Техник-программист күні

Күні: 2015-10-19 10:04:44
Техник-программист күні

Техник-программист күні

2015 жылдың 15 қазанында Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінде «техник-программист» кәсіби апталығы шеңберінде «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы топтарының арасында «Занимательная информатика» атты интеллектуалды викторина өткізілді. Бұл іс-шара оқу орнының құрылғанына 40-жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілді. 

Викторина қатысушылары 2-16П және 4-15П топтарының студенттері болды. Команда әр топтың ең жүйрік және белсенді 5 студенттерінен тұрды. Бірінші сайыста өздерін «Пиксели» және «USB» деп таныстырған топтар есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету облысында өздерінің білімдері мен біліктерін көрсетті. «Эрудит», «сөзді тап» сайыстарында командалар компьютерлік технологиялар облысындағы өздерінің терең білімдерін көрсетті. Ойлауды, елестетуді, ойда сақтау қабілетін дамытуда студенттер «соқыр программист» сайысында жарысты. Болашақ программисттерге «программа жина», «логотиптер» сайысында онай болған жоқ, себебі бұл сайыстарда олар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін және шығармашылық белсенділігін топпен жұмыс істей отырып көрсетулері керек еді.

Соңғы және қызықты сайыс «компьютер жина» болды, бұл сайыста командалар бірлесіп тез, әрі дұрыс істен шыққан компьютерді жинап қосу керек еді.

Атап кететін жайт, командалар іс-шараға жауапкершілікпен қараған. Мұны сайысты ұйымдастырушылар, ұстаздар және колледж әкімшілігі айтты. Балалар барлық сайыстарға белсенді қатысып, бір-бірін қолдап, бір-бірінің жетістіктеріне мәз-мейрам болып отырды. Сайыс соңында әділқазылар алқасы қорытындылап, жеңімпаздарды грамоталармен марапаттады.

 

Арнайы пәндер оқытушысы Шойтынов Д.Р.

Автор: Колледж