Саламатты өмір салты

Күні: 2014-03-31 07:23:07
Саламатты өмір салты

«Саламатты өмір  салты аурулардың алдын алу және денсаулықты күшейту мақсатындағы жеке адамның өмір салты.

         Саламатты өмір салты адам өмірінің жан жағын дамыту, оның белсенді көп жасауына қол жеткізуінің және өмірдің еңбек, қоғамдық, отбасылық-тұрмыстық, сауық нысандарында белсенді қатысу үшін әлеуметтік қызметтерді толығымен орындаудың алғышарты болып табылады.

Саламатты өмір салтының өзектілігіне себеп қоғамдық өмірдіңкүрделенуімен, денсаулық жағдайында жағымсыз қозғалыстарға итермелейтін техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы тәуекелдердің өсуіне байланысты, адам организміне жүктемелердің өсуі мен өзгеруі болып табылады.  

2014 жылғы 28 мамырда Саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау бойынша жоспарды іске асыру шеңберінде, ҚазТұтынуОдағының Павлодар экономикалық колледжінде Павлодар облысының Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері М. Абдрахманова, Б. Мұқашева, Павлодар облысының ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығының өкілдері Ж. Әжмұратова, Кәмелеттікке жетпеген балаларға арналған Павлодарлық емханалық нашақорлық бөлімінің өкілі В.А. Колпакова ашық дәріс ұйымдастырып, өткізді.

Автор: Колледж