Құқықтық білімдер аптасы.

Күні: 2015-10-15 10:21:38
Құқықтық білімдер аптасы.

Құқықтық білімдер аптасы.

2015 жылдың 5-9 қазан аралығында Павлодар экономикалық колледжінде дәстүрлі түрде құқықтық білімдер аптасы өтті. Аптаның ашылуы колледждің 40-жылдық мерейтойына арналды. 1-3 курс студенттері қабырға газеттер сайысын ұйымдастырды.

Меретой қарсаңында колледждің оқытушылар Б.М.Едылбаева мен Д.Н.Дюсембенова колледж туралы «Колледж кеше, бүгін, ертең» видеофильмін көрсетті.

Қоғамдық-құқықтық пәндер мұғалімдері Н.Ж.Ғаббасов «Құқықтану» мамандығының түлектерімен кездесу ұйымдастыру.

Күнделікті өмірде құқық туралы тек қана бір келеңсіз оқиға кезінде ғана еске алады. Адамдар өз құқықтары мен міндеттерін неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым олар өздерін қазіргі қоғамда еркін ұстай алады. Құқтарды білу – барлығына керек. Сондықтан 2 курс студенттерімен «Мен және заң» радиолекциясы өткізілді, онда студенттер мемлекетіміздің негізгі заңдарымен, оқу орнымыздың тәртіп ережелерімен, құқықтар мен міндеттерге құрметтті дамытумен, қоғамдағы тәртіп ережелерімен таныстырып өтті.

Құқықтық білімдер апталығының соңғы іс-шарасы колледжіміздің мәжіліс залында өткен «Юровидение» шарасымен аяқталды.

 Шараның қатысушалары мен қонақтары ұстаздар мен «Құқықтану» мамандағының 1-3 студенттері болды. Күз мезгіліне қарамастан, бұл күн оқу аптасындағы ең жарқын шара болды.

 

  Қоғамдық-құқықтық циклдік комиссия төрайымы Баданина М.А.

Автор: Колледж