Кездесу

Күні: 2015-10-12 05:30:00
Кездесу

Кездесу

 

Қазан айының 10-ы күні колледж қызметкерлерінің Байғамұт ұлттық қазақ мектебінің директоры, Орлеан кеңесінің депутаты, Ресей журналистер Одағының мүшесі, ақын Сапарбек Шайхымұлы Маусумбаевпен кездесуі өтті. Кездесі әңгіме түрінде өтіп, көршілеріміз жайлы көптеген жаңалықтар білдік. Сапарбек Шайхымұлы Ресей жеріндегі қазақ ауылының тұрғыны. Біздің елімізден тыс өмір сүретін қазақтардың өз халқының салт-дәстүрлерін және тілін сақтағанына көздеріміз жетті. Сапарбек Шайхымұлына көптеген сұрақтар қойылды, оның ішінде ауыл тіршілік туралы, мектеп туралы және т.б. Кішкентай ғана мектепке қарамастан, оқушылары барлық іс-шаралар мен спорттық жарыстардың белсенділері болып табылады.

Сапарбек Шайхымұлы өзінің елі, жері жайлы өлеңдер шығарады және керемет ән салып, домбырада ойнау біледі. Кездесуіміздің соңында Сапарбек Шайхымұлы өзінің «Байғамұт, тоғыз көлім, өмірім менің өлеңім» кітабынан бірнеше өлеңдерін оқып, әндерден попурри айтып берді.

Колледж директоры ұжымымыздың атынан Байғамұт мектебінің оқушыларына кішігірім сыйлық ұсынды.

 

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Акпарова Г.Е.

Автор: Колледж