Шеберлік -класы «АКТ-ны оқу үдерісінде пайдалану»

Күні: 2015-01-05 11:05:45
Шеберлік -класы «АКТ-ны оқу үдерісінде пайдалану»

Шеберлік -класы «АКТ-ны оқу үдерісінде пайдалану»

 

     Колледждің әдістемелік жоспарына сәйкес ЖММ  -нің кезекті отырысы болды. АКТ-ны сабақта пайдалану әдістерін үйрету мақсатында жоғары санатты оқытушы   Наурызбаева Н.Т.  шеберлік класын өткізді.

     Шеберлік класының негізгі мақсаты ЖММ оқытушыларын сабақ барысында заманауи ақпараттық-комуникативтік технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану болды.

     Наурызбаева Н.Т.өзінің сабақ беру әдісін презентация ретінде дайындап, қазіргі уақытта пайдаланылатын технологияларға қойылатын талаптарымен,  пайдалану әдістерімен таныстырды.   

      Наурызбаева Н.Т. ашық сабақ жоспарларымен таныстырып, пайдалану тәсілдері мен түрлерін көрсетті.

      Өзінің жеке жұмыс тәжірибесінде  Наурызбаева Н.Т. шеберлік класында  сабақ беруде қойылатын талаптарға сәйкес тақырыпты қызықты түсіндіріп, жас оқытушыларға кеңестер берді.

      Жоғарғы санатты оқытушылар Дуреева О.В., Сысоева Л.А.  өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, АКТ-ны сабақта тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті..

      

 Колледж әдіскері  Акжолова С.Б

Автор: Колледж