8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

Күні: 2014-03-31 04:40:49
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

 

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық коллджінде 2014 жылғы 6 наурыз күні  мерекелік концерт өткізілді.

Мерекені колледждің ер адамдары мен студенттері өткізді.Мерекелік концерт колледждің мәжіліс залында өткізілді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.С.Қожахметов барша әйелдерді құттықтады.Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін-деп тілек білдірді.

Автор: Колледж