Блогтың қағидалары

Блогтың қағидалары

Құрметті блогқа қатысушылар!

Осы қағидалармен Қазтұтыну Одағының Павлодар экономикалық колледжі басшысыныңресми блог-платформасының жұмыс тәртібі анықталады. Блог Қазтұтыну Одағының Павлодар экономикалық колледжі басшысыныңИнтернет-қызметін қолданушы тұрғындарымен интерактивті қатынас түрі.

Сіздің сұрағыңызға жауап алуды жылдамдату үшін, қоятын сұрағыңызды анық және тұжырымды айтуды сұраймыз. Сіздің сұрағыңызға қажетті жауаптың болуы әбден мүмкін, сондықтан сіз қажетті ақпаратқа жеңіл қол жеткізесіз. Сауатты жазуларыңызды сұраймыз. Мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін құрметтемеген, оның ережелері мен нормаларын сақтамаған өтініштер оның мазмұнына қарамастан жойылуы мүмкін.

Модератор өтініштің жалпы мағынасы мен бастапқы ойын бұзбай мәтінді редакциялау, грамматикалық қателерді және дұрыс басылмаған жерлерді түзету құқығына ие.

Өтініштер жарияланбайды, егер:

 - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын басқа да құпиялар бар мәліметтерден тұратын болса;

 - есірткі өнімдерін, психотропты заттарды насихаттайтын болса, алкоголь өнімдеріне, темекі, өнімдеріне жарнама жасайтын болса, порнографиялық және нәпсі-эротикалық сипаттағы ақпараттардан тұратын болса, мейірімсіздік дінін және зорлықты насихаттау, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық басымдық жөнінде дискриминациялау;
 - басқа да талқылауға қатысушылар атына, нақты тұлғалар мен ұйымдарға қатысты жалған мәліметтер мен жағымсыз ойлар айтылып, жала жабылып, қоқан-лоқыдан тұратын болса, басқа этностар мен конфессия өкілдерінің және жасөспірімдердің  құқықтары шектеліп, бұзылса, оларға кез келген түрде зиян келтірілсе;

 - үшінші тұлға туралы, оның келісімінсіз дербес мәлімет тарату;

 - спам, жарнамалық ақпараттардан тұратын, коммерциялық мақсатты көздеу;

 - заң үлгісінің кез-келген қолданылуын бұзатын болса;

 - сыпайсыз лексика және оның туындысы, сондай-ақ осы анықтамада жоқ болып кететін, лексикалық бірлікті қолдануға ишара болса (сыпайсыз лексикасы бар хабарлар автоматты түрде жойылады).