ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

Күні: 2015-01-09 03:43:34
ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

 

 2014 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін тойлау қарсаңында КММ «Жастар дамуын қолдау орталығы» басқаруымен «Елім  үшін не істедім» тақырыбында Облыстық жастар форумы өтті. Бұл форумға экономикалық колледждің оқушылары белсенді ат салысты. Форум үлкен жетістіктерге жеткен жоғары оқу орындары, колледж арасында үлкен жетістіктерге жеткен оқу орындарын анықтау мақсатында жүргізілді. Сайысты ұйымдастыру Павлодар облысының жастарды демеу орталығының  қолдауымен өткізілді.

Комиссия құрамына мәдениет өкілдері, БАҚ өкілдері, ғылым және спорт саласынан қазылар алқасы болды.

Сайысқа қатысу үшін біздің колледж оқу орны туралы презентация дайындап 2014 жылы жеткен оқу-әдістемелік жетістіктеріміз туралы айтып өтті.

Сайыс жеңімпаздары салттанатты түрде бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Біздің колледжді  облыстық әкім орынбасары  А. Орсариев алғыс хатымен марапаттады.

 

 Колледж  әдіскері  Акжолова С.Б

Автор: Колледж