28 ақпанда ҚАЗТҰТЫН УОДАҒЫНЫҢ ПАВЛОДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ Мейірімділік концерті өтті

Күні: 2014-03-25 10:09:46
28 ақпанда ҚАЗТҰТЫН УОДАҒЫНЫҢ ПАВЛОДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ Мейірімділік концерті өтті

28 ақпанда ҚАЗТҰТЫН УОДАҒЫНЫҢ ПАВЛОДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ Мейірімділік концерті өтті

Қайырымдылық концерті БЦП диагнозы бар бала Дамир Саутовқа арналды. Дамир 10жаста, жүре алмайды, тек қана еңбектейді, бір қолы ғана қозғалады. Жиналған қаражат бала алғашқы қадамдарын жасауға үйренуі үшін арнайы жүрмекті алуға жұмсалады. Концерт колледждің барлық топтарының студенттері үшін өткізілді. Қонаққа Дамир анасымен және әлеуметтік қызметкермен келді.

       Концертте Достық Үйінің өкілдері: «Арай» хореографиялық ансамблі, «Эльбрус» ұжымы, битбоксер Әділ Мерканов, рэпер Богдан Ларин, Жеңіс Есентаев, сондай-ақ біздің колледждің жұлдыздары қатысты. 

Дамир мен оның анасына концерт өте ұнады, ұл бала үйіне қайтқысы келмей қалды. Соңында ПЭКК Волонтерлік отрядының өкілі Юлия Евграфова (2-23Ю тобы) Саутов Дамирдің анасына қайырымдылық концертінде жиналған қаражатты табыстады.

Колледж 47.000 теңгеден астам қаражат жинады, жаттықтырғышты сатып алу үшін дәл осы сома қажет болды.

Автор: Колледж