Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер алаңындағы «Менің Қазақстаным!» жастар шеруімен басталды. Екі қатарға бөлінген студенттер, облыстық жастар ұйымының жетекшілері, әскери қызметкерлер мен өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың өкілдері Лермонтов көшесінің бойымен «Астана» мұз сарайына дейін жүріп өтті.
Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері бұл шараға қатысты. Бұл кең масштабты шараға колледждер мен лицейлер, оқушылар, жастар, студенттер, ҰОС ардагерлері, өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, атақты спортшылар қатысты.
Мемлекеттік рәміздер күнімен жиналған қауымды Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын құттықтап, мемлекеттік рәміздер-елдің мақтанашы оны білу-әр заматтың парызы деп атап өтті.