Әскери қолданбалы спорт түрініен өткізілген сайыс.

Күні: 2015-01-05 10:45:15
Әскери қолданбалы спорт түрініен өткізілген сайыс.

Әскери қолданбалы спорт түрініен өткізілген сайыс.

       2014 жылдың 12 желтоқсанында Аймақтық оқу-тәжірибелік орталығы және дене шынықтыру  және АӘД орталығымен бірлесіп колледж оқушылары арасында ҚР тәуелсіздік күніне арналған  Павлодар монтаждау колледжінде сайыс өткізілді. Сайысқа 13 команда мен 104 оқушы қатысты.
Сайыстың салтанатты ашылуында құрметті қонақтар қатысты: облыстық Ауған соғысына қатысқан одақ мүшелері Кукумбаев Толеген Жамиевич, Романюк Анатолий Дмитриевич, Супаханов Малик Жемаевич т.б. қатысты.

Сайыс бағдарламасы: пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 жинақтау және талдау, оқу патрондарын салу және алу, қорғаныс костюмін кию, және турникке тартылу.

   Колледж командасы АӘД оқытушысы Нургажинов Даулет Кабдулловичтың жетекшілігімен 4 орынды иеленді: Алибеков Р. 1-06 Фк, Монтаев Д. 1-07Юк, Никитин А. 1-19 Ф, Сулейменов Р. 1-07 Юк, Сызаев Н. 1-07 Юк, Серік И. 1-07 Юк.

      Сараптамашылар біздің коледж оқушылар командасының облыстық деңгейде өздерін жақсы көрсете білгендерін атап өтті. Оқытушы Нургажинов Д.К.«Команданы сапалы дайындағаны» үшіналғыс хатымен марапатталды. Колледж оқушылары      сайыста жүлделі орынға ие болып, жақсы қатысқандары үшін құттықтаймыз. Бұндай іс-шаралар оқушылар бойындағы жігер қайратын, патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелейді. Команда оқушыларына денсаулық, оқуда озат, және жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.                

Колледж әдіскері  Акжолова С.Б

Автор: Колледж