2013 жылдың 31 мамырында педагогикалық идеялардың 2013 жылдың 31 мамырында педагогикалық идеялардың «Ең үздік интербелсенді сабақ» атты облыстық интернет-фестивальінің қазылар алқасының отырысы өтті. Интернет-фистивальға барлығы Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының білім беру мекемелерінен, сонымен қатар Ақтоғай, Аққу, Железинка, Ертіс, Успенка, Тереңкөл Павлодар, Щарбақты аудандарынан 177 жұмыс өтінім беріліп, қарастырылды (соның ішінде мектептерден 155 жұмыс, колледждерден 22 жұмыс).
Біздің колледжден Интернет-фестивальға келесі оқытушылардың жұмыстары ұсынылды: олар Н.Н.Орумбаева., Н.Н.Безрукова және Г.Е.Махметова., Г.М.Сембаева., Н.С.Гордова мен М.А.Баданина.
Оқытушылар Н.С.Гордова және М.А.Баданиның «Қоғамдық –гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша ұсынылған жұмыстары үшінші орынға иеленді. Сонымен қатар Интернет-фестивальінің барлық қатысушыларына сертификаттар ұсынылады.
2013 жылғы 14 мамырдағы ИнЕУ колледжінде экономикалық және техникалық мамандықтардың 2-3 курс студенттері арасында кәсіби қазақ тілінен ІI облыстық олимпиада өткізілді. Облысымыздың 12 колледжінен 28 студент қатысты.
Студенттер кәсіби лексиканы білу, мәтіндерді аудару және шығармашылық қабілеттері бойынша тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы студенттердің тілді жақсы білуі, аудару машықтарын белгіледі.
Біздің колледжінен Цой Эльмира қатысты. Оны дайындаған оқытушы Махметова Г.Е.
Эльмира олимпиада қатысушыларының
арасында ІІІ орынға иеленді.
Қазақстан Республикасы Шағын білім академиясының «Білім және ғылым интеграциясы-болашаққа қадам» атты XXXXIX ғылыми тәжірибелік конференция.
2013 жылғы 4-5 сәуірде Еуразия Инновациялық университетінде Қазақстан Республикасы Шағын білім академиясының «Білім және ғылым интеграциясы-болашаққа қадам» атты XXXXIX ғылыми тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция қорытындылары:
І орын-М.Коркин
(3-15Ф тобының оқушысы , ғылыми жетекші Г.М.Әндіржанова)
ІІ орын-М.Дінше
(2-04Юк тобының оқушысы, ғылыми жетекші Н.Ж.Габбасов)
ІІІ орын-Д.Смагулова
(3-03Юк тобының оқушысы, ғылыми жетекші А.Д.Қизатова)
ІІІ орын-Д.Медеуова
(3-03Юк тобының оқушысы, ғылыми жетекші А.Д.Қизатова)
ІІІ орын-Б.Жумажанова
(3-03Юк тобының оқушысы, ғылыми жетекші А.Д.Қизатова)
ІІІ орын-Н.Чувайлова
(2-22Ю тобының оқушысы, ғылыми жетекші М.А.Баданина)
ІІІ орын-Ш.Бекболатова
(1-04Фк тобының оқушысы, ғылыми жетекші А.Ж.Адаспаева)
«ҚР экономика, құқық және білім модернизациясының өзекті мәселелері» VI облыстық колледж аралық ҒТК
2013 жылғы 23 ақпанда Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде «ҚР экономика, құқық және білім модернизациясының өзекті мәселелері IV облыстық колледж аралық ҒТК өтті.Конференцияда колледж атынан келесі оқушылар қатысты:
«Азаматтық –құқық» секция
-А.Шевченко, 2-22Ю тобы, «Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық саласындағы моральдік зиянның орнын толтырудың өзекті мәселелері», ғылыми жетекші М.А.Баданина.
-А.Б.Баширова, 3-21Ю тобы, «Қазақстандағы екі азаматтылық», ғылыми жетекші Н.С.Гордова.
-Н.Ю.Твердохлеб, 3-21Ю тобы, «Еңбек нарығындағы жастар», ғылыми жетекші Н.С.Гордова.
-А.А.Калымова, 3-21Ю тобы, «Қазақстан қоғамындағы ұлт аралық келісім», ғылыми жетекші Н.С.Гордова
«Қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық» секция
-Н.Д.Чувайлова, 2-22Ю тобы, «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің өзекті мәселелері», ғылыми жетекші М.А.Баданина.
«Әлеуметтік-қоғамдық» секция
-Е.Горбачев, А.Колпаков, 3-74М тобы, «Барша әлемдік сауда ұйымы: Қазақстанға арналған аспектілері», ғылыми жетекші О.И.Макарова.
-М.Ю.Коркин, 3-15Ф тобы, «Зейнеттік қамтамасыз ету: кеше, бүгін, ертең», ғылыми жетекші Г.М.Әндіржанова.
«Гуманитарлы-педагогикалық» секция
Д.К.Смагулова, 3-03Юк тобы, «Оқу үрдісінде студенттерді азаматтыққа тәрбиелеудің мәселелері», ғылыми жетекші А.Д.Қизатова.
Конференция қорытындылары:
І орын-Н.Д.Чувайлова, 2-22Ю тобы, «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің өзекті мәселелері», ғылыми жетекші М.А.Баданина.
І орын- М.Ю.Коркин, 3-15Ф тобы, «Зейнеттік қамтамасыз ету: кеше, бүгін, ертең», ғылыми жетекші Г.М.Әндіржанова.
ІІ орын- Д.К.Смагулова, 3-03Юк тобы, «Оқу үрдісінде студенттерді азаматтыққа тәрбиелеудің мәселелері», ғылыми жетекші А.Д.Қизатова.
ІІІ орын- Н.Ю.Твердохлеб, 3-21Ю тобы, «Еңбек нарығындағы жастар», ғылыми жетекші Н.С.Гордова.
Информатикадан олимпиада
2013 жылғы 16 ақпанда колледж оқушылары Павлодар және Ақсу қаласы мектептерінің 9-11 сыныптары мен колледж оқушыларынна арналған математика, информатика және бағдарламалау бойынша олимпиада оқушыларының командасы ИнЕУ алған хатымен марапатталды, сондай-ақ барлық қатысушыларға олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін мақтау қағаздар беріледі.
3-15Ф тобының оқушысы Марк Коркин информатикадан олимпиада қатысушыларының арасында І орынға иеленді.
«МЕН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ АЗАМАТЫМЫН»
тақырыбы аясында Павлодар облысының колледждерінің студенттері арасындағы эссе байқауы өтті
Байқау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдауымен «Жастарға арналған әлеуметтік қызмет, Павлодар облысындағы саяси мәдениетті арттыру бойынша ресурстық орталық» атты жоба аясында жүзеге асырылды.
Мақсаты: азаматтық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін дамыту, азаматтық пен ұлтжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеттері: оқушылар арасында саяси-құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз Отанына деген мақтаныш сезімге, Отан алдында азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеу.
Байқауға Павлодар облысының 15 колледждер студенттері арасынан 70 –тен аса мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыстар жарысқа түсті.
1, 2, 3 орындар және түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Біздің колледж атынан 1-3 курс студенттері: Дінше Мирас 2-04 Юк, Нұрғалиева Ризагүл, 3-03Юк, Алтынбек Айгерім 2-04Юк, Тұрарбеков Әділжан – 3-03Юк, Ершова Ангелина 2-22Ю, Искакова Акжан 2-22Ю, Твердохлеб Надежда 3-21Ю, Байзаков Алимхан 3-21Ю, Байзаков Аманай 3-21Ю, Калымова Асия 3-21Ю.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды және біздің колледж студенттері жүлделі орындар мен номинацияларға ие болды.
1 орын Тұрарбеков Әділжан, номинанттар: Дінше Мирас, Нұрғалиева Ризагүл, Ершова Ангелина, Искакова Ақжан.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
білім беруде» облыстық конкурсы
2012 жылғы 9 қарашада білім беру үдерісінде қазіргі заманға сай ақпарттық- коммуникациялық технологияларды қолдануға инновациялық жақындаушылықтарды анықтау мақсатында облыстың білім беру басқармасымен өткізілетін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының соңғы туры өтті.
Қазтұтыну одағы Павлодар экономикалық колледжінің атынан оқытушы Л.А.Сысоева қатысты. Л.А.Сысоева «Оқу үдерісін бағдарламалық қамтамасыз ету» бағытында электрондық оқу құралын ұсынды.
Людмила Алексеевна білім беру басқармасының «Әдіскер мұғалім» номинациясында мақтау қағазымен марапатталды.