Өндірістік тәжірибесі бойынша ғылыми-практикалық конференциясы

Күні: 2013-05-28 17:05:10
Өндірістік тәжірибесі бойынша ғылыми-практикалық конференциясы

Колледжде сырттай оқыту бөлімінің өндірістік тәжірибесі бойынша ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Дәстүрге айналған бұл конференцияның негізгі мақсаты тәжірибенің   нәтижесін, түлектердің қорытынды аттестацияға дайындықтарын сонымен бірге ең үздік есептерді анықтап, ұсыным жасау.

 

 

 

 

 

 

Конференцияда студенттердің  баяндамалары, тәжірибеден алған әсерлері талқыланып, өндіріс орындарынан, колледж  атына ұсынылған  алғыс хаттар табыс етілді.

Студенттер конференцияға слайд-ақпараттар, өз өндірістері жайлы бейне роликтер дайындап, интербелсенді тақтамен жақсы жұмыстарды көрсетті.

 

 

 

 

 

Оқытушылар мен тәжірибе жетекшілері көпшілігінің тәжірибеге үлкен жауапкершілікпен қатысып, жақсы нәтиже көрсеткендерін атап өтті.

Конференцияның қорытындысы бойынша өндірістік тәжірибенің жұмыстары бағаланды.

Автор: Колледж