«Мансап» оқу орталығы

Күні: 2014-12-09 04:01:27
 «Мансап» оқу орталығы

 «Мансап» оқу орталығы

 

Павлодар Қазтұтыну одағы экономикалық колледжінің жанында және Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасымен бірге дайындықтан өткізу және біліктілігін арттыру «Мансап» оқу орталығы  ашылды. Бұл орталық келесі қызмет түрлерін ұсынады.

Орталықта қысқа мерзімде оқыту курстары өткізіледі:

- біліктілігін арттыру: бухгалтер (1С Бухгалтер),  контролер –кассир, сатушы – кеңесші, азық-түлік тауарларын сататын сатушы, коммерциялық агент, мерчендайзер;

- кадрларды дайындау және қайта дайындау: офис-менеджер, администратор,  қызмет көрсету менеджері,  үй қызметін көрсететін мамандарды даярлау.

Оқытуды жүзеге асыру үшін  колледжде барлық жағдайлар қарастырылған, заманауи материалдық-техникалық база, инновациялық әдістерді меңгерген жоғары білікті педагог мамандармен қамтылған.

Колледжде ЖШС ПФ «Атриум», АҚ «Жилстройбанк» мамандарын дайындықтан өткізу тәжірибесі бар,  «НурОтан» партиясы бухгалтерлерін біліктілігін арттыру курстары жүргізілген,  «2020 Қамту» және «Жол картасы бизнесі» бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыру семинарлары жүргізілді. Біз кәсіпкерлер тарапынан кадрларды даярлау біліктілігін арттыру курстарын өткізуге сұраныс қабылдауға дайынбыз.   «Кадрлар бәрін шешеді» ұраны бүгін де өзекті.Әр кәсіпорынының гүлденуі мен болашағы кадрлардың кәсіби дайындығына байланысты. «Мансап»  оқу орталығы қала кәсіпкерлерін серіктестікке шақырады.

 

Колледж директоры Дощанова З.А.

Автор: Колледж