ҚАЗТҰТЫНУ ОДАҒЫ ПАВЛОДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Еңбек тәртібі – ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау ғана емес, сонымен қатар өз оқуына саналы түрде шығармашылықпен қарау, оның жоғары сапасын қамтамасыз ету, жұмыс уақыт өнімді пайдалану.
Оқу тәртібі ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға, саналылыққа, оқушылардың өз оқу міндеттерін орындауға шығармашылық және адал қарым-қатынасқа, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының және колледж Жарғысының басты міндеттерін толық жүзеге асыруға негізделген.
Халық игілігіне ұқыпты қарау, оқу тәртібі мен еңбек нормасын орындау оқу орны ұжымының барлық мүшелерінің міндеті болып табылады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
1. Таңдаған мамандығы бойынша теориялық, кәсіби білімді, тәжірибелік дағды мен білікті жүйелі және терең игеруге;
2. Өзінің мәдени және кәсіби деңгейін көтеруге үнемі жұмыс істеуге;
3. Міндетті оқу және тәжірибе сабақтарына қатысуға;
4. Бекітілген мерзімде оқу жоспарымен және бағдарламамен қарастырылған тапсырмаларды орындауға;
5. Өзінің еңбексүйгіштігін тәрбиелеуге, қоғамдық-пайдалы жұмысқа қатысуға, оқу орнында өзіне өзі қызмет көрсетуге;
6. Ішкі тәртіп ережелері мен жатақхана нормаларын сақтауға;
7. Оқу орнында және көше мен қоғамдық орындарда тәртіпті, ұйымшыл және ұқыпты болуға, тапсырылған іске шығармашылықпен қарауға;
8. Колледждің меншігін сақтауға және бекітуге;
9. Кемшіліктерге және жат моральға төзімсіздікпен қарауға, белсенді өмірлік айқындама ұстануға, ұжымның қоғамдық жұмысына қатысуға;
10. Дәрісханаға оқытушылар, колледж басшылары енгенде, оқуышлар оларға орындарынан тұрып сәлемдеседі.
11. Оқу сабақтары кезінде оқуышлар оқытушының түсіндірмесін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдауға, сөйлемеуге, басқа істермен айналыспауға, оқытушылардың барлық тапсырмаларын орындауға;
12. Сұрақ – жауап кезінде орындарынан тұруға және оқытушының рұқсатымен ғана отыруға;
13. Сабақ кезінде дәрісханаға тек оқытушының рұқсатымен ғана кіріп-шығуға;
14. Сабақ кезінде тек оқытушының көрсеткен көрнекі құралдарын ғана пайдалануға, оларды ұқыпты қолдануға және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға.
ОҚУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Дәрісханада оқу сабақтарын өткізу үшін оқушылар топтарға бөлінеді.
Оқу топтарының құрамы таңдаған мамандығы бойынша директордың бұйрығымен бекітіледі.
2.Оқу сабақтарының басталу мен аяқталу, демалыс, оқушылардың тамақтану уақыттары бекітілген нормаларға сәйкес болады. Оқушылардың міндетті сабақтармен жүктелуі аптасына 36-38 сағаттан аспауы керек.
Жоспарлармен бекітілген демалыстардың қысқартылуына жол берілмейді.
3. Әр оқу тобында оқу орны директорының бұйрығымен жақсы оқитын, тәртіпті және ұйымшыл оқушылардан топ старостасы сайланады.
Топ старостасы сынып жетекшісінің басшылығымен жұмыс атқарады, өз тобында барлық өкімдер мен бұйрықтарды орындайды.
4. Староста міндетіне топтағы тәртіпті сақтау, оқу бөліміне оқушылардың сабаққа кешігуі мен себебін көрсетіп сабаққа қатыспауы туралы мәлімет беру, оқу құралдары мен жабдықтарының сақталуын қадағалау, сабақ кестесіне енгізілген өзгерістерді оқушыларға хабарлау, оқулықтар мен оқу құралдарын топ оқушыларының арасында уақытында алу мен бөлу, топтың кәсіподақ жетекшісіне саяси-қоғамдық, мәдени-көпшілік және спорт шараларын өткізуді ұйымдастыруға көмектесу жатады. Старостаның өкімдері барлық оқушылар үшін міндетті.
Староста әр күнге кезекшілік кестесіне сәйкес күнделікті кзекшілерді тағайындайды.
Топ кезекшісі топтың оқу бөлмесіндегі тәртіпті, тазалықты және мүліктің сақталуын бақылау, сабақтың басталуына көмекші құралдармен ету (бор, шүберек, көрнекі құралдар) қамтамасыз ету міндеттеледі.
Сырқаттануына немесе себеппен сабақ босатқан жағдайында оқушы үш күндік мерзімде бұл туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарын, бөлім меңгерушісін немесе сынып жетекшісін хабрлауы тиіс. Сырқаттанған жағдайда бөлім меңгерушісіне немесе сынып жетекшісіне бекітліген үлгіде амбулаторлық дәрігердің немесе емдеу мекемесінің анықтамасын тапсырады.
5. Оқу сабақтары кезінде оқушыларды қоғамдық жұмыстарды орындауға бостауға тиым салынады.
6. Оқу ғимаратында:
а) Сыртқы киіммен және бас киіммен жүруге;
б) Оқу сабақтары кезінде қатты сөйлеуге, шулауға;
в) Шылым шегуге, кабинеттерде антисанитарлық жағдай жасауға
тиым салынады.
7. Барлық оқу және оқу-өндірістік ғимараттарында тазалықты оқушылар өз -өздеріне қызмет көрсету арқылы қамтамасыз етеді.
Оқудағы жетістіктер үшін көтермелеу
1. Жақсы үлгерімі, қоғамдық және ғылыми-техникалық шығармашылыққа белсене қатысқаны үшін оқушыларғк келесі көтермелеу шаралары қолоданылады:
а) Алғыс жариялау;
б) Бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай сыйақымен марапаттау;
в) Құрмет грамотасымен марапаттау.