Бухгалтер күні

Күні: 2015-10-09 10:30:05
Бухгалтер күні

Бухгалтер күні

Қазан айы 0518000 «Есеп және аудит» пәні студенттерін кәсіби мерекелері Бухгалтер күнімен қуандыртты.

Колледжде барлық жерлерде Бухгалтер күні өткізілетіні жайлы және студенттер мен ұстаздарды құттықтау жазбалары ілінді.

Кәсіби мереке құрметіне оның маңызы мен дәстүрлері жайлы радиогазета ұйымдастырылды.

Колледждің мәжіліс залында мерекенің жабылуы салтанатты концертпен өтті. Концертте педагогикалық еңбек ардагерлері, бұрынғы тәрбие ісінің меңгерушісі И.М.Богдашина, Павлодар кооперативті техникумының түлегі Л.М.Клещева, колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Жаңа түскен студенттерді 3-86Б және 3-06Эк тобының студенттері қарсы алды. Өздерінің презентецияларында, көріністерінде олар алдағы қызықтар мен қиындықтар жайлы айтып, сәттілік тіледі.

2 курс студенттері кәсіби сайысқа қатысып, өздерінің кәсіби маман болғылары келетінін дәлелдеді. Сайыс нәтижесі бойынша «Кәсіп білгіштері» және «Шеберлік шыңына тырысу» номинациясында алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға 1-20Ф тобының 1 курс студенттері қатысты, олар кәсіби термин білімін тексеру үшін блицтурнир өткізді және өлең түрінде студенттер мен ұстаздарды құттықтады.

Сынып жетекшілер өз құттықтауларын «Ваши благородия, господа студенты»әнімен жеткізе білді.

Дәстүрлі түрде іс-шара барлық бухгалтерлердің Павлодар экономикалық колледжінің ебкхгалтерлер Әнұранын айтылуымен аяқталды.

Қатысушылар іс-шараның көңілді, көпшіл екенін атап өтті.

Өткізілген іс-шара студенттердің жадында көпке дейін сақталып, олардың дұрыс мамандықты таңдағанында сенімдік тудырады деген үміттеміз.

Іс-шара ұйымдастырушылары атынан студенттерді, ұстаздарды, практикалық қызметкерлерді біздің кәсіби мерекеміз – бухгалтерлер күнімен құттықтаймыз.

 

Іс-шара ұйымдастырушылары арнайы пәндер ұстаздары О.В.Дуреева және Л.А.Сысоева

Автор: Колледж