асырап алуына келiсiм беруi мүмкiн. Қорғаншы және
қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделерiне
сай келетiнi туралы қорытынды бередi. Мұндай қорытынды баланы
оның өгей әкесi (өгей шешесi) асырап алған кезде
талап етiлмейдi.
4. Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған
балаларды асырап алу үшiн олардың қорғаншыларының
(қамқоршыларының) жазбаша түрдегi келiсiмi қажет.
5. Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан балаларды асырап
алу үшiн патронат тәрбиешiлерiнiң жазбаша түрдегi
келiсiмi қажет.
6. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
тәрбие, емдеу мекемелерi мен басқа да мекемелердегi балаларды
асырап алу үшiн осы мекемелер басшыларының жазбаша түрдегi
келiсiмi қажет.
7. Сот баланың мүдделерiн көздей отырып, оны асырап алу
туралы осы баптың 1, 4-6-тармақтарында аталған адамдардың
келiсiмiнсiз шешiм шығаруға құқылы.
83-бап. Баланы ата-аналарының келiсiмiнсiз асырап алу
Егер ата-аналарын:
1) сот белгiсiз немесе өлген,
хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабiлетсiз деп
таныса;
3) сот ата-ана құқықтарынан
айырса (осы Заңның 69-бабының 7-тармағындағы
талаптар сақталған жағдайда);
4) баламен бiрге тұрмайтын және сот
дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт
бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың
баланы асырап алуға келiсiмi талап етiлмейдi.
84-бап. Асырап алуға баланың келiсiмi
1. Он жасқа толған баланы асырап алу үшiн оның келiсiмi
қажет.
Баланың асырап алынуға келiсiмiн сот
белгiлейдi.
2. Егер бала асырап алу туралы арыз берiлгенге дейiн бала асырап алушының
үйiнде тұрып, оны өзiнiң ата-анасы деп есептейтiн
болса, асырап алуға баланың келiсiмi бар деп ұйғарылады.
85-бап. Бала асырап алуға ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң
келiсiмi
1. Егер баланы ерлi-зайыптылардың екеуi бiрдей асырап алмаса, баланы
ерлi-зайыптылардың бiреуi асырап алған кезде бала асырап алуға
ерлi- зайыптылардың екiншiсiнiң жазбаша келiсiмi талап етiледi.
2. Егер ерлi-зайыптылар отбасылық қатынастарды iс жүзiнде тоқтатып,
бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса және екiншi жұбайының
тұрғылықты жерi белгiсiз болса, бала асырап алу үшiн
екiншi жұбайдың келiсiмi талап етiлмейдi.
86-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және
тегi
1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты және
тегi сақталады.
2. Бала асырап алушының өтiнiшi бойынша, егер бұл баланың
мүдделерiне қайшы келмейтiн болса, асырап алынған балаға
бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол ұсынған ат
берiледi. Асырап алынған баланың әкесiнiң аты болып,
егер бала асырап алушы еркек болса, асырап алушының аты, ал егер асырап
алушы әйел болса, асырап алынған баланың әкесi ретiнде
сол әйел ұсынған адамның аты танылады. Егер бала асырап
алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап
алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмдерi бойынша, асырап алынған балаға
олардың бiреуiнiң тегi берiледi.
3. Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған жағдайда, оның
өтiнiшi бойынша туу туралы кiтапқа асырап алынған бала
шешесiнiң (әкесiнiң) тегi, аты мен әкесiнiң аты
осы адамның (бала асырап алушының) көрсетуi бойынша жазылады.
4. Бала асырап алудың құпиялылығы талап еткен жағдайларды
қоспағанда, он жасқа жеткен асырап алынған баланың
тегi, аты мен әкесiнiң аты тек сол баланың келiсiмiмен ғана
өзгертiлуi мүмкiн.
5. Асырап алынған баланың тегi, аты және әкесiнiң
аты өзгертiлгенi туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
87-бап. Асырап алынған баланың туған күнi мен туған
жерiнiң өзгертiлуi
1. Бала асырап алудың құпиялылығын қамтамасыз ету
үшiн бала асырап алушының өтiнiшi бойынша асырап алынған
баланың туған күнi, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге,
сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн.
Асырап алынған баланың туған күнiн
өзгертуге үш жасқа дейiнгi бала асырап алынған кезде ғана
жол берiледi.
2. Асырап алынған баланың туған күнiнiң және
(немесе) туған жерiнiң өзгертiлуi жөнiнде бала асырап
алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
88-бап. Бала асырап алғандарды асырауға алынған баланың
ата-анасы ретiнде жазу
1. Бала асырап алушылардың өтiнiшi бойынша сот туу туралы жазбалар
кiтабына бала асырап алушыларды өздерi асырап алған баланың
ата-анасы ретiнде жазу туралы шешiм қабылдай алады.
2. Осы Заңның 84-бабының 2-тармағында көзделген
жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап
алынған балаға қатысты мұндай жазба жасау үшiн
оның келiсiмi қажет.
3. Мұндай жазба жүргiзу қажеттiлiгi жөнiнде баланы асырап
алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
89-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары
1. Асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары
бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала
асырап алушылар және олардың туыстары асырап алынған балалар
мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша жеке мүлiктiк
емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттер
жағынан тегi бiр туыстарға теңестiрiледi.
2. Асырап алынған балалар өздерiнiң ата-аналарына (өздерiнiң
туыстарына) қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк
құқықтарынан айрылады және олар жөнiндегi
мiндеттерден босатылады.
3. Баланы бiр адам асырап алған жағдайда, егер бала асырап алушы
еркек болса, шешесiнiң тiлегi бойынша, егер бала асырап алушы әйел
болса, әкесiнiң тiлегi бойынша жеке мүлiктiк емес және
мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердiң сақталуы
мүмкiн.
4. Асырап алынған баланың меншiгiндегi мүлiктiң сақталуы
үшiн бала асырап алушы жауапты болады. Бала асырап алудан бас тартқан
жағдайда бұл мүлiктi қайтару жөнiндегi мiндет те
бала асырап алушыға жүктеледi.
5. Асырап алынған баланың ата-анасының бiреуiмен немесе қайтыс
болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастары сақталуы
жөнiнде баланы асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала
асырап алудың, осы баланың туу туралы акт жазбасындағы бала
асырап алушылардың ата-анасы ретiнде жазылуына қарамастан, құқықтық
салдары пайда болады.
90-бап. Асырап алынған баланың зейнетақы мен жәрдемақы
алу
құқығының сақталуы
Асырап алынар кезiнде ата-анасының қайтыс болуына байланысты өзiне
тиесiлi зейнетақы мен жәрдемақы алуға құқығы
бар бала бұл құқықты асырап алынған жағдайда
да сақтап қалады.
91-бап. Бала асырап алудың құпиялылығы
1. Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады.
Бала асырап алу туралы шешiм шығарған
судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған
лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде
хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын
сақтауға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған, бала асырап алудың құпиялылығын
оны асырап алушылардың еркiне қарамай жария еткен адамдар заңда
белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
92-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану
1. Бала асырап алу:
1) асырап алу туралы шешiм жалған құжаттар
негiзiнде қабылданған;
2) заң бойынша мiндеттi болса да (осы Заңның
82-бабы), бала асырап алу ата-аналардың келiсiмiнсiз жасалған;
3) некеде тұрған адам жұбайының
келiсiмiнсiз бала асырап алған;
4) осы Заңның 80-бабының
2-тармағында көзделген ережелер бұзылған жағдайларда
жарамсыз деп танылады.
2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы iстi сот қорғаншы және
қамқоршы органның қатысуымен қарайды.
93-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап
етуге құқығы бар адамдар
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асырап алынушының
ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға
байланысты құқықтары бұзылған адамдар,
прокурор, қорғаншы және қамқоршы орган қоюға
құқылы.
94-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары
1. Бала асырап алу туралы сот шешiмi шыққан кезден бастап бала
асырап алу жарамсыз деп танылады.
2. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, асырап алынған
баланың және асырап алушылардың (бала асырап алушылар
туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi
тоқтатылады және егер мұны баланың мүдделерi қажет
етсе, баланың және оның ата-анасының (оның
туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi
қалпына келтiрiледi.
3. Ата-ананың талап етуi бойынша балаға бұрынғы аты, әкесiнiң
аты және тегi берiледi.
4. Сот бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы соттың шешiмi заңды
күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде осы шешiмнiң
үзiндiсiн бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық
хал актiлерiн жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы
органдарға жiберуге мiндеттi.
95-бап. Бала асырап алудың күшiн жоюға негiздер
1. Бала асырап алушылар өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындаудан
жалтарған, ата-ана құқықтарын терiс пайдаланған,
асырап алынған балаға қатал қараған, соның iшiнде
оған күш қолданып немесе психикалық зорлық-
зомбылық етiп, жыныстық пәктiгiне қастық жасаған,
маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен
ауырады деп танылған жағдайларда, баланы асырап алудың күшi
жойылуы мүмкiн.
2. Сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың
пiкiрiн ескере отырып, басқа да негiздер бойынша баланы асырап алудың
күшiн жоюға құқылы.
96-бап. Бала асырап алудың күшiн жою
1. Бала асырап алудың күшiн жою сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
2. Бала асырап алудың күшiн жою туралы iс қорғаншы және
қамқоршы органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен
қаралады.
3. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне
енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.
Сот бала асырап алудың күшiн жою
туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн
iшiнде осы шешiмнiң үзiндiсiн бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу
орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын орган мен қорғаншы
және қамқоршы органдарға жiберуге мiндеттi.
97-бап. Бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы
бар адамдар
Бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге оның ата-аналарының,
бала асырап алушылардың, он төрт жасқа толған асырап
алынған баланың, қорғаншы немесе қамқоршы
органның, сондай-ақ баланың мүдделерiне сай прокурордың
құқығы бар.
98-бап. Бала асырап алудың күшiн жоюдың салдары
1. Сот бала асырап алудың күшiн жойған кезде, асырап алынған
баланың және баланы асырап алғандардың, бала асырап
алушылар туыстарының өзара құқықтары мен
мiндеттерi тоқтатылады және егер баланың мүдделерi
талап етсе, бала мен оның ата-анасының (оның туыстарының)
өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына
келтiрiледi.
2. Бала асырап алудың күшi жойылған кезде бала сот шешiмi
бойынша ата- анасына берiледi. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ
баланы ата-анасына беру оның мүдделерiне қайшы келсе, бала қорғаншы
және қамқоршы органның қамқоршылығына
берiледi.
3. Сот баланың асырап алынуына байланысты оған берiлген аты, әкесiнiң
аты және тегi сақталу-сақталмау мәселесiн де шешедi.
Он жасқа толған баланың атын, әкесiнiң
атын немесе тегiн тек оның келiсiмiмен ғана өзгерту мүмкiн
болады.
4. Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Заңның
125 және 127-баптарында белгiленген мөлшерде бұрынғы
бала асырап алушыны баланы асырауға қаражат төлеп тұруға
мiндеттеуге құқылы.
99-бап. Асырап алынған бала кәмелетке толғаннан кейiн бала
асырап алудың күшiн жоюға жол бермеу
Егер бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қойылған
кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, баланы асырап алудың
күшiн жоюға жол берiлмейдi, бұған мұндай күшiн
жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың өзара
келiсiмi, сондай-ақ асырап алынған баланың ата-анасының,
егер олары тiрi болса, сот ата-ана құқықтарынан айырмаған
немесе әрекетке қабiлетсiз деп танымаған болса, олардың
да келiсiмi болған жағдайлар қосылмайды.
4-бөлiм. Қорғаншылық
және қамқоршылық
13-тарау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды
анықтау және орналастыру
100-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалардың
құқықтары мен мүдделерiн қорғау
1. Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан
айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының
шектелуi, ата-анасының әрекетке қабiлетсiз деп танылуы,
ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ
уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе
олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан
жалтаруы, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және
басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын
алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы
болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғау қорғаншы және қамқоршы
органдарға жүктеледi.
2. Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды,
осындай балалардың есебiн алуды жүргiзедi және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын
негiзге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды
(осы Заңның 102-бабы), сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу
және бiлiм беру жағдайларына одан әрi бақылау жасауды жүзеге
асырады.
Қорғаншы және қамқоршы
органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды орналастыру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың
қызметiне жол берiлмейдi.
101-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды
анықтау және есепке алу
1. Осы Заңның 100-бабының 1-тармағында аталған
балалар туралы мәлiметтер бар мекемелердiң (мектепке дейiнгi ұйымдар,
орта бiлiм беретiн ұйымдар, емдеу және басқа да мекемелердiң)
лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы
және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған
жерiн хабарлауға мiндеттi.
Қорғаншы және қамқоршы
орган осындай мәлiметтер алған күннен бастап үш күн
iшiнде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргiзуге және
ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы
жоқ екендiгi фактiсi анықталған кезде баланы орналастыру
туралы мәселе шешiлгенге дейiн оның құқықтары
мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа
да мекемелердiң басшылары, баланы отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн
екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде
бұл туралы осы мекеменiң тұрған жерi бойынша қорғаншы
және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi.
3. Қорғаншы және қамқоршы
орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мәлiметтер
түскен күннен бастап бiр ай iшiнде баланы орналастыруды қамтамасыз
етедi (осы Заңның 102-бабы) және баланы отбасына тәрбиелеуге
беру мүмкiндiгi болмаған кезде орталықтандырылған
есепке алу үшiн және кейiннен баланы Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем
көрсету үшiн осындай бала туралы мәлiметтi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiстiң бiлiм беру басқармасының органына жiбередi.
Балаларды орталықтандырылған есепке
алуды ұйымдастыру тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында
көзделген мiндеттердi орындамағаны үшiн, сондай-ақ бала
туралы көпе-көрнеу жалған мәлiметтер бергенi үшiн
лауазымды адамдар заңда белгiленген тәртiппен жауапқа
тартылады.
Ескерту. 101-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27
N 320 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңымен .
102-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды
орналастыру
1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалар асырап алынып, отбасына тәрбиеленуге, қорғаншылыққа
(қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай
мүмкiндiк болмаған кезде, жетiм балаларға немесе ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған барлық үлгiдегi (тәрбие, емдеу және басқа
да) мекемелерге берiлуге тиiс.
Баланың мүддесiне сай оны
орналастыру кезiнде оның этникалық шығу тегi, белгiлi бiр
дiнге және мәдениетке жататындығы, ана тiлi, тәрбие мен
бiлiм берудегi сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкiндiгi
ескерiлуi мүмкiн.
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды, осы баптың 1-тармағында аталған
отбасына немесе мекемеге тәрбиелеуге орналастырылғанға дейiн
балаларға қорғаншылық (қамқоршылық)
мiндеттерiн атқару қорғаншы және қамқоршы
органдарға уақытша жүктеледi.
14-тарау. Қорғаншылықты
және қамқоршылықты белгiлеу
тәртiбi
103-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық
белгiленетiн адамдар
1. Қорғаншылық және қамқоршылық
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (осы Заңның
101-бабының 1-тармағы) балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу
және бiлiм беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк
және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн
қорғау үшiн белгiленедi.
2. Қорғаншылық және қамқоршылық
әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке
толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк
емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн
де белгiленедi.
104-бап. Қорғаншылық
1. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған
балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан
немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнен сот әрекетке қабiлетсiз
деп таныған адамдарға белгiленедi.
2. Қорғаншылық қайтыс
болған немесе соттың шешiмiмен өлдi немесе хабарошарсыз
кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке
қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке
толған адамның мүлкiне тағайындалады.
Егер қорғаншылық және қамқоршылық
белгiленген адамның басқа жерде мүлкi болса, онда осы мүлiктi
басқару үшiн қорғаншы және қамқоршы
органдар мүлiктiң тұрған жерiнде қорғаншы
тағайындай алады.
105-бап. Қамқоршылық
1. Қамқоршылық он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi
кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спирттi iшiмдiктерге
немесе есiрткi заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабiлеттiлiгi
шектеулi деп таныған адамдарға белгiленедi.
2. Денсаулығының жай-күйiне
байланысты өзiнiң құқықтарын өз бетiнше
жүзеге асыра алмайтын және мiндеттердi орындай алмайтын кәмелетке
толған әрекет қабiлеттiлiгi адамдардың арызы бойынша
оларға қамқоршылық белгiленуi мүмкiн.
106-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдар
1. алып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.
2. Республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергiлiктi атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiндегi өз функцияларын:
- кәмелетке толмағандарға қатысты
бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың жергiлiктi уәкiлеттi
органдары арқылы;
- кәмелетке толғандарға қатысты
халықты әлеуметтiк қорғаудың жергiлiктi уәкiлеттi
органдары арқылы жүзеге асырады.
3. Қорғаншы және қамқоршы
органдар баланың және оны тәрбиелеуге үмiткер адамның
(адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргiзуге және
зерттеу актiсiн сотқа табыс етуге мiндеттi.
4. Қорғаншы және қамқоршы
органдар өздерiнiң мiндеттерiн осы органдар туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтетiн ереже негiзiнде жүзеге
асырады.
Ескерту. 106-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
107-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты
белгiлеу
1. Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық
пен қамқоршылықты қажет ететiн адамның тұрғылықты
жерi бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық
белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық
қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты
жерi бойынша белгiленуi мүмкiн.
2. Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе
оның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану туралы шешiм заңды
күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот бұл туралы
оған қорғаншылық және қамқоршылық
белгiлеу үшiн сол адамның тұрғылықты жерi бойынша
қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға
мiндеттi.
3. Адамға қорғаншылықты
және қамқоршылықты белгiлеу қажеттiгi туралы
тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде қорғаншылық
және қамқоршылық белгiленедi.
4. Қорғаншы немесе қамқоршы
тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен шағымдануы
мүмкiн.
108-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар
1. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет
қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарды;
2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан
айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген
адамдарды;
3) өзiне заңмен жүктелген
мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншылық
(қамқоршылық) мiндеттерден шеттетiлген адамдарды;
4) егер сот олардың кiнәсiнен бала
асырап алудың күшiн жойған болса, бұрын бала асырап
алушыларды;
5) денсаулығының жай-күйiне
байланысты (осы Заңның 80-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы)
баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын
адамдарды қоспағанда, екi жыныстың да кәмелетке толған
адамдары қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы
тек оның келiсiмiмен ғана тағайындалуы мүмкiн.
Егер бұл қорғаншылыққа
алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншыны
немесе қамқоршыны тағайындауда жұбайының,
ата-анасының, туыстарының немесе қорғаншылыққа
алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы
болады.
Егер қамқорлыққа
алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылық
болмаса, бiр қорғаншыны немесе қамқоршыны бiрнеше адамға
тағайындауға жол берiледi.
3. Әрекетке қабiлеттi және
ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бiрақ
балаларының тәрбиесiн жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың
кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы
тағайындалатын кезде, қорғаншылар және қамқоршылар
ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы)
тағайындау кезiнде қорғаншының (қамқоршының)
адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық
(қамқоршылық) мiндеттердi орындау қабiлетi, қорғаншы
(қамқоршы) мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншы
(қамқоршы) отбасы мүшелерiнiң балаға деген көзқарасы,
сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз
тiлегi ескерiледi. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы
немесе қамқоршы етiп тағайындалатын адам некеде тұрса,
оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.
4. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты
қажет ететiн және тиiстi тәрбие, емдеу мекемелерiнде, халықты
әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан
адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары осы
мекемелердiң әкiмшiлiгi болып табылады.
Қорғаншының (қамқоршының)
осындай мекемелерге баланы уақытша орналастыруы қорғаншының
(қамқоршының) осы балаға қатысты қорғаншылық
(қамқоршылық) құқықтары мен
мiндеттерiн тоқтатпайды.
5. Қорғаншылар мен қамқоршылар
өз қамқорындағылардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғауды кез келген адамдарға қатысты,
соның iшiнде сотта арнайы өкiлеттiксiз қорғай алады.
15-тарау. Қорғаншылардың
(қамқоршылардың) және қамқорлыққа
алынғандардың құқықтық
жағдайы
109-бап. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа)
алынған адамдардың
құқықтары
1. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа)
алынған адамдардың:
1) өздерiнiң адамдық қадiр-қасиеттерiнiң
құрметтелуiне;
2) қорғаншы (қамқоршы)
тарапынан қамқорлық көруге;
3) осы Заңның 112-бабының
4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,
онымен бiрге тұруға;
4) өздерiне тиесiлi алименттерiн, зейнетақыларын,
жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтiк төлемдердi
алуға;
5) тұрғын үйге меншiк құқығын
немесе тұрғын үйдi пайдалану құқығын
сақтауға;
6) қорғаншы (қамқоршы)
тарапынан қиянат етушiлiктен қорғануға құқығы
бар.
2. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа)
алынған балалар осы баптың 1-тармағында келтiрiлген құқықтардан
басқа:
1) қорғаншының (қамқоршының)
отбасында тәрбиелену;
2) оларды асырап-бағу, тәрбиелеу,
бiлiм беру және жан-жақты дамытуы үшiн жағдайлардың
қамтамасыз етiлу;
3) тұрғын үй-жайы болмаған
жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алу
құқықтарына да;
4) осы заңның 52-54, 59-баптарында көзделген
құқықтарға ие болады.
110-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған,
тәрбие және
емдеу мекемелерiндегi балалардың құқықтары
1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие,
емдеу және басқа да мекемелерiндегi балалардың:
1) асырап-бағылуға, тәрбиеленуге,
бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, өздерiнiң
адамгершiлiк қадiр-қасиеттерiнiң құрметтелуiне, өз
мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне;
2) өздерiне тиесiлi алименттердi, зейнетақыларды,
жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi
алуға;
3) тұрғын үй-жайға
меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын
үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй -заңдарына
сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына
ие болуға;
4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған
соң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында
көзделген жұмысқа орналасу кезiндегi жеңiлдiктерге ие
болуға құқығы бар.
2. Қорғаншы және қамқоршы
органдар осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұрып
жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, оларға бiлiм беру жағдайларын
бақылауды жүзеге асырады.
3. Осы мекемелер түлектерiнiң құқықтарын
қорғау қорғаншы және қамқоршы
органдарға жүктеледi.
4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және осы баптың 1-тармағында аталған
мекемелерде тұратын балалар осы Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген
құқықтарға да ие болады.
Ескерту. 110-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2007.05.15 N 253 Заңымен.
111-бап. Қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз
мiндеттерiн
атқаруы
1. Қорғаншылар заң жүзiнде қамқоршылыққа
алынғандардың өкiлдерi болып табылады және барлық
қажеттi мәмiлелердi олардың атынан және олардың мүдделерiн
көздеп жасайды.
2. Қамқоршылар өздерiнiң
қамқоршылығындағы адамдардың өз бетiнше
жасауға құқығы жоқ мәмiлелердi жасауға
келiсiм бередi, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын
жүзеге асыруына және мiндеттерiн атқаруына жәрдем көрсетедi,
сондай-ақ оларды үшiншi бiр тұлғалардың тарапынан
ықтимал қиянаттардан қорғайды.
3. Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда,
қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi
мiндеттер тегiн атқарылады.
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына
алынғандарды өз есебiнен асырап бағуға мiндеттi емес. Қамқоршылыққа
алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының
алатын жалақысы, алиментi, зейнетақысы және басқа да әлеуметтiк
төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктер
есебiнен жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны
асырап-бағуға жеткiлiктi қаражат болмаған кезде, қорғаншы
және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы
тағайындайды.
4. Қорғаншылар мен қамқоршылар
өздерiнiң қамқорлығына алынғандарды
асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеудi қамтамасыз
етуге, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға
қамқорлық жасауға мiндеттi. Аталған мiндеттер сот
әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған кәмелетке толған
адамдардың қамқоршылығына жүктелмейдi.
5. Спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға
салынуы салдарынан әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi
шектеулi деп танылған адам жөнiндегi негiздер жойылса, қорғаншы
немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке
қабiлеттi деп тану туралы және одан қорғаншылық
пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтiнiш
беруге мiндеттi.
112-бап. Баланың қорғаншысының (қамқоршысының)
құқықтары
мен мiндеттерi
1. Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы
(қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуге, оның
денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани
дамуына қамқорлық жасауға құқылы және
мiндеттi.
Қорғаншы (қамқоршы)
баланың пiкiрi мен қорғаншы және қамқоршы
органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ осы Заңның
64-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы
(қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеудiң әдiстерiн
дербес белгiлеуге құқылы.
Қорғаншы (қамқоршы)
баланың пiкiрiн ескере отырып, ол орта бiлiм алғанға дейiн
балаға бiлiм беру мекемесi мен оқытудың нысанын таңдауға
құқылы және баланың орта бiлiм алуын қамтамасыз
етуге мiндеттi.
2. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығындағы
(қорғаншылығындағы) баланы өздерiнде заңды
негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамнан, соның iшiнде
баланың жақын туыстарынан қайтарып берудi сот арқылы
талап етуге құқылы.
3. Баланың өз ата-аналарымен және
басқа жақын туыстарымен қарым- қатынас жасауына, мұндай
қарым-қатынас баланың мүдделерiне сай келмеген жағдайларды
қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының
(қамқоршының) құқығы жоқ.
4. Қамқорлыққа
алынушылар, балалар немесе емдеу мекемелерiнде тәрбиеленуде немесе
емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке
толмағандардың қорғаншылары мен қамқоршылары
өздерi қамқорлыққа алғандармен бiрге тұруға
мiндеттi. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа
алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа
алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары
мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын
жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның
рұқсатымен жол берiледi.
Қорғаншылар мен қамқоршылар
тұрғылықты жерiнiң өзгеруi туралы қорғаншы
және қамқоршы органдарға хабарлап отыруға
мiндеттi.
5. Қорғаншы кемiнде жылына бiр рет қорғаншы
және қамқоршы органға қамқоршылыққа
алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу
жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi
жұмыс туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.
113-бап. Әрекетке қабiлеттi азаматтарды қамқоршылыққа
алу
1. Денсаулық жағдайы бойынша өз құқығын
жүзеге асырып, қорғай алмайтын және мiндеттерiн орындай
алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адамның
өтiнiшi бойынша оған қамқоршылық белгiленуi мүмкiн.
2. Кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi
адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы
орган сол адамның келiсiмi бойынша ғана тағайындауы мүмкiн.
3. Кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi
қамқоршылыққа алынушыға тиесiлi мүлiкке
билiк етудi қамқоршылыққа алынушымен жасалған
тапсыру шарты немесе мүлiктi сенiмдi басқару негiзiнде қамқоршы
жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны
асырап-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерiн
қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық
және өзге де мәмiлелердi жасауды қамқорлыққа
алынушының келiсiмiмен қамқоршы жүзеге асырады.
4. Кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi
адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша
тоқтатылуы мүмкiн.
Қамқоршылыққа алынған
адамның қамқоршысы осы Заңның 115-бабында көзделген
жағдайларда өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан
босатылады.
114-бап. Қамқоршылыққа алынушының мүлкiне
билiк ету
1. Қамқоршылыққа алынушы адамның кiрiстерiн, соның
iшiнде оның мүлкiн басқарудан түсетiн кiрiстерiн, қамқоршылыққа
алынушының өзi дербес билiк етуге құқығы
бар кiрiстерiн қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа
алынушының мүдделерiне сай және қорғаншы мен қамқоршы
органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы
жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы
органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа
алынушының оның кiрiсi ретiндегi тиесiлi сомасы есебiнен қорғаншы
мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау
үшiн қажеттi азын-аулақ шығыстар жасауға құқылы.
2. Қорғаншы және қамқоршы
органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының
иелiктен алу жөнiндегi мәмiлелер жасауға, ал қамқоршының
мәмiле жасауға келiсiм беруге, соның iшiнде қамқоршылыққа
алынушының мүлкiн айырбастауға немесе сыйға тартуға
немесе оның атынан кепiл болу шартын жасасуға, оны жалға
(жалдауға), тегiн пайдалануға немесе кепiлге беруге, қамқорлыққа
алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлiкпен
тиесiлi құқықтарынан бас тартқызуға әкеп
соғатын мәмiлелер жасауға, оның мүлкiн бөлуге
немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа
алынушының мүлкiн азайтуға әкеп соғатын басқа
да кез келген мәмiлелер жасауға құқығы жоқ.
Аталған мәмiлелер нәтижесiнде қорғаншы алған
қаражаттың қалай жұмсалуға тиiс екенiн қорғаншы
және қамқоршы орган белгiлейдi.
Қамқоршылыққа алынушының
мүлкiн басқару тәртiбi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Мүлiктi қамқоршылығына
алушыға сый ретiнде немесе тегiн түрде пайдалануға берудi қоспағанда,
қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары
мен жақын туыстарының қамқоршылыққа
алынушымен мәмiлелер жасауға, сондай-ақ мәмiлелер жасау
кезiнде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы
немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын
туыстары арасында жүргiзiлген сот iсiнде қамқоршылыққа
алынушының атынан өкiлдiк бiлдiруге құқығы
жоқ.
Қорғаншы (қамқоршы)
болып тағайындалмастан бұрын туындаған қамқоршылыққа
алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның
жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және
қамқоршы органның рұқсатымен төленедi.
115-бап. Қорғаншылар мен қамқоршыларды олардың өз
мiндеттерiн атқарудан босату және шеттету
1. Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке
толмаған қамқоршылыққа алынушы өз
ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған
жағдайларда, қорғаншыны немесе қамқоршыны өз
мiндеттерiн атқарудан босатады.
Қамқоршылыққа алынушыны
тәрбие, емдеу мекемесiне, халықты әлеуметтiк қорғау
мекемесiне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезiнде, егер бұл қамқоршылыққа
алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншы және
қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны
немесе қамқоршыны олардың өз мiндеттерiн атқарудан
босатады.
2. Дәлелдi себептер болған кезде
(сырқаттану, мүлiктiк жағдайдың өзгеруi, қамқорлыққа
алынушымен өзара түсiнiспеушiлiк және т.с.с) қорғаншы
немесе қамқоршы оның өтiнiшi бойынша өз
мiндеттерiн атқарудан босатылуы мүмкiн.
3. Қорғаншы немесе қамқоршы
өзiнiң тиiстi мiндеттерiн тиiсiнше атқармаған жағдайда,
соның iшiнде өзiнiң қорғаншылығын немесе қамқоршылығын
жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа
алынушыны қадағалаусыз және қажеттi көмексiз қалдырған
жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны
немесе қамқоршыны осы мiндеттердi атқарудан шеттеуi және
кiнәлi адамды заңмен белгiленген жауапқа тарту үшiн қажеттi
шаралар қолдануы мүмкiн.
116-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты
тоқтату
1. Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабiлеттi
деп тану немесе қорғаншының, қамқоршының
немесе қорғаншы және қамқоршы органның
арызы бойынша оның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулiлiгiнiң
күшiн жою туралы сот шешiм шығарған жағдайларда кәмелетке
толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық
тоқтатылады.
2. Жасөспiрiм қамқоршылыққа
алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық
тоқтатылады, ал қорғаншылық мiндетiн жүзеге
асыратын адам бұл туралы қосымша шешiмсiз кәмелетке толмаған
баланың қамқоршысы болады.
3. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық
он сегiз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ақ
ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға
дейiн ол әрекетке толық қабiлеттi болған басқа да
жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.
117-бап. Қорғаншылардың және қамқоршылардың
әрекеттерiне
шағым жасау
Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетiне
кез келген адам қамқоршылыққа алынушының мүдделерiне
сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның
тұрғылықты жерi бойынша сотқа шағым жасай алады.
118-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдардың
шешiмдерiне
шағым жасау
Қорғаншы және қамқоршы органдардың барлық
мәселелер жөнiндегi шешiмдерiне мүдделi адамдар сот тәртiбiмен
шағым жасай алады.
16-тарау. Патронат
119-бап. Патронат
1. Қорғаншылық және қамқоршылық
нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi басқа
да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.
2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек
бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы
орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы
шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады.
3. Патронат туралы Ереженi Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
120-бап. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт
1. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу
және бiлiм беру жағдайларын, патронат тәрбиешiнiң құқықтары
мен мiндеттерiн, патронат тәрбиешiге қатысты қорғаншы және
қамқоршы органдардың мiндеттерiн, сондай-ақ мұндай
шарттың тоқтатылу негiздерi мен салдарларын көздеуi тиiс.
Бала патронат тәрбиешiге аталған
шартпен белгiленген мерзiмге тәрбиелеуге берiледi.
2. Патронат тәрбиешiлердiң еңбегiне
ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына
қарай берiлетiн жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленедi.
3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:
1) дәлелдi себептерi (сырқаттану,
отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруi,
баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар арасындағы
жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешiлердiң
бастамасы бойынша;
2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және
бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы
және қамқоршы органның бастамасы бойынша;
3) бала ата-анасына қайтарып берiлген
немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы
мүмкiн.
121-бап. Патронат тәрбиешiлер
1. Патронат тәрбиешiлер тәрбиеге алынған балаға
(балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар
сияқты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Оларға
осы заңның 108-бабында көзделген талаптар қойылады.
2. Патронат тәрбиешiлердi iрiктеп алуды қорғаншы
және қамқоршы органдар жүзеге асырады.
122-бап. Патронат белгiленетiн бала (балалар)
1. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешiлерге беру үшiн баланы
(балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы
органмен келiсiм бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға
тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады.
Ағалы-iнiлердi, апалы-сiңлiлердi (қарындастарын)
ажыратуға жол берiлмейдi, бұған олардың мүдделерiне
сай келетiн жағдайлар қосылмайды.
2. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiлерге
беру оның пiкiрi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа
толған бала (балалар) оның келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн.
3. Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала
(балалар) өзiне тиесiлi алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға
және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын,
сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын
немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын
сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын
үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай
берiлуiне құқығы бар.
Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала
(балалар) осы Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға
да ие болады.
123-бап. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы
(балаларды) асырап-бағу
1. Әрбiр баланы асырап-бағуға Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және
мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленедi.
2. Қорғаншы және қамқоршы
орган патронат тәрбиешiлерге қажеттi көмек көрсетуге,
баланың (балалардың) өмiрi мен тәрбиесiне қалыпты
жағдай туғызуға жәрдемдесуге мiндеттi, сондай-ақ
патронат тәрбиешiлерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу,
тәрбиелеу және оған бiлiм беру мiндеттерiн орындауға бақылауды
жүзеге асыруға құқылы.
5-бөлiм. Отбасы мүшелерiнiң
алименттiк қатынастары
17-тарау. Ата-аналармен балалардың
алименттiк
мiндеттемелерi
124-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды
асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi
1. Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын
асырап-бағуға мiндеттi. Кәмелетке толмаған балаларды
асыраудың тәртiбi мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес
өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу
туралы келiсiм (алимент төлеу туралы келiсiм) жасауға құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерiнiң кәмелетке
толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған
балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент)
ата-аналардан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Ата-аналардың алимент төлеу
туралы келiсiмi болмағанда, кәмелетке толмаған балалар
асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз
берiлмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке
толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың
бiреуiнен) алимент өндiрiп алу туралы талап қоюға құқылы.
125-бап. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға сот
тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi
1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда сот кәмелетке
толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алименттi ай сайын
мынадай мөлшерде: бiр балаға - ата-анасы табысының және
(немесе) өзге де кiрiсiнiң - төрттен бiрiн; екi балаға
- үштен бiрiн; үш және одан да көп балаға - тең
жартысын өндiрiп алады.
2. Бұл үлестердiң мөлшерiн
сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын
және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере
отырып кемiтуi немесе көбейтуi мүмкiн.
126-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын
табыстың және (немесе) өзге де кiрiстiң түрлерi
Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен
алатын және осы заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке
толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының
және (немесе) өзге де кiрiсiнiң түрлерiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
127-бап. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша
сомасы
түрiнде алимент өндiрiп алу
1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу
туралы келiсiмi болмаған жағдайда және ата-ананың
табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста
алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық
тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн айтарлықтай
бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында
немесе сонымен бiрге үлесте/осы Заңның 125-бабына сәйкес/және
тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын
алимент мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Мұндай жағдайларға үнемi
алынбайтын, өзгермелi табысы және (немесе) өзге де кiрiстерi
бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кiрiстерiн толығымен
немесе iшiнара заттай алатын ата-анадан алимент өндiрiп алу жатады.
2. Тұрақты ақша сомасының
мөлшерiн сот баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн
мүмкiндiгiнше барынша сақтауды негiзге алып, тараптардың
материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа
да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгiлейдi.
3. Егер ата-аналардың әрқайсысының
қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерiн аз қамтамасыз
етiлген ата-ананың бiреуiнен екiншiсiнiң пайдасына осы баптың
2-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот
белгiлейтiн тұрақты ақша сомасы белгiленедi.
128-бап. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға
алименттi өндiрiп алу және пайдалану
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға алимент осы Заңның 125-127-баптарына сәйкес өндiрiп
алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына)
немесе олардың патронат тәрбиешiсiне төленедi.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелерi мен өзге
де мекемелердегi балаларға ата-аналарынан өндiрiп алынатын алимент
сол мекемелердiң шотына аударылады, онда әр балаға бөлек
есептеледi.
Аталған мекемелер бұл соманы
банкiлерге салуға құқылы. Келiп түскен алимент
сомасының айналысынан түскен кiрiстiң елу процентi аталған
мекемелердегi балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай
мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның
айналасынан түскен кiрiстiң елу процентi уәкiлеттi банкте
баланың атына ашылған шотқа аударылады.
129-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың
алимент алуға құқығы
1. Ата-аналар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке
жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға
мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған
жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға
алимент төлеу мөлшерiн сот алимент төленетiн кезде қолданылып
жүрген айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынасында,
тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары
мен назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып
белгiлейдi.
130-бап. Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға арналған
қосымша шығындарға қатысуы
1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмағанда және ерекше мән-жайлар
болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке
жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж
балалардың ауыр науқастануы, мертiгуi, оларға бөгде адамның
бағып-күтуiне ақы төлеу қажеттiгi және басқа
да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша
шығындарды көтеруге әрбiр ата-ананы қатысуға
тарту мүмкiн.
2. Ата-аналардың қосымша шығындарды
көтеруге қатыстырылу тәртiбi мен бұл шығындардың
мөлшерiн сот ата-аналар мен балалардың материалдық және
отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық
басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып ай сайын төленуге
тиiстi алимент төленетiн кездегi айлық есептiк көрсеткiшке
еселенген қатынасында белгiлейдi.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша
шығындарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта
жасалуға тиiс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға
мiндеттеуге құқылы.
131-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын
асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi
1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң
еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға
және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған
жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж
ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке
толған балаларынан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Әрбiр баладан өндiрiп алынатын
алимент мөлшерiн сот ата-аналары мен балаларының материалдық
және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар
аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу
кезiндегi айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынастарында
белгiлейдi.
4. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде
сот, балаларының бәрiне, олардың бiреуiне немесе олардың
бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың
еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрiн
ескеруге құқылы.
5. Егер сот ата-аналардың ата-ана
мiндеттерiн орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерiнiң
еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу
жөнiндегi мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.
Балалары ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
132-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына
жасалған қосымша шығындарға қатысуы
1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық
жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы
ауыр науқастану, мертiгу, оны бөгде адамның бағып-күткенi
үшiн ақы төлеу, оны халықты әлеуметтiк қорғау
жүйесiнiң интернат үйiне орналастыру қажет болғанда
және т.с.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар
туғызған қосымша шығындарды көтеруге қатыстыруы
мүмкiн.
2. Кәмелетке толған балалардың
әрқайсысының қосымша шығындарды көтеру тәртiбi
мен осы шығындардың мөлшерiн сот осы Заңның
131-бабының 3,4, 5-тармақтарының ережелерi сақталған
жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және
отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа
да мүдделерiн ескере отырып белгiлейдi.
3. Қосымша шығындарды көтеру тәртiбi
мен бұл шығындардың мөлшерi тараптардың
келiсуiмен белгiленуi мүмкiн.
18-тарау. Ерлi-зайыптылардың және
бұрынғы
ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерi
133-бап. Ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiн асырап-бағу
жөнiндегi мiндеттерi
1. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiн материалдық жағынан қолдауға
мiндеттi.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан
және ерлi-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келiсiм
болмаған жағдайда алимент төлеуге қажеттi қаражаты
бар жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының
2) жүктi кезiнде және ортақ
баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелiнiң
3) ортақ мүгедек баланы бағып
отырған мұқтаж жұбайының бала он сегiз жасқа
толғанға дейiн;
4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа
толғанға дейiн бағып-күтiп отырған, сондай-ақ
16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға
I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда мұқтаж
жұбайының алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге құқығы
бар.
134-бап. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан
кейiн алимент
алуға құқығы
1. Алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар бұрынғы жұбайынан
алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге:
1) жүктi кезiнде және ортақ
баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелiнiң
2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа
толғанға дейiн бағып-күтiп отырған, сондай-ақ
16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға
I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж
бұрынғы жұбайының
3) неке бұзылғанға дейiн еңбекке
жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж
бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттiң мөлшерi мен оны неке бұзылғаннан
кейiн бұрынғы жұбайына берудiң тәртiбi бұрынғы
ерлi-зайыптылардың арасындағы келiсiм бойынша белгiленуi мүмкiн.
135-бап. Ерлi-зайыптылардан және бұрынғы ерлi-зайыптылардан
сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi
Ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың)
арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда жұбайдан
(бұрынғы жұбайдан) сот тәртiбiмен өндiрiп
алынатын алименттiң мөлшерiн ерлi-зайыптылардың (бұрынғы
ерлi-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын,
тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге
ала отырып, алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген есептiк
көрсеткiшке еселенген қатынаста сот белгiлейдi.
136-бап. Жұбайды екiншi жұбайды асырап-бағу жөнiндегi
мiндеттен босату немесе бұл мiндеттiң
мерзiмiн шектеу
1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж
екiншi жұбайды асырап-бағу мiндетiнен босатуы немесе некеде тұрған
кезеңде де, неке бұзылғаннан кейiн де бұл мiндеттi
белгiлi бiр мерзiмге мынадай жағдайларда:
1) спирт iшiмдiктерiне, есiрткi заттарына,
психотропты заттарға салынып кетуi салдарынан немесе қасақана
қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке
жарамсыз болып қалған;
2) ерлi-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;
3) алимент төлеудi талап ететiн жұбайдың
отбасында өзiн лайықты ұстамаған жағдайларда
шектеуi мүмкiн.
2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу
жөнiндегi мiндет мынадай жағдайларда:
1) көмек алуға құқығы
бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;
2) осы Заңның 134-бабына көзделген
мән-жайлар жойылғанда сот шешiмiмен тоқтатылады.
19-тарау. Отбасының басқа
мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi
137-бап. Ағалары мен апаларының өздерiнiң кәмелетке
толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке
толған iнiлерi мен сiңлiлерiн (қарындастарын)
асырау жөнiндегi мiндеттерi
Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж iнiлерi мен сiңлiлерiнiң
(қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға
мүмкiндiгi болмаған жағдайда өздерiнiң алимент төлеуге
қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған
ағалары мен апаларынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы
бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке
толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерiнiң еңбекке
жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы
жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық
берiледi.
138-бап. Немерелерiн асырап-бағу жөнiндегi атасы мен
әжесiнiң мiндеттерi
Өздерiнiң ата-аналарынан көмек алуы мүмкiн болмаған
жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж
немерелердiң өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты
бар әжесi мен атасынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы
бар. Өздерiнiң жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан)
немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке
мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық
берiледi.
139-бап. Немерелердiң атасын және әжесiн асырап-бағу
мiндетi
Өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды
балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажеттi
қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке
мұқтаж аталар мен әжелер өздерiнiң алимент төлеуге
қажеттi қаражаты бар кәмелетке толған немерелерiнен сот
тәртiбiмен алимент талап етуге құқылы.
140-бап. Тәрбиеленушiлердiң өздерiн нақты тәрбиелеушiлердi
асырап-бағу мiндетi
1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие
берудi, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке
мұқтаж адамдар, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған,
еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы
жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерiнiң кәмелетке
толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушiлерiнен көмек
берудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
2. Егер тәрбиелеушiлер тәрбиеленушiлердi
бес жылдан аз уақыт асырап- бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ
өздерiнiң тәрбиеленушiлерiнен тиiстi түрде асырап-бақпаған
және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушiлердi нақты тәрбиеленушiлерiн
асырап бағу жөнiндегi мiндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген
мiндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта),
патронатта болған адамдарға жүктелмейдi.
141-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей
әкесiн және
өгей шешесiн асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi
1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп,
асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж
өгей әке мен өгей шешенiң, егер өздерiнiң кәмелетке
толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы
жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажеттi қаражаты
бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан
немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртiбiмен
талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше
өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп,
асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерiнiң тәрбиелеу
және асырау мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаса, сот өгей
ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесi мен өгей
шешесiн асырап-бағу мiндеттерiнен босатуға құқылы.
142-бап. Отбасының басқа мүшелерiнен сот тәртiбiмен
өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi
1. Осы Заңның 139-141-баптарында аталған адамдарға
алименттiң мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тараптардың
келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда
сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот
әрбiр жеке жағдайда алимент төлеушi мен алушының
материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар
аударарлық басқа да мүдделерiн ескере отырып, алимент төлеген
кезде қолданылып жүрген есептiк көрсеткiшке еселенген қатынаста
белгiлейдi.
3. Егер отбасының алимент талап етушi мүшесiн
бiр мезгiлде бiрнеше адам асырап-бағуға мiндеттi болса, сот олардың
материалдық және отбасы жағдайына қарай әрқайсысының
алимент төлеу мiндеттерiн орындауға қатысу мөлшерiн
белгiлейдi. Алимент мөлшерiн белгiлеу кезiнде сот, алимент төлеуге
мiндеттi барлық адамдардың бәрiне, олардың бiреуiне
немесе олардың бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан,
сол адамдардың бәрiн ескеруге құқылы.
20-тарау. Алимент төлеу туралы
келiсiм
143-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм жасау
Алимент төлеу (алименттiң мөлшерi, оны төлеудi
шарттарымен тәртiбi) туралы келiсiм алименттi төлеуге мiндеттi адам
мен оны алушы адам арасында, ал алименттi төлеуге мiндеттi адам және
(немесе) алимент алушы әрекетке қабiлетсiз болған жағдайда
осы адамдардың заңды өкiлдерi арасында жасалады.
144-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмiнiң нысаны
1. Алимент төлеу туралы келiсiм жазбаша түрде жасалады және
оны нотариат куәландыруға тиiс.
Алимент төлеу туралы келiсiмнiң заңда
белгiленген нысанының сақталмауы Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 157-бабында көзделген
салдарларға әкеп соғады.
2. Алимент төлеу туралы нотариат куәландырған
келiсiм атқару парағының күшiне ие болады.
145-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмдi жасасу, атқару,
өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртiбi
1. Алимент төлеу тәртiбi туралы келiсiмдi жасасуға, атқаруға,
бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) азаматтық-құқықтық
мәмiлелердi жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз
деп тануды реттейтiн нормалары қолданылады.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм екi жақтың
өзара келiсiмi бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы
мүмкiн. Алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу
алимент төлеу туралы келiсiмнiң өзi сияқты нысанда
жасалуға тиiс.
3. Алимент төлеу туралы келiсiмдi
орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оның шарттарын бiржақты
өзгертуге жол берiлмейдi.
4. Тараптардың материалдық немесе
отбасы жағдайлары елеулi өзгерiске ұшыраған жағдайда
және алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу
жөнiндегi келiсiмге қол жетпеген кезде мүдделi тарап осы
келiсiмдi өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап
беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту
немесе бұзу туралы мәселенi шешкен кезде сот тараптардың назар
аударарлық кез келген мүддесiн ескеруге құқылы.
146-бап. Алимент алушының мүдделерiн бұзатын алимент төлеу
туралы келiсiмдi жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келiсiмде көзделген кәмелетке толмаған
баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз
отбасы мүшесiн асырап- бағу шарттары олардың мүдделерiн
айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Заңның
147-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда
кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған
әрекетке қабiлетсiз отбасы мүшесiнiң заңды өкiлiнiң,
сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органның
немесе прокурордың талап етуi бойынша сот тәртiбiмен мұндай
келiсiм жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
147-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша төленетiн
алименттiң мөлшерi
1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша төленетiн алименттiң
мөлшерiн тараптар сол келiсiмде белгiлейдi.
2. Кәмелетке толмаған балаларға
алимент төлеу жөнiндегi келiсiм бойынша белгiленетiн алименттiң
мөлшерi олардың сот тәртiбiмен алимент өндiрiп алған
жағдайда алатын алименттiң мөлшерiнен төмен болмауы
керек (осы Заңның 125-бабы).
148-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент
төлеудiң әдiстерi мен тәртiбi
1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеудiң әдiстерi
мен тәртiбi сол келiсiммен белгiленедi.
2. Алименттiң алимент төлеуге
мiндеттi адам табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлес
есебiмен; дүркiн-дүркiн төленiп тұратын тұрақты
ақша сомасымен; бiр жолғы төленетiн тұрақты ақша
сомасымен; мүлiк беру жолымен, сондай-ақ келiсiмде қол
жеткенiне қарай өзге де әдiстермен төленуi мүмкiн.
Алимент төлеу туралы келiсiмде алимент төлеудiң
түрлi әдiстерiн ұштастыру көзделуi мүмкiн.
21-тарау. Алименттi сот тәртiбiмен
төлеттiру және өндiрiп
алу тәртiбi
149-бап. Алименттi сот шешiмiмен өндiрiп алу
Осы Заңның 124-142-баптарында аталған отбасы мүшелерi
алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда алимент өндiрiп
алу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.
150-бап. Алимент алу үшiн арыз беру мерзiмдерi
1. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы
туындаған кезден бастап өткен мерзiмге қарамастан, егер бұрын
алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төленбеген болса, сотқа
алимент өндiрiп алу туралы арыз беруге құқылы.
2. Алимент сотқа өтiнiш жасалған
кезден бастап берiледi.
Егер сотқа арыз беруден бұрын
асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын,
бiрақ алименттi төлеуге мiндеттi адамның оны төлеуден
жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтiнiш
жасалған кезден бастап үш жыл мерзiм шегiнде өткен кезеңге
алимент өндiрiп алынуы мүмкiн.
151-бап. Ұйым әкiмшiлiгiнiң алименттi ұстап қалу
мiндетi
Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орны бойынша ұйымның
әкiмшiлiгi нотариат куәландырған алимент төлеу туралы
келiсiмнiң негiзiнде немесе атқару парағының негiзiнде
алимент төлеуге мiндеттi адамның жалақысынан және өзге
де кiрiсiнен алимент алушы адам үшiн ай сайын алимент ұстап қалуға
және оны алимент төлеуге мiндеттi адамның есебiнен алимент төлеуге
мiндеттi адамға жалақының және өзге де кiрiстiң
төленген күнiнен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрмей төлеуге
немесе аударуға мiндеттi.
152-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм негiзiнде алименттi
ұстап қалу
Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiмнiң
негiзiнде алимент осындай келiсiмнiң және атқару құжаттарының
негiзiнде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге мiндеттi
адам жалақысының және өзге де кiрiсiнiң елу
процентiнен асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкiн.
153-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орнын
ауыстырғаны туралы хабарлау мiндетi
1. Сот шешiмi немесе нотариат куәландырған алимент төлеу
туралы келiсiм негiзiнде алименттi ұстап қалушы ұйымның
әкiмшiлiгi алименттi өндiрiп алу жөнiндегi шешiм орындалатын
жердегi сот орындаушысына және алимент алушы адамға алименттi төлеуге
мiндеттi адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, өзiне
белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын
жерiн үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.
2. Алимент төлеуге мiндеттi адам сот
орындаушысы белгiлеген мерзiмде соңғысына және алимент алушы
адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерiнiң өзгергенi
туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген
жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кiрiсiнiң
болуы туралы хабарлауға тиiс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында
аталған деректердi дәлелсiз себептермен хабарламаған жағдайда
бұған кiнәлi лауазымды адамдар және өзге де
азаматтар әкiмшiлiк жауапқа тартылады .
154-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның мүлкiнен өндiрiп
алу
1. Алимент төлеу туралы келiсiммен немесе сот шешiмiмен белгiленген мөлшерде
алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге мiндеттi
адамның табысынан және өзге де кiрiсiнен өндiрiп
алынады, табысы және өзгеде кiрiсi жеткiлiксiз болған жағдайда
алимент сол алимент төлеуге мiндеттi адамның банктердегi шотындағы
немесе банктiк емес қаржы мекемелерiндегi ақша қаражатынан ұсталады.
Бұл қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда ол алимент төлеуге
мiндеттi адамның заң бойынша өндiрiп алуға болатын кез
келген мүлкiнен өндiрiлiп алынады.
2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның
шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге
де мүлкiнен алимент өндiрiп алу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
155-бап. Алимент бойынша берешектi белгiлеу
1. Алимент төлеу жөнiндегi келiсiм негiзiнде немесе атқару
парағының негiзiнде өткен кезең үшiн алимент өндiрiп
алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент
төлеу туралы келiсiм табыс етiлгеннен бұрынғы үш жыл
мерзiм шегiнде жүргiзiледi.
2. Атқару парағы негiзiнде немесе нотариат куәландырған
келiсiм негiзiнде алимент ұстау алименттi төлеуге мiндеттi адамның
iздестiрiлуiне байланысты жүргiзiлмеген жағдайда, осы баптың
1-тармағында белгiленген мерзiмге қарамастан және асырап-бағуға
алимент төлеу белгiленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан,
алимент бүкiл кезең үшiн өндiрiп алынады.
3. Берешек мөлшерiн сот шешiмiнде немесе алимент төлеу туралы
келiсiмде белгiленген алимент мөлшерiн негiзге ала отырып, сот
орындаушысы анықтайды.
4. Осы Заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған
балаларға төленетiн алимент бойынша берешектiң мөлшерi
алимент төлеуге мiндеттi адамның алимент өндiрiп алынбаған
кезеңдегi табысы мен өзге де кiрiсi негiзге алына отырып анықталады.
Егер алимент төлеуге мiндеттi адам осы кезеңде жұмыс
iстемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кiрiсiн куәландыратын
құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешектi өндiрiп
алу кезiндегi Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы
мөлшерi негiзге алына отырып анықталады. Егер берешектi бұлайша
анықтау тараптардың бiрiнiң мүддесiне елеулi түрде
нұқсан келтiрсе, онда мүддесiне нұқсан
келтiрiлген тарап сотқа жүгiнуге құқылы, ол
тараптардың материалдық және отбасы жағдайын, басқа
да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, берешектi тұрақты
ақша сомасында анықтауы мүмкiн.
5. Сот орындаушысының алимент бойынша берешектi анықтауымен
келiспеген жағдайда кез келген тарап заңдарда көзделген тәртiппен сот
орындаушысының әрекетiне шағымдана алады.
6. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы iздестiру кезеңiнде
төленген, балаға заңдарда белгiленген ай сайынғы жәрдемақы
сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он процентiн бюджет
кiрiсiне есептеу арқылы өндiрiп алынады.
156-бап. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату
1. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату немесе тараптардың
келiсiмi бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, кәмелетке толмаған
балаларға алимент төлейтiн жағдайларды қоспағанда,
тараптардың өзара келiсуi бойынша азайтылуы мүмкiн.
2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның талап-арызы бойынша сот, егер
алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелдi
себептер бойынша төленбегенiн, оның материалдық және
отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешектi өтеуге
мүмкiндiк бермейтiнiн анықтаса, оны алимент бойынша берешектi төлеуден
толық немесе iшiнара босатуға құқылы.
157-бап. Алименттi уақтылы төлемегенi үшiн жауапкершiлiк
1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеуге мiндеттi
адамның кiнәсiнен берешек пайда болған жағдайда кiнәлi
адам сол келiсiмде көзделген тәртiппен жауапты болады.
2. Сот шешiмi бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның кiнәсiнен
берешек пайда болған жағдайда кiнәлi адам алимент алушыға
кешiктiрген әр күнi үшiн төленбеген алимент сомасының
оннан бiр процентi мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Алимент алушы алимент төлеуге мiндеттi,
алименттiң уақтылы төленбегенiне кiнәлi адамнан
алименттiк мiндеттемелердi орындауды кешiктiруден келтiрiлген бүкiл
залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлiгiн
де өндiрiп алуға құқылы.
158-бап. Алименттi есептеуге және керi өндiрiп алуға жол
берiлмеуi
1. Алименттi басқа қарсы талаптармен есептеуге болмайды.
2. Төленген алимент сомасын:
1) алимент алушының жалған мәлiметтер
хабарлауына байланысты немесе оның қолдан жасалған құжаттар
беруiне байланысты алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң күшi
жойылған;
2) алимент алушы тарапынан алдау, қорқыту
немесе күш көрсетiп ықпал жасау салдарынан алименттi төлеу
жөнiндегi келiсiм жарамсыз деп танылған;
3) сот шешiмiнiң, алимент төлеу
туралы келiсiмнiң немесе атқару парағының қолдан
жасалу фактiсi негiзiнде алимент төленгенi сот үкiмiмен анықталған
жағдайларды қоспағанда, керi талап етуге болмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағында келтiрiлген әрекеттердi кәмелетке
толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке
қабiлетсiз алимент алушының өкiлi жасаған болса,
алимент керi өндiрiлiп алынбайды, ал төленген алименттiң
сомасы алимент төлеуге мiндеттi адамның талабы бойынша кiнәлi
өкiлден өндiрiп алынады.
159-бап. Алименттi индекстеу
Сот шешiмi бойынша тұрақты ақша сомасымен өндiрiп
алынатын алименттiң индекстелуiн алименттi ұстайтын орын бойынша ұйымның
әкiмшiлiгi заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң
өсуiне бара-бар жүргiзедi.
160-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адам шет мемлекетке
тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу
1. Алимент төлеуге мiндеттi адам шет мемлекетке тұрақты тұруға
кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге мiндеттi отбасы
мүшелерiмен осы Заңның 143,144,147 және 148-баптарына сәйкес
алимент төлеу туралы келiсiм жасасуға құқылы.
2. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мүдделi адам алименттiң
мөлшерiн тұрақты ақша сомасында белгiлеу туралы немесе
алименттi бiр жолғы төлеу туралы не алимент есебiне белгiлi бiр мүлiктi
беру туралы немесе алименттi өзге бiр жолмен төлеу туралы талап
етiп сотқа жүгiнуге құқылы.
161-бап. Соттың бұрын белгiленген алимент мөлшерiн өзгерту
және алимент төлеуден босату
1. Егер алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда
алимент мөлшерi сот тәртiбiмен белгiленгеннен кейiн тараптардың
бiрiнiң материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе,
сот кез келген тараптың талап етуi бойынша белгiленген алимент мөлшерiн
өзгертуге немесе алимент төлеуге мiндеттi адамды оны төлеуден
босатуға құқылы. Алимент мөлшерi өзгертiлген
немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың
назар аударарлық мүддесiн де ескеруге құқылы.
2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адам
алименттi төлеуге мiндеттi адамға қатысты қасақана
қылмыс жасағаны немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi
адам отбасында лайықсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайы
анықталса, сот оған алимент өндiрiп беруден бас тартуға
құқылы.
162-бап. Алименттiк мiндеттемелердi тоқтату
1. Алимент төлеу туралы келiсiммен белгiленген алименттiк мiндеттемелер
осы келiсiмнiң күшiнде болу мерзiмi бiткенде немесе осы келiсiмде көзделген
негiздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бiрi қайтыс болғанда
тоқтатылады.
2. Сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттi төлеу:
1) бала кәмелетке толғаннан кейiн
немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға
дейiн толық әрекетке қабiлетiн алған жағдайларда;
2) асырап-бағу үшiн алимент өндiрiп
алынған бала асырап алынғанда;
3) сот алимент алушының еңбекке
жарамдылығы қалпына келтiрiлген немесе көмекке мұқтаждығы
тоқтатылған деп танығанда;
4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының
көмегiне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге
тұрғанда;
5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге
мiндеттi адам қайтыс болғанда тоқтатылады.
6-бөлiм. Азаматтық хал
актiлерi
22-тарау. Жалпы ережелер
163-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу
Туу, қайтыс болу, неке қию, некенi бұзу, бала асырап алу, әке
(ана) болуды анықтау, атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгерту
азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк органдарда тiркелуге тиiс.
Ескерту. 163-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
164-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүргiзетiн
органдар
1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеудi азаматтық хал актiлерiн жазатын
бөлiмдер жүргiзедi.
2. Мұндай бөлiмдер жоқ жерлерде азаматтық хал актiлерiн
тiркеудi қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,
кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi ұйымдастырады.
Ескерту. 164-бап
жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10
N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
165-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу ережелерi.
Акт кiтаптары
1. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру
және күшiн жою тәртiбiн белгiлейтiн ережелер , сондай-ақ
азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарының нысанын және осы
кiтаптардағы жазбалар негiзiнде берiлетiн куәлiктердiң
нысанын, акт кiтаптарын сақтаудың тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
2. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу ережелерi, сондай-ақ некеге тұратын
адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы
бiрiн-бiрi хабардар ету, олардың болашақ ерлi-зайыптылар және
ата-аналар ретiндегi құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтетiн Азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi
туралы нормативтiк құқықтық актiмен белгiленедi.
166-бап. Мемлекеттiк баж
1. Тууды тiркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке қию,
некенi бұзу, тегiн, атын және әкесiнiң атын, ұлтын
және жынысын өзгерту үшiн, сондай-ақ туу, неке, некенi
бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге,
толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктер
және азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталап куәлiктер
беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық
кодексiнде белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.
2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн
тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру Қазақстан
Республикасының Салық кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж
алынбай жүргiзiледi.
Ескерту. 166 бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2001.12.24 N 276 Заңымен.
167-бап. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды өзгерту,
толықтыру және түзету тәртiбi
1. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда және мүдделi
адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал
актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер
енгiзудi азаматтық хал актiлерiн жазатын органдар жүргiзедi. Мүдделi
адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал
актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер енгiзу, оларды түзету мәселелерi
сот тәртiбiмен шешiледi.
2. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер, толықтырулар
мен түзетулер енгiзу туралы арыздар - арыз берушiнiң тұрақты
тұратын жерi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын органға,
ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы
азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн Қазақстан
Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында
тiркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының
шетелдiк мекемелерi берiледi.
3. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер , толықтырулар
мен түзетулер енгiзудi жазба жазылған жер бойынша азаматтық
хал актiлерiн жазатын орган жүргiзедi. Азаматтық хал актiлерiн жазуға
өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзуден бас тартуға
сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
168-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына
келтiру
1. Азаматтық хал актiлерiнiң жоғалған жазбаларын қалпына
келтiру туралы арыз сол арызды берушiнiң тұрақты тұратын
жерi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты
тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ
азаматтық хал актiлерi Қазақстан Республикасының
азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде
тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк
мекемелерiне берiледi.
2. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын қалпына келтiру тиiстi жазбаның
бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда
немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жасалады.
3. Азаматтық хал актiлерi жазбасының жоғалғаны сол жоғалған
жазба болған жер бойынша азаматтық хал актiлерi жазбасының
облыстық (қалалық) архивi растауға тиiс.
4. Азаматтық хал актiлерiн жазатын органдардың жоғалған
жазбаны қалпына келтiруi мүмкiн болмаған жағдайда
азаматтық хал актiлерiн тiркеу фактiсi Қазақстан
Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген
ережелер бойынша сот тәртiбiмен анықталады.
5. Азаматтық хал актiлерiнiң қалпына келтiрiлген жазбаларын
тiркеудi жоғалған жазба болған жердегi азаматтық хал
актiлерiн жазатын орган жүргiзедi.
169-бап. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды жою
1. Азаматтық хал актiлерi жазбасының:
1) сот шешiмiнiң негiзiнде;
2) мүдделi адамдардың арызы бойынша;
3) жойылуға тиiстi бастапқы, қалпына
келтiрiлген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық
хал актiлерiн жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкiн.
2. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушiнiң
тұрақты тұратын жерi бойынша - сотқа немесе азаматтық
хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал
актiлерi Қазақстан Республикасының азаматтық хал
актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде тұрақты
тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне
берiледi.
3. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою жойылуға тиiстi жазба болған
жерде жүргiзiледi.
170-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу ережелерiн бұзғаны
үшiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi
Лауазымды адамдар азаматтық хал актiлерiн тiркеуден негiзсiз бас тартқаны
үшiн, халықтың табиғи қозғалысын есепке алу
жөнiндегi мәлiметтердi белгiленген мерзiмде тапсырмағаны
немесе терiс мәлiметтер тапсырғаны үшiн, сондай-ақ бала
асырап алу құпиясын жария еткенi үшiн (осы Заңның
91-бабы) заңда белгiленген тәртiппен жауап беруге тиiс.
171-бап. Азаматтардың некеге тұруға кедергi келтiретiн
мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал
актiлерiн жазатын органдарға жалған мәлiметтер
бергенi үшiн жауапкершiлiгi
Некеге тұруға кедергi келтiретiн мән-жайларды жасырғаны
немесе азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарға жалған мәлiметтер
бергенi үшiн азаматтар заңдарға сәйкес жауап бередi.
23-тарау. Тууды тiркеу
172-бап. Тууды тiркеу тәртiбi
1. Балалардың тууын тiркеудi азаматтық хал актiлерiн жазатын
органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не
олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.
2. Туу туралы арызды ата-аналары немесе олардың бiреуi, ал ата-аналары қайтыс
болған, науқастанған жағдайда немесе басқа да
себептермен арыз беру мүмкiн болмаған ретте мүдделi адамдар
немесе бала туған кезде шешесi жатқан емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi
жазбаша немесе ауызша түрде бередi. Арызға емдеу мекемесiнiң
анықтамасы, ал бала үйде туған жағдайда дәрiгердiң,
басқа бiр медицина қызметкерiнiң немесе олар болмаған
жағдайда кемiнде екi куәнiң арызы қоса берiледi.
Азаматтық хал актiлерi жазылатын кiтаптарға ата-анасын,ата-анасының
атын, әкесiнiң атын, тегiн, ұлтын жазу осы Заңның
49, 50, 55-баптарының 1-3-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын тiркеу (осы Заңның
61-бабы) жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
173-бап. Әкесi қайтыс болғаннан кейiн немесе неке
бұзылғаннан кейiн не неке заңсыз деп
танылғаннан кейiн туған балалардың
тууын тiркеу
Некеде тұрған кезде бойға бiткен және әкесi қайтыс
болғаннан кейiн немесе неке бұзылғаннан кейiн не неке заңсыз
деп танылғаннан кейiн туған баланың тууын тiркеу, егер әкесi
қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз
деп танылған күннен екi жүз жетпiс күннен аспаған
болса, жалпы негiзде жүргiзiледi.
174-бап. Туу туралы арыз беру мерзiмдерi
Туу туралы арыз азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына бала туған
күннен бастап екi айдан, ал бала өлi туған жағдайда
босанған кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрмей жасалуға
тиiс.
175-бап. Тауып алынған баланың туылғанын тiркеу тәртiбi
Тауып алынған баланың туылғаны, егер ол бұрын
тiркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесi әкiмшiлiгiнiң
немесе iшкi iстер органдарының мәлiмдемесi бойынша тауып алынған
күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрмей тiркелуге тиiс. Мәлiмдемеге
бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетiп,
iшкi iстер органы немесе республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергiлiктi атқарушы органдары жасаған хаттама қоса тiркеледi.
Ескерту. 175-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
176-бап. Тууды салтанатты жағдайда тiркеу
Ата-аналардың тiлегi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы
баланың тууын салтанатты жағдайда - азаматтық хал актiлерiн
жазу органының үй-жайында, сондай-ақ азаматтық хал
актiлерiн жазатын органдар мен жаңа туған баланың
ата-аналарының келiсiмiмен өзге жерде тiркеудi Азаматтық хал
актiлерiн тiркеу тәртiбiне сәйкес қамтамасыз етедi.
177-бап. Туу туралы жазбалар кiтабына енгiзiлетiн
мәлiметтер
РҚАО-ның ескертуi!
1-тармаққа
2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының
2007.01.12 N 224 Заңымен өзгерту
енгiзiледi.
1. Баланың туу туралы жазбалар кiтабына баланың туған уақыты,
туған жерi, жынысы, оған қойылған аты, тегi, әкесiнiң
аты, сондай-ақ ата-аналарының аты, әкесiнiң аты, тегi
олардың тұрақты тұратын жерi және ата-ананың
тiлегi бойынша олардың ұлты жазылуға тиiс.
Жазылған жазбаға сәйкес тууы
туралы куәлiк берiледi.
2. Бала өлi туған жағдайда туу
туралы жазбалар кiтабындағы ерекше бағанада тиiстi белгi жасалады.
24-тарау. Әке болуды анықтауды
тiркеу
178-бап. Әке болуды анықтауды тiркеу тәртiбi
1. Әке болуды анықтауды тiркеу осы Заңның 46-бабының
4-тармағында көзделген жағдайларда ата-ананың бiреуi тұратын
жер бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында, ал осы Заңның
47-бабында көзделген жағдайларда әке болуды анықтау
туралы сот шешiмi шығарылған жердегi азаматтық хал актiлерiн
жазу органдарында жүргiзiледi.
2. Кәмелетке толған адамдар жөнiнде
әке болуды анықтауды тiркеуге олардың келiсiмiмен ғана
жол берiледi.
179-бап. Әке болуды анықтау туралы куәлiк және баланың
тууы туралы жаңа куәлiк беру
Әке болуды анықтауды тiркеген кезде азаматтық хал актiлерiн
жазу органдары әке болуды анықтау туралы актiлердi тiркеу кiтабына
бала, оның анасы мен әкесi туралы мәлiметтердi жазады, әке
болуды анықтау туралы куәлiк және баланың тууы туралы
жаңа куәлiк бередi.
25-тарау. Некенi тiркеу
180-бап. Некенi тiркеу туралы арыз
Некесiн тiркегiсi келетiн адамдар арыз берушiнiң бiреуi тұратын
жердегi не өздерiнiң ата-аналары тұратын жердегi азаматтық
хал актiлерiн жазу органына арыз бередi.
181-бап. Некеге тұратын адамдардың арыздарын қабылдау
1. Некеге тұратын адамдар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;
2) белгiленген неке жасын кемiту қажет
екенiн растайтын, осы Заңның 10-бабында аталған құжаттарды;
3) бұрынғы некелерi туралы мәлiметтердi;
4) балалары туралы мәлiметтердi көрсетуге
мiндеттi.
2. Некеге тұратын адамдармен келiсе отырып, некенi тiркеу мерзiмi белгiленедi
(осы Заңның 13-бабы).
182-бап. Некенi тiркеу тәртiбi
1. Некенi тiркеу азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында (бөлiмдерiнде),
ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада,
кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - әкiм
аппаратында жүргiзiледi.
Жоғарыда аталған органдардың
лауазымды адамы:
1) некеге тұру ниетi туралы берiлген
арыздарды жария етедi;
2) некелесушiлерге болашақ жұбайлардың
құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
3) некеге тұруға келiсетiнiн және
жұбайлардың қалап алатын тектерiн анықтайды.
2. Неке қиюға кедергi жоқ болған жағдайда
азаматтық хал актiлерi жазылатын кiтапқа неке туралы жазба
жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және
оны азаматтық хал актiлерiн жазу органының лауазымды адамы қол
қойып бекiтедi.
Ескерту. 182-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
183-бап. Некенi салтанатты жағдайда тiркеу
Некенi тiркеу салтанатты жағдайда - азаматтық хал актiлерiн жазу
органдарының некенi салтанатты түрде тiркеуге арнайы белгiленген үй-жайларында,
сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн жазу органдары мен некеге
отыратын адамдардың келiсуi бойынша өзге жерлерде де жүргiзiлуi
мүмкiн.
184-бап. Неке туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке туралы жазба жасалғанға дейiн некенi тiркеу үшiн
кедергiлер бар екендiгi туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам
жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушiден белгiленген мерзiмде
тиiсiнше деректi айғақтар берудi талап етуге мiндеттi. Бұл
мерзiм бiр айдан аспауы керек.
185-бап. Ерлi-зайыптыларға неке туралы куәлiк беру
Некенi тiркеу өткiзiлгеннен кейiн ерлi-зайыптыларға неке туралы куәлiк
берiледi.
26-тарау. Некенiң бұзылуын
тiркеу
186-бап. Сот шешiмi бойынша некенiң бұзылуын тiркеу
Некенiң тоқтатылуын соттың заңды күшiне енген
шешiмi негiзiнде тiркеу (осы Заңның 22-бабы) сот шешiмi шығарылған
жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органында некенiң бұзылғаны
туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi және
сот шешiмi бойынша өндiрiп алынуға тиiстi соманың төленгенi
туралы түбiршектiң негiзiнде жүргiзiледi.
187-бап. Некенiң бұзылуын ерлi-зайыптылардың өзара
келiсiмi бойынша тiркеу
1. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара
келiсiмi бойынша некенiң бұзылуын тiркеу (осы Заңның
16-бабының 1-тармағы) ерлi- зайыптылардың екеуi немесе бiреуi
тұратын жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына некенi бұзу
туралы ерлi-зайыптылардың бiрлесiп берген арызы негiзiнде жүргiзiледi.
2. Некенiң бұзылуын ресiмдеу және
некенiң бұзылғаны туралы куәлiктi ерлi-зайыптыларға
беру олар өтiнiш берген күннен бастап бiр ай өткеннен кейiн жүргiзiледi.
188-бап. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе
ұзақ мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған
адаммен некенiң бұзылуын тiркеу
1. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе қылмыс
жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан
айыруға сотталған (осы Заңның 16-бабының 2-тармағы)
адаммен некенiң бұзылуын тiркеудi екiншi жұбайдың арызы
мен соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң немесе үкiмiнiң
көшiрмесiн не шешiм яки үкiмнен алынған үзiндiнi көрсету
негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу органы жүргiзедi.
2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы
арыз түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде қамауда жатқан
жұбайға не әрекетке қабiлетсiз жұбайдың қорғаншысына
немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайдың мүлкiне қорғаншыға
хабарлама алынған күннен бастап он бес күн мерзiм белгiлей
отырып хабарлауға мiндеттi, осы мерзiм iшiнде олар арыз бойынша өздерiнiң
арасында дау бар екенi туралы хабарлауға құқылы.
189-бап. Некенiң бұзылуы туралы куәлiк беру
1. Некенiң бұзылуын тiркеу жасалғаннан кейiн тараптардың
әрқайсысына олардың арызы бойынша некенi бұзылғаны
туралы куәлiк берiледi.
2. Егер неке сот тәртiбiмен бұзылса,
некенiң бұзылуы туралы куәлiкте некенiң бұзылуы
туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгiзiлетiн күнi көрсетiлуге
тиiс.
27-тарау. Бала асырап алуды тiркеу
190-бап. Бала асырап алуды тiркеу негiзi
Бала асырап алу соттың заңды күшiне енген бала асырап алу
туралы шешiмi негiзiнде бала асырап алу азаматтық хал актiлерiн жазу
органдарында тiркеледi.
191-бап. Бала асырап алуды тiркеу орны
Бала асырап алуды тiркеу бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылған
жерде жүргiзiледi.
192-бап. Бала асырап алу туралы куәлiк және баланың тууы
туралы жаңа куәлiк беру
Азаматтық хал актiлерiн жазу органдары бала асырап алу туралы куәлiк
бередi. Асырап алынған баланың тегiн, атын және әкесiнiң
атын өзгерткен жағдайда (осы Заңның 86-бабы), сондай-ақ
туу туралы жазбалар кiтаптарына бала асырап алушыны асырап алынған баланың
ата-анасы ретiнде жазғанда (осы Заңның 88-бабы) туу туралы жаңа
куәлiк берiледi.
193-бап. Бала асырап алу туралы жазбаны жою
1. Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшiн жою туралы немесе
бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот
шешiмi негiзiнде жойылады.
2. Егер бала асырап алудың күшi
олардың өтiнiшi бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтiнiштi
баланың ата-анасы, егер оның талап етуi бойынша бала асырап алудың
күшiн жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган
бередi.
28-тарау. Атын, әкесiнiң
атын және тегiн өзгертудi тiркеу
194-бап. Атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгертудi
тiркеу
тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн, атын, әкесiнiң
атын өзгертуiне олар он алты жасқа толғаннан кейiн рұқсат
берiледi. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi және оны
тiркеудi арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi азаматтық
хал актiлерiн жазу органдары жүргiзедi. Тегiн, атын, әкесiнiң
атын өзгертуден бас тарту жөнiнде сотқа заңда
белгiленген мерзiмде шағым жасалуы мүмкiн.
2. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту
туралы өтiнiштердi қарау Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
29-тарау. Қайтыс болуды тiркеу
195-бап. Қайтыс болуды тiркеу тәртiбi
1. Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлдi деп
жариялау туралы және өлу фактiсiн анықтау туралы сот
шешiмдерi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында тiркеледi.
2. Қайтыс болуды тiркеу өлген адамның тұрған
жерiндегi немесе ол қайтыс болған жердегi азаматтық хал
актiлерiн жазу органдарында жүргiзiледi.
3. Адамды өлдi деп жариялау туралы және өлу фактiсiн анықтау
туралы сот шешiмдерiн тiркеу шешiм шығарылған жерде жүргiзiледi.
196-бап. Қайтыс болуы туралы мәлiмдеме беру мерзiмi
Қайтыс болу туралы мәлiмдеме жетi тәулiктен кешiктiрмей, ал
адам зорлықпен өлтiрiлсе, өзiн-өзi өлтiрсе,
жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ өлiк табылған
жағдайда өлген немесе өлiк табылған кезден бес күннен
кешiктiрмей берiлуге тиiс.
197-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеме беретiн адамдар мен
органдар
Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi өлген адаммен бiрге тұрған
адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын
үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi немесе адам қайтыс
болған жердегi мекеменiң әкiмшiлiгi немесе өлiктi тапқан
iшкi iстер органы жазбаша немесе ауызша түрде жасайды.
198-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеменiң мазмұны
Қайтыс болу туралы мәлiмдемеде мәлiмдеушi өлген адам
туралы мына мәлiметтердi: өлген адамның аты, әкесiнiң
аты, тегi, туған жылы, соңғы тұрған жерi және
оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы
мен күнi, қайтыс болу себебi, сондай-ақ қайтыс болу
туралы мәлiмдеме жасаған адамның аты, әкесiнiң
аты, тегi және тұрғылықты жерi көрсетiледi.
199-бап. Қайтыс болу фактiсiн куәландыру
1. Қайтыс болу фактiсi дәрiгердiң куәлiгiмен , ал оны
беру мүмкiн болмаған жағдайда екi куәнiң айғағымен
куәландырылады.
2. Өлiктiң табылғаны туралы мәлiмдемеге тиiстi
мемлекеттiк органдар жасаған хаттама қоса тiркеледi.
7-бөлiм. Неке-отбасы заңдары
нормаларының шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы
200-бап. Қазақстан Республикасының аумағында неке қию
1. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың
нысаны мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың
ережелерi, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе,
некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын
кезде қай мемлекеттiң азаматы болса, сол мемлекеттiң заңдарымен,
осы Заңның 9-11-баптарының неке қиюға кедергi
болатын мән-жайлар жөнiндегi талаптарын сақтай отырып
белгiленедi.
3. Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының
аумағында некесiн қию ережелерi сол адамның тұрақты
тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi.
201-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде
неке қию
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке Қазақстан
Республикасының шетелдiк мекемелерiнде қиылады.
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде
шетелдiктер арасында қиылған некелер, егер бұл адамдар
некелескен кезде Қазақстан Республикасындағы елшiсiн немесе
консулын тағайындаған шет мемлекеттiң азаматтары болып
табылса, екi жаққа бiрдей болу шартымен Қазақстан
Республикасында заңды деп танылады.
202-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
жерлерде
қиылған некенi тану
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктердiң
немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған
некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттiң заңын
сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11-бабында көзделген
жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында
заңды ден танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде
шетелдiктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған
мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан
Республикасында заңды деп танылады.
203-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
жерлерде қиылған некенiң заңсыздығы
Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенiң
заңсыздығы осы Заңның 200, 202- баптарына сәйкес
неке қию кезiнде қолданылған заңдармен айқындалады.
204-бап. Некенiң бұзылуы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер
немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер
арасындағы некенi бұзу Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын
Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некенi оның
азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының
сотында бұзуға құқылы. Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес некенi азаматтық хал
актiлерiн жазу органдарында бұзуға жол берiлетiн жағдайда
неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы
мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ
адамдар арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын
сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды
деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде
шетелдiктер арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын
сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды
деп танылады.
205-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк
жеке құқықтары мен мiндеттерi
Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары
мен мiндеттерi аумағында екеуiнiң бiрге тұратын жерi бар
мемлекеттiң заңдарымен, ал екеуiнiң бiрге тұратын жерi
болмаған жағдайда - аумағында екеуiнiң бiрге тұрған
соңғы жерi болған мемлекеттiң заңдарымен
белгiленедi. Бұрын бiрге тұрған жерi болмаған
ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары
мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi .
206-бап. Әке (ана) болуды анықтау және даулау
1. Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған
кезде азаматы болған мемлекеттiң заңдарымен айқындалады.
2. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртiбi
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi . Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында азаматтық хал актiлерiн жазу
органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берiлсе, баланың
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын
тым болмаса бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан
Республикасының шетелдiк мекемелерiне арыз беруге құқылы.
207-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары
мен
мiндеттерi
Ата-аналардың және балалардың құқықтары
мен мiндеттерi, соның iшiнде ата-аналардың балаларын асырап-бағу
жөнiндегi мiндетi аумағында олардың бiрге тұратын жерi
бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Ата-аналар мен балалардың
бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда ата-аналардың және
балалардың құқықтары мен мiндеттерi бала азаматы
болып табылатын мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Талапкердiң
талап етуi бойынша алименттiк мiндеттемелерге және ата-ана мен балалардың
арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты
тұратын мемлекеттiң заңдары қолданылуы мүмкiн.
208-бап. Кәмелетке толған балалардың және басқа
да отбасы
мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына
алименттiк мiндеттемелерi, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерiнiң
алименттiк мiндеттемелерi аумағында олардың бiрге тұратын
жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бiрге тұратын
жерi болмаған жағдайда мұндай мiндеттемелер алимент алуға
құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң
заңдарымен белгiленедi.
209-бап. Бала асырап алу
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктердiң,
азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның
iшiнде бала асырап алудың күшiн жою осы заңның 76-78,
82-84 және 96-баптарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының азаматтары шетелдiк болып табылатын баланы асырап алған
жағдайда баланың заңды өкiлiнiң және бала
азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының
келiсiмiн, сондай-ақ егер аталған мемлекеттiң заңдарына
сәйкес талап етiлетiн болса, асырап алуға баланың да
келiсiмiн алу қажет.
3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап
алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi
орган жүргiзген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан
тыс жерлерге кеткенге дейiн баланың тұратын республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан немесе оның
ата-анасынан (олардың бiреуiнен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат
алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды
деп танылады.
4. Егер бала асырап алудың нәтижесiнде баланың Қазақстан
Республикасының заңдарында және Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген құқықтары
бұзылса, бала асырап алудың күшi сот тәртiбiмен жойылуға
тиiс.
5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
балаларды шетелдiктерге асырап алуға берудiң тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
6. Шетелдiктерге асырап алуға берiлген балаларға бақылау
жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге
асырады.
Ескерту. 209-бапқа
өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
210-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал
актiлерiн тiркеу
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу Қазақстан
Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде азаматтық
хал актiлерiн тiркеу кезiнде, егер мүдделi адамдар Қазақстан
Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының
заңдары қолданылады.
211-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын
шет мемлекеттердiң құжаттарын тану
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасының азаматтары, шетелдiктер және азаматтығы жоқ
адамдар жөнiнде тиiстi мемлекеттердiң заңдары бойынша
азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын шет
мемлекеттердiң құзыреттi органдары берген құжаттар
консулдық ресмилендiрiлген жағдайда Қазақстан
Республикасында жарамды деп танылады.
212-бап. Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының
Қазақстан Республикасында қолданылуы
Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының нормалары
оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына
қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда
Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
213-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында
белгiленгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi