Лицензиялау туралы

1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар

1. Осы Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi.

2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберiнде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейдi.  

2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы  заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.  

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бiлiктiлiк талаптары – өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;

2) бiрыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бiр қызмет түрiнiң шеңберiнде өндiрiс процесiнде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгiленген шара;

3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi – өтiнiш берушi, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкiлеттiгi бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлеттi қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрiн және ондағы деректердi электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн электрондық құжат;

3-2) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

4-1) лицензиардың электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгiзген мәлiметтердi қамтитын лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнiң ажырамас бөлiмi;

5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

6) лицензия - тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;

7) лицензияланатын қызмет түрi (бұдан әрi - қызмет түрi) - айналысу үшiн осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

8) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрi (бұдан әрi - қызметтiң кiшi түрi) - тиiстi қызмет түрiн бiр лицензия шеңберiнде нақтылау;

8-1) лицензиялар тiзiлiмi - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;

9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен);

9-1) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын, лицензиарлар беретiн лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрiн орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;

9-2) лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрi – әкiмшiлiк құжаттарды нөмiрлеу мен кодтаудың бiрыңғай жүйесiнiң стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде генерацияланатын бiрегей нөмiр;

10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресiмдеуге, лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;

11) лицензиялық бақылау – лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлгенге дейiн өтiнiш берушiнiң немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берiлгеннен кейiн лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

11-1) лицензияның электрондық нысаны – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;

12) өтiнiш берушi - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиiстi лицензиарға өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;

13) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүргiзудi жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiретiн мемлекеттiк орган;

14) электрондық лицензия – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.

 Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

4-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi

1. Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу ұлттық қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында белгiленедi.

3. Осы Заңда қызмет түрлерiнiң және қызметтiң кiшi түрлерiнiң егжей-тегжейлi тiзбесi белгiленедi.

 4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар тiзбесiн, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.

5. Қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнiмге қойылатын талаптар, жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау жөнiндегi талаптар мемлекеттiк әкiмшiлiк ету мақсаттарына жету үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.

6. Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

7. Лицензияның күшi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

 8. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға жатпайды.

Қызмет түрiнiң бiрыңғай технологиялық процеске кiретiнi және (немесе) оны қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементiне жатқызу туралы қорытындыны өтiнiш берушiнiң өтiнiшi негiзiнде лицензиардың сұрауы бойынша құзыреттi (салалық) орган бередi.

 9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

 Кредиттiк серiктестiктер, орталық депозитарий, бiрыңғай тiркеушi, мемлекет қатысатын кредиттiк бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүргiзетiн қызметтi қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

 Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҮЙЕСI  

5-бап. Мемлекеттiк лицензиялау жүйесiнiң құрылымы

Мемлекеттiк лицензиялау жүйесi:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен;

2) уәкiлеттi органнан;

3) лицензиарлардан тұрады.  

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;

2) лицензиарларды айқындау;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiн бекiту;

4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетiн өтiнiш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн өтiнiш нысанын бекiту;

6) өндiрiлуi, өңделуi, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиiс улардың тiзбесiн бекiту;

7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

8) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетiндiгi бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау;

9) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту;

9-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерiнiң құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын бекiтуi;

10) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

 Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

 Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;

2) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiне қол жеткiзу құқықтарын дамыту, белгiлеу процесiн, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;

2-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерiнiң құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын әзiрлеуi;

3) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын әзiрлеу;

4) қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қоспағанда, лицензиялардың және лицензиялардың қосымшаларының нысандарын әзiрлеу;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

 Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

8-бап. Мемлекеттiк органдардың құзыретi

Лицензиарлардың құзыретiне:

1) жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптары жобаларын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiн әзiрлеу және уәкiлеттi органмен келiсу.

Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын және оларға сәйкестiгiн растайтын құжаттар тiзбесiн әзiрлеудi, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;

2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;

3) лицензиялау;

4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;

5) азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзу және оны ай сайын өзiнiң интернет-ресурсында орналастыру жатады.

Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:

лицензиардың атауы;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;

дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;

заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;

қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;

лицензияның қолданылу мерзiмi;

төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;

жеке сәйкестендiру нөмiрi;

бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

 лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;

лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;

лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;

лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын филиалдары, өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;

6) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия берудi келiсу туралы мемлекеттiк органдарға сауал жiберу;

7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;

8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.

Лицензиат филиалын (өкiлдiгiн, объектiсiн, пунктiн, учаскесiн) құрған, оның орналасқан жерiн өзгерткен жағдайда он жұмыс күнi iшiнде – лицензиардың мекен-жайына, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкiлдiктiң, объектiнiң, пункттiң, учаскесiнiң) орналасқан жерi бойынша оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса хат жолдауға мiндеттi. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң тиiстi қызмет түрiне (кiшi түрiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлейдi. Ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болған жағдайда тиiстi деректердi лицензиялар тiзiлiмiне енгiзедi.

Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тiзiлiмiне филиал (өкiлеттiк, пункт) құру, оның орналасқан жерiн өзгерту туралы деректердi енгiзудi лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

 Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

9-бап. Лицензиялардың түрлерi мен қолданысы

 Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша:

1. Субъектiлер бойынша:

 1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiлетiн;

 2) шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берiлетiн болып бөлiнедi.

2. Қызмет көлемi бойынша:

 1) бас лицензия – қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысуға қолданыс мерзiмi шектеусiз берiлетiн;

 2) бiржолғы лицензия – рұқсат етiлген мерзiм, көлем, салмақ немесе саны шегiнде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрiмен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласында қызмет түрлерiмен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген көлем шегiнде үлескерлердiң ақшаларын тарту есебiнен тұрғын үйлердiң құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға;

 3) операциялық лицензия – банк қызметiнде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметiнде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берiлетiн болып бөлiнедi.

3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:

1) бас лицензия – кеден одағына мүше мемлекеттiң шешiмi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лицензия;

2) ерекше лицензия – сыртқы сауда қызметiне қатысушыға жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретiн лицензия;

3) бiржолғы лицензия – сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және белгiлi бiр санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лицензия.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары

Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензиаттың санатын;

өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензияланатын қызмет түрi жүзеге асырылатын саланы көрсету үшiн енгiзiледi.

 Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны

Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Қызметтiң кiшi түрлерi көрсетiлетiн лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлiгi болып табылады.

Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда берiледi. Өтiнiш берушi немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрiмен және басшысының қолымен расталады.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткiзгiште берiледi.

  Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  



11-бап. Лицензиялау салалары

 Мынадай:

1) өнеркәсiп; 

2) атом энергиясын пайдалану;

3) улы заттар айналымы; 

4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

5) көлiк; 

6) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;

7) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 

8) жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдар;

9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерiнiң,  жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы; 

10) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану;

11) ақпараттандыру және байланыс;

12) бiлiм беру;

13) бұқаралық ақпарат құралдары;

14) ауыл шаруашылығы;

15) денсаулық сақтау;

16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; 

17) ойын бизнесi; 

18) ветеринария;

19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерi ескерiле отырып, сот-сараптама;

20) мәдениет;

21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; 

22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;  

23) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн дайындау; 

24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

25) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы;

26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

27) тауарлар экспорты мен импорты;

28) тауар биржалары салаларындағы қызметтiң жекелеген түрлерi лицензиялануға тиiс.

 Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 3-тарау. ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI  

12-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;

қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;

ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;

кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;

пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;

кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;

ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;

ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткiзу және игеру;

мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;

құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;

мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;

мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;

магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;

2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;

3) заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi.

 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi  лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң тiршiлiк циклiнiң кезеңдерiне байланысты жұмыстарды орындау.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

ядролық қондырғылар, радиоактивтi қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы;

ядролық қондырғыларды, радиоактивтi қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану;

ядролық қондырғыларды, радиоактивтi қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;

ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезiнде жұмыстарды және жобаларды басқару;

2) ядролық материалдармен жұмыс iстеу.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

ядролық материалдарды өткiзу;

ядролық материалдарды пайдалану;

ядролық материалдарды сақтау;

3) радиоактивтi заттармен, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеу.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;

радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;

радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау;

радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткiзу;

табиғи уранды өндiру және қайта өңдеу;

4) иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеу.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;

иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;

5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

құрамында иондаушы сәулеленудiң радиоизотоптық көздерi бар немесе иондаушы сәулеленудi генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;

иондаушы сәулелену көздерiнiң, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;

аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлiк құралдарын радиациялық бақылау;

өнiмдердегi, материалдардағы, қоршаған орта объектiлерiндегi радионуклидтердiң барын анықтау, радон және басқа да радиоактивтi газдардың шоғырлануын өлшеу;

персоналды дозиметрлiк жеке бақылау;

6) радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеу.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

радиоактивтi қалдықтарды жинау және сұрыптау;

үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивтi ластанудан тазарту);

радиоактивтi қалдықтарды өңдеу;

радиоактивтi қалдықтарды сақтау және көму;

аумақтар мен объектiлердi радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтiру;

7) ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудiң радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау;

8) ядролық сынақтар жүргiзу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;

9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

физикалық қорғау жүйелерiн жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;

ядролық материалдарды және радиоактивтi заттарды тасымалдау кезiнде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;

10) ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.

 Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметтi  лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою;

уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану;

уларды сатып алу, сақтау, өткiзу.

Нормативтiк құжаттарға сәйкес сынақтар, зерттеулер және дезинфекция жүргiзу үшiн қажеттi көлемде улы заттарды пайдаланатын аккредиттелген зертханалардың қызметi улар айналымы саласындағы лицензиарға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен, удың жылдық қажеттiлiгi туралы ақпарат және оларды пайдалану туралы жыл сайынғы есеп бере отырып, лицензиялаусыз жүзеге асырылады;

2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану.

 Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау);

пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу;

пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану.

 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

15-бап. Техникалық қауiпсiздiк саласындағы қызметтi  лицензиялау

 Ескерту. 15-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

16-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау

 Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

17-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың  айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау

Есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

 Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткiзу, пайдалану, жою;

құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;

денсаулық сақтау жүйесiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткiзу, пайдалану, жою.  

18-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету  саласындағы қызметтi лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және өткiзу (оның iшiнде өзге де беру).

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу;

ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткiзу (оның iшiнде өзге де беру);

3) ақпараттың таралып кетуiне жол беретiн техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнiнде қызметтер көрсету.

 Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

19-бап. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған  арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметтi  лицензиялау

 Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткiзу жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру;

жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткiзу.

 Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару  түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып  жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметтi  лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: 

1) монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу. 

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

1) монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру;

монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу;

монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу;

2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу. 

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерiнiң өндiрiстiк қажеттiлiктерi үшiн сатып алу;

3) босатылған оқ-дәрiнi, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу. 

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

босатылған оқ-дәрiнi жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;

босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;

4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

5) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.

 Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу;

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын өндiру;

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын жөндеу;

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сату;

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын экспонаттау;

5-1) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатып алу;

6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, пайдалану.

 Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;

7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.

 Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

21-бап. Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi  лицензиялау

Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндiрудi, пайдалануды, жөндеудi және жаңғыртуды, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенiн, стендтiк базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.   

22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы  қызметтi лицензиялау

 1. Байланыс саласында қызметтер көрсетудi ұсыну жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

 Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

қалааралық телефон байланысы;

халықаралық телефон байланысы;

спутниктiк жылжымалы байланыс;

ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).

2. Мынадай қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу талап етiлмейдi:

1) меншiктi не жалға алынған желiлiк немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиiстi лицензиялар негiзiнде әрекет ететiн басқа байланыс операторларының қызметтерiн ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi.

Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледi, олардың құрылымы лицензиармен келiсiлуге тиiс. Делдалдар қызметтердi шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға мiндеттi. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердiң сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап бередi;

2) өндiрiсiшiлiк қызметтi және технологиялық процестердi, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға байланыс қызметтерiн ұсынбай радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерiн пайдаланбай, басқаруға арналған желiлердi құру және пайдалану жөнiндегi қызмет;

3) байланыс қызметтерiн көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосылмаған және негiзгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтiк және пейджингтiк байланыс) жөнiндегi қызмет.

Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиiлiк, радиожиiлiк жолақтарын (радиожиiлiк арналарын) пайдалану үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бередi.

  Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

23-бап. Бiлiм беру саласындағы қызметтi лицензиялау

 Бiлiм беру қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

Қызметтiң бұл түрi қызметтiң мынадай кiшi түрлерiн қамтиды:

бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беру бағдарламалары;

техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң, оның iшiнде кәсiптер мен мамандықтар бойынша кәсiптiк бағдарламалары;

орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң, оның iшiнде мамандықтар бойынша кәсiптiк бағдарламалары;

дiни бiлiм беру бағдарламалары.

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

24-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы  лицензиялау

Теле-, радиоарналарын тарату жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн  лицензияның болуы талап етiледi.

 Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

25-бап. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтi лицензиялау

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету;

3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету;

4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау

Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) медициналық қызмет.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;

диагностика;

патологиялық анатомия;

клиникалық зертханалық диагностика;

қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, өңдеу, сақтау және өткiзу;

ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:

акушерлiк және гинекология;

педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер; инфекциялық аурулар; фтизиатрия;

хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бетсүйек хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;

анестезиология және реаниматология;

дерматовенерология (дерматокосметология);

психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

онкология;

стоматология;

дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия;

медициналық реабилитология;

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;

еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;

санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет түрлерiн өткiзу;

2) фармацевтикалық қызмет.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

дәрiлiк заттар өндiрiсi;

медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiрiсi;

медициналық техника өндiрiсi;

дәрiлiк препараттарды дайындау;

медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;

дәрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзу;

дәрiлiк заттарды бөлшек саудада өткiзу.

 Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету  саласындағы қызметтi лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) адвокаттық қызмет;

2) нотариаттық қызмет;

3) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);

4) зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтер құнын бағалау;

5) аудиторлық қызмет;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсетумен айналысу.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;

шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн экологиялық аудит;

7) лотерея ұйымдастыру және өткiзу;

8) заңды тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыру;

9) туроператорлық қызмет;

10) жеке сот орындаушыларының қызметi.

  Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

28-бап. Ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялау

Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: 

1) казино қызметi;

2) ойын автоматтары залының қызметi;

3) букмекерлiк кеңсе қызметi;

4) тотализатор қызметi.  

29-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау

 Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру;

жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу.

 Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметтi лицензиялау

 Сот-сараптама қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.  

31-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi лицензиялау

Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн лицензияның болуы талап етiледi.   

32-бап. Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы  ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi  лицензиялау

Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) банк операциялары:

заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;

жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;

банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргiзуi, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшерi көрсетiледi;

кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеудi, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруi;

аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемi мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға ғана берiледi;

есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерiн және өзге де борыштық мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);

банктiк қарыз операциялары: банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарының төлем жасалу, мерзiмдiк және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруi;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;

ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беру;

үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банктiк тапсырмалар мен өзге де мiндеттемелердi беру;

2) банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар:

тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткiзу;

құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткiзу;

вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлеушiнiң вексельдерге ақы төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендiрiлген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептi;

лизингтiк қызметтi жүзеге асыру;

меншiктi бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару;

факторингтiк операциялар: төлем жасамау тәуекелiн қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеудi талап ету құқығын иелену;

форфейтингтiк операциялар (форфейтер): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының борыштық мiндеттемесiне ақы төлеу;

сенiмгерлiк операциялар: сенiмгердiң мүддесiне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

сейфтiк операциялар: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса алғанда, клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөнiндегi қызметтер;

2-1) ислам банктерi жүзеге асыратын банк операциялары:

жеке және заңды тұлғалардың талап етiлгенге дейiн процентсiз депозиттерiн қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;

жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерiн қабылдау;

банктiк заем операциялары: ислам банкiнiң мерзiмдiлiк, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруi;

кәсiпкерлiк қызметтi мынадай түрде қаржыландыру: коммерциялық кредиттi бере отырып, сауда делдалы ретiнде сауда қызметiн қаржыландыру;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әрiптестiк талаптары бойынша өндiрiстiк және сауда қызметiн қаржыландыру;

лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;

ислам банкiнiң банк операцияларын жүргiзу кезiндегi агенттiк қызмет;

3) "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегiнде:

өмiрдi сақтандыру;

аннуитеттiк сақтандыру;

4) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегiнде:

жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

ауру жағдайына арналған сақтандыру;

автомобиль көлiгiн сақтандыру;

темiр жол көлiгiн сақтандыру;

әуе көлiгiн сақтандыру;

су көлiгiн сақтандыру;

жүктердi сақтандыру;

осы тармақшаның төртiншi-сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;

автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

осы тармақшаның оныншы - он екiншi абзацтарында

көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;

қарыздарды сақтандыру;

ипотекалық сақтандыру;

кепiлдiктер мен кепiлдемелердi сақтандыру;

осы тармақшаның он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы және он сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру;

өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру;

сот шығыстарын сақтандыру;

титулдық сақтандыру;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын мiндеттi сақтандыру түрлерi:

көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030446

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030444

 жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;

аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030440

туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030513

  өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру;

қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z040580

қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру; Z050030

мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi қызмет;

6) қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет.

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "жалпы сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.

"Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "өмiрдi сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.

Қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтiң ерекше түрi ретiнде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларындағы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы;

7) сақтандыру брокерiнiң қызметi;

 8) тәуелсiз актуарий ретiнде қызметтi жүзеге асыратын және тiзбесi мен оларға қойылатын талаптарды қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген актуарийлердiң халықаралық қауымдастықтарының мүшелерi болып табылатын адамдардың қызметiн қоспағанда, сақтандыру нарығындағы актуарийлiк қызмет;

9) брокерлiк қызмет;

10) дилерлiк қызмет;

 11) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

12) инвестициялық портфелдi басқару жөнiндегi қызмет;

13) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет;

14) кастодиан қызметi;

15) трансфер-агенттiк қызмет;

16) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөнiндегi қызмет;

16-1) қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша клиринг қызметi;

17) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;

18) мемлекет қатысатын кредиттiк бюроның қызметiн қоспағанда, кредиттiк бюроның қызметi.

  Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV(2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.07.15 N 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы  қызметтi лицензиялау

 Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:

1) iздестiру қызметi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:

геодезиялық орталықтарды салу және қалау;

жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;

жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейiнгi масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);

инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақты iске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;

инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:

геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;

жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;

2) жобалау қызметi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:

жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын – аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);

елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;

құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;

ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;

тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;

елдi мекендер мен қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;

құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;

инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;

ғимараттар мен құрылыстар үшiн сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:

объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтудi және ұйымдастыруды;

құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:

негiздер мен iргетастарды;

бетон және темiр-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;

металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;

инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:

жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеудi, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;

iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;

35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;

магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;

тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:

мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнаулы бiлiм беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;

көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:

энергетика өнеркәсiбiне арналған;

жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;

ауыр машина жасауға арналған;

медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;

бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;

мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;

көтергiш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:

автомобиль, электр, темiржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;

жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;

байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөнiндегi объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

мыналарды:

темiржол көлiгi қатынасы жолдарын;

барлық санаттағы автомобиль жолдарын;

қалалық электр көлiгiнiң көше-жол желiсiн;

көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайырықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

3) құрылыс-монтаж жұмыстары.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның iшiнде:

iргетас негiздерiн орналастыруды;

жер қабатындағы бұрғылау жұмыстарын;

суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;

объектiлердi күрделi жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын, ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткiзгiлер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның iшiнде:

металл конструкцияларды монтаждауды;

мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;

көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;

гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;

түтiн мұржаларын, күш түсетiн құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;

тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгiлеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;

көтергiш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергiш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;

монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерiн қалауды және ойықтарды толтыруды;

шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;

күрделi жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желiлiк құрылыстарды салу жөнiндегi арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның iшiнде:

қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);

мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;

кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулi электр беру магистральдық желiлерiн;

байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;

күрделi жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғысын, оның iшiнде:

темiржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;

газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;

суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;

электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтиды;

күрделi жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және темiржол құрылыстарын салу, оның iшiнде:

темiр жолдарға арналған негiздердi және оның беткi құрылыстарын салу;

I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтиды;

мыналармен:

гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;

құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;

театр-ойын-сауық, бiлiм беру, спорт мақсатындағы объектiлермен;

байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;

4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен ұйымдастыру жөнiндегi қызмет.

 Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн  дайындау саласындағы қызметтi лицензиялау

 Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын дайындау үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

 Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

35-бап. Кеден iсi саласындағы қызметтi лицензиялау

 Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

36-бап. Этил спиртiнiң және алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi  мен айналымы, темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi  саласындағы қызметтi лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) этил спиртiнiң өндiрiсi;

2) алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

арақтар мен айрықша арақтардың өндiрiсi;

ликер-арақ өнiмдерiнiң өндiрiсi;

шарап материалының өндiрiсi;

шарап өндiрiсi;

коньяк өндiрiсi;

бренди өндiрiсi;

сыра өндiрiсi;

3) алкоголь өнiмдерiн өндiру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату; 

 4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

5) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi.

 Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

37-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты  қызметтi лицензиялау

  Ескерту. 37-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметтi лицензиялау

 Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) тауар биржаларының қызметi;

2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметi.

Ескерту. 3-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды) Заңымен.

38-бап. Жалпы ережелер

 1. Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен бекiтiлген, үшiншi елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберiнде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бiрыңғай тiзбесi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.

Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшiн осы шектеулер енгiзiлген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлiнше шектеушiлiк немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиiс.

 2. Сыртқы экономикалық қызметтiң Бiрыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгiзiлген әрбiр тауарға лицензия берiледi.

Лицензиар мынадай лицензия түрлерiн бередi:

бiржолғы;

бас;

ерекше.

Лицензиар бас және ерекше лицензиялар берудi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.

 3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында есеп беруге мiндеттi.

Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның орындалуы туралы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында ақпарат беруге мiндеттi.

4. Бiржолғы лицензияның қолданыс кезеңi оның қолданыла бастаған күнiнен бастап бiр жылдан аспауға тиiс. Бiржолғы лицензияның қолданыс мерзiмi сыртқы сауда шартының (келiсiмшартының) қолданыс мерзiмiмен немесе лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзiмiмен шектелуi мүмкiн.

Сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн лицензияның қолданыс кезеңi квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.

Егер Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзiмi ол қолданыла бастаған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс, ал сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.

Ерекше лицензияның қолданыс мерзiмi әрбiр нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.

 Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

39-бап. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау

 Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

40-бап. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялау

 Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде  лицензиялау

 Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде өтiнiш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн импорттаушы елдiң заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтiнiш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленедi. Лицензия алуға өтiнiштi тауарлар кедендiк тазартылғанға дейiн кез келген жұмыс күнiнде беруге болады. Лицензия алуға өтiнiш пен қажеттi құжаттар тиiстi әрi толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күнi iшiнде берiледi.

Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

 Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны  беру шарттары

 1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi беретiн, қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды қоспағанда, өтiнiштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар берудi жүзеге асыратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) өтiнiш;

2) заңды тұлға үшiн – өтiнiш берушi жарғысының (түпнұсқалары берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған) көшiрмесi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамасы;

3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

6) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Жарғының көшiрмесiн (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалар берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлiгiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгi 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәлiметтер нысанынан алу мүмкiн болған жағдайда, талап етiлмейдi.

«Электрондық үкiмет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды беру кезiнде құжаттар электрондық нысанда берiледi.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн немесе салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттың электрондық көшiрмесi түрiнде ұсынылады.

Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшiн оларды ұсынған өтiнiш берушi немесе лицензиат жауапкершiлiкте болады.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады.

3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) өтiнiш;

2) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

4. Лицензиар өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады.

5. Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi мәнiне мемлекеттiк органдардың келiсiмдерiн алу үшiн лицензиар өтiнiш берушiнiң лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын орны бойынша тиiстi мемлекеттiк органдарға сауал жiбередi.

Мемлекеттiк органдар лицензиар сауалының негiзiнде он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы тиiстi лицензиарға жауап жiбередi.

Мемлекеттiк органдар осы Заңда белгiленген мерзiмде жауап жiбермеген жағдайда лицензия беру келiсiлдi деп саналады.

6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

Ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудiң ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).

 Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру  туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi

 1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтегi лицензиарларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгiленген тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.

Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.

2. Егер лицензиар осы Заңда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелдi түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзiмдерi өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берiлдi деп есептеледi.

Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзiмдерi өткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiге тиiстi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге мiндеттi.

Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi. Өтiнiштiң қабылданғаны туралы өтiнiш берушi алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.

 Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

44-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы  үшiн төленетiн лицензиялық алым

Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берiлген (қайта ресiмделген) кезде алынады.

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексiмен белгiленедi.

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.

Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды.

  Ескерту. 44-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.16 N 200-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгiзiледi); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  



45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны  беруден бас тарту

 1. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салынған;

2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

3) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;

4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;

4-1) өтiнiш берушiге лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмесе;

5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлей алады.

2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге дәлелдi жауап қайтарады.

  Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны  беруден бас тартуға шағымдану

Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл iс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның  телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ  электрондық форматқа аудару

 1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

Егер лицензия қағаз жеткiзгiште берiлген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтiнiш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.

Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.

Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерiн сақтай отырып, электрондық нысанда ресiмделедi.

2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;

2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;

3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.

Лицензияланатын қызмет түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiнен бiр немесе одан да көп сыныптар алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.

Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға өызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.

Қайта ресiмделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерiн сақтай отырып, электрондық нысанда ресiмделедi.

 Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  



47-1-бап. Берiлген лицензиялардағы қателердi түзету

Берiлген лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қателер табылған жағдайда лицензиат оларды түзету туралы еркiн нысанда өтiнiш беруге құқылы.

Лицензиар лицензиаттың тиiстi өтiнiштi берген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиялар тiзiлiмiне қажеттi өзгерiстердi енгiзедi және тиiстi түзетулерi бар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бередi.

 Ескерту. 6-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).  

48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның  қолданылуын тоқтату

1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:

1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;

2) жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

3) лицензия алып қойылғанда;

4) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;

6) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң жекелеген түрi және (немесе) кiшi түрi алып тасталса;

7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектiлер қатарынан алып тасталса;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

2. Лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.

 Ескерту. 48-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

  Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.  

49-1-бап. Лицензиялық бақылау

1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлгеннен кейiн лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлгенге дейiн өтiнiш берушiнiң немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сай келетiндiгiн тексеру тексерiлетiн субъектiге бару арқылы бақылаудың өзге де нысаны тәртiбiнде жүзеге асырылады, оның нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiнiң немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сай келетiндiгi немесе сай келмейтiндiгi туралы шешiм қабылданады.

Құжаттарды ұсынумен расталмайтын бiлiктiлiк талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы тексерiлуге тиiс.

 Ескерту. 6-тарау 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

50-бап. Залалдарды өтеу

 Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы  заңнамасын бұзу

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.  

52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар) күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының

Президентi