Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша

Күні: 2014-05-29 03:10:31
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша

«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасын жүзеге асырады. Жұмыссыз, аз қамтылған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды Бағдарламаға қатысуға шақырамыз. 

  2014 жылға Павлодар қаласы бойынша бірінші бағытты жүзеге асыру шеңберінде нысандарды күрделі жөндеуге қажет: әр түрлі жұмыс атқарушылар, әрлеушілер, сылақшылар, бояушылар, электргазбен пісірушілер, ағаш ұсталары және басқалары.

   Сондай-ақ Сіз АжБӨА слесарі мамандығы бойынша шәкіртақы төленетін кәсіптік оқытудан ақысыз өте аласыз, оқу мерзімі 10 ай.

  2013-2014 жылғы бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім берудің түлектерін, ақы төленетін жастар тәжірибесіне шақырамыз. Әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналастыру үшін қажет: ас үй жұмысшысы, аспаз, аспаздың көмекшісі, даяшылар, жарнама бойынша менеджер, жүк тиеушілер, әрлеушілер, электрик, жиыстырушы, сатушы-кеңесші, сатушы-есепші, есепші, әр түрлі жұмыс атқарушылар, монтажшы, бағдарламашы және басқалары. 

Мына мекенжай бойынша хабарласыңыздар: Павлодар қ., Кривенко   к-сі 25, 303, 324 каб. тел. 32-05-70, 32-05-78, 32-24-60, 32-95-59.

 

http://akimat-pvl.gov.kz/journal/view/1/3827

Автор: Колледж