Қаланы санитарлық тазалау айлығының қорытындысы

Күні: 2014-05-29 02:36:55
Қаланы санитарлық тазалау айлығының қорытындысы

Санитарлық тазалау айлығына Павлодар қаласының екі жарым мың кәсіпорындары мен ұйымдары атсалысты, деп хабарлады ТКШ бөлімі.

Айлық барысында қаланың қоқыс тастайтын жеріне 34 мың тонна қоқыс шығарылды. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонда тегін қабылданды.

20 астам ескерткіш қалпына келтіріліп, қала саябақтарындағы 28 көгал алаң жапырақтан, қоқыстан тазартылды,  тоғыз мыңнан астам ағаш ақталды.

Коммуналды қызметтің жұмыскерлері төрт қоқыс тастайтын жерді тазалап, ауқымды жұмыс атқарды. Коммуналшылардың айтуынша, жауыннан кейін осындай қоқыс тастайтын жерлер қала сыртындағы аумақтарда пайда болады. Омбы жолы Павлодар ауылына дейін, Успен жолы Мойылды ауылына дейін, Шарбақты жолы Жетекші ауылына дейін және Семей жолы Байдала мен Долгое ауылдарына дейін тұрмыстық қоқыстан тазартылды. Қоқыстың жалпы көлемі 460 тоннаны құрады. Успен, Шарбақты аудандары жол құбырларының аумақтары, Солтүстік және Оңтүстік өнеркәсіп аймақтарының айналма жолдары тазартылды. Суворов зираттарының аумақтары қалпына келтірілді.

Кезекті саяжай маусымының басталуына байланысты «Яблонька», «Южный» және «Энтузиаст» саябақтарының кәріз жүйесі тазартылды. Жақын уақытта саяжай өнімдерін іске асыру үшін орнатылған павильондарды бояу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

 

http://akimat-pvl.gov.kz/journal/view/1/3830

Автор: Колледж