«Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтары IX еңбек ауысымын жапты.

Күні: 2013-12-06 05:47:47
 «Жасыл Ел»	студенттік құрылыс және жастар отрядтары IX еңбек ауысымын жапты.

Естай атындағы сарайында «Жасыл Ел»2013                студенттік құрылыс және жастар отрядтарының еңбек ауысымын салтанатты түрде жабу рәсімі өтті.

Іс-шара Жасыл Ел IX еңбек ауысымында СҚжЖО облыстық штабының қызметі туралы фильмді  көрсетуден басталды.

Салтанатты рәсімде көрсетілгендей сарбаздар Павлодар облысы әлеуетті-елеулі объектілерінің құрылысына , қала аймақтарын абаттандыру мен жасылдандыруға, Павлодаржайылмаларын, «Гусиный перелет» табиғат ескерткішін тазартуға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда  елеулі үлес қосты.

 
 
 Одан кейін номинациялар бойынша марапаттау рәсімі өтті. «Таңдаулы сарбаз» номинациясындаЛебяжі ауданы «Жасыл Ел» отрядының сарбазы- Қабышев Дархан , Щарбақты ауданының «Жасыл Ел»  отрядының сарбазы Данкин Еркебұлан, Ақсу қаласы «Жасыл Ел» отрядының сарбазы Амренов Азамат марапатталды.

Жастармен белсенді түрде еңбек еткен «Құрылыс» МҚМ құрылыс компаниялары , «Горзеленстрой» ЖШС дипломдарымен марапатталды.

«Таңдаулы ақпараттық әріптес» номинациясы «Ирбис» телеарнасына және «Звезда Прииртышья» облыстық газетіне берілді.

Осы жылы Павлодар қаласының №7 колледжінің «ЖасылЕл» отряды  «Таңдаулы отряд» номинациясына иеленді.

«Таңдаулы отряд командир» лауреаттары-үгіттеу отрядының командирі Ахметов Тимур, Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжі «Жасыл Ел» экологиялық отрядының командирі Маймақов Сәбит болып табылды. 

 
 
Источник сайт акимата Павлодарской области:
 http://www.pavlodar.gov.kz/page.php?page_id=4&lang=1&news_id=24990
Автор: Колледж