Болашақ маман болатын студенттердің еңбекке қабілеттілігін арттыру жолы.

Күні: 2014-02-28 10:31:20
Болашақ маман болатын студенттердің  еңбекке қабілеттілігін арттыру жолы.

Болашақ маман болатын студенттердің

еңбекке қабілеттілігін арттыру жолы.

 

  2014 жылдың 27-ші ақпанында ҚТО Павлодар экономикалық колледжінде 2-ші курстың 2-05Эк қазақ тобында «Қаржылық есеп» пәнінен «Товар- материалдық құндылықтарды түгендеу және қайта бағалау» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.

  Товар- материалдық құндылықтарды түгендеу және қайта бағалау жұмыстары тәжірибелік сабақ ретінде жүргізілді. Бұл жерде айта кететін ерекшеліктер: біріншіден тәжірибелік сабақты студенттер рольдік түрде ойнап, кәсіпорында түгендеу жұмыстары іс жүзінде қалай жүргізіліп, рәсімделетінін  көрсету болатын, екіншіден, оқушылардың білімін бағалауға 3-ші курстың 3-03 Фк тобынан эксперт болып студенттер қатысты, олар, Майкенов М., Хожаметов З., Абайдильдин А., Қабыкен А., Азатова А.

 Сабақ барысында, студенттердің рольге кіріп, өздерін кәсіпорын қызметкері болып сезінгендіктері соншама, олар тіпті өздерінің кім екенін ұмытып та кеткен сияқты.

  Кәсіпорын директорының ролін ойнаған Қ. Бегалин, қоймашы Б.Ермұханбет, хатшы- референт Қ.Қапанова, бас есепші М. Шілдібаева, материалдық үстелдің есепшісі С. Токенова, экономист Т. Рай, кадрлар бөлімінің инспекторы Б. Қалкен, бас инженер А. Тапалчинов, шаруашылық ісінің меңгерушісі Д. Жұмабайлар өзіне берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты және өте жақсы орындағандары соншалықты, сабаққа қатысуға келген басқа да оқытушылардың айтуынша, олар өздерін бір мезет кино көріп отырғандай сезімде болған.

 Бұл, еңбекке баулу жолында өткізілген сабақтан студенттер өздеріне көп нәрсені түйіндеген сияқты, оның ішінде: лауазымды тұлғалардың бір- біріне қарым – қатынасы, құжаттарды рәсімдеу жолдары, түгендеу жұмыстарының нәтижесін шығару, қала берді, аяқ астынан түгендеу жүргізуге кәсіпорында қандай жағдайлардың әсері тигенін.

 

 

 

 

Арнайы пәндердің оқытушысы К.С. Нұрмағанбетова

Автор: Колледж