Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі

Күні: 2014-10-09 09:27:24
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі

Тілдерді дамыту және пайдалану бағытында 30.09.14  жастарға қызмет көрсету орталығында «Тілдің байлығы мен үндестігі» тақырыбында қалалық фестиваль өткізілді.Бұл іс шараны Павлодар облыстық жастар саясатын басқару орталығы мен жастар даму орталығы өткізген болатын.

Сайыстың мақсаты дарынды жастарды қолдап, жеке тұлғаны тәрбиелеу, көп тілді, бірлік пен патриоттық сана сезімді жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Ағылшын тілінің оқытушысы Безрукова Н.Н. келесі колледж оқушыларын - Жанзак А., Десятниченко А., Куляба В., Грибанова В., әдеби музыкалық композицияны халықтар достығының ынтымақтастығы тақырыбына ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде дайындады.Біздің студенттер өз білімдерін ортаға салып өздерінің ағылшын тілінде ғана емес қазақ  тілін де еркін меңгергендерін көрсетіп құрметті III-і орынды жеңіп алды. Оқытущы Безрукова Н.Н. оқушыларды сапалы дайындағаны үшін  грамотамен марапатталды. Оқушыларды жетістіктерімен құттықтай отырып болашақта шығармашылық табыс тілейміз. 

                                                                            Колледж әдіскері  Акжолова С.Б.

Ағылшын тілінің оқытушысы Безрукова Н.Н.

Автор: Колледж