Денсаулық күні «Біз – СӨС үшін!»

Күні: 2015-09-15 04:39:57
Денсаулық күні «Біз – СӨС үшін!»

Денсаулық күні«БізСӨС үшін

 

         2015 жылдың 11 қыркүйегінде біздің колледже дәстүрге айналған  «Біз – СӨС үшін» ұранымен Денсаулық күні өтті. Денсаулық күніне 1 курс студенттері қатысты. Сынып жетекшілерімен, іс-шара ұйымдастырушылармен бірге 1 курс студенттері Усолка шағын ауданына, Ертіс ө. жағасына шықты.

Студенттер үшін көптеген сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, жеңіл атлетикалық жарыс, волейбол, қанат тарту, «күштілер» және «секірмектер». Студенттер барлық сайыстарға белсеңді қатысып қана қоймай, өз дастарқандарын түрлі өрнектер және дәмді тағамдармен безендіре білді.

Іс-шара соңында топтар грамоталар мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі Акпарова Г.Е.

Автор: Колледж