«Ожерелье дружбы» фестивалі.

Күні: 2015-10-23 10:07:00
«Ожерелье дружбы» фестивалі.

«Ожерелье дружбы» фестивалі.

 

 Алтай жерінде Байғамұт ұлттық қазақ мектебінде «Ожерелье дружбы» атты фестиваль өтті. Фестивальге шекарааралық қарым-қатынас мақсатында колледжіміздің делегациясы барды. Құрамында колледж директоры Дощанова З.А., директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Акпарова Г.Е., құқық пәндерінің ұстазы Енсегенова И.Б. және колледж студенттері.

Фестивальде көршілес мектептердің өкілдері болды. Олар орыс, украин, азербайджан халықтарын таныстырды. Біздің студенттер мен ұстаздар өз өнерлерін мектеп мұғалімдері мен оқушыларына паш етті.

Колледж атынан Байғамұт мектебінің оқушыларына гимнастикамен айналысу үшін маттар табысталды, сонымен қатар спорттық құралдар және қазақ ұлттық киімдері сыйға тартылды.

 

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Акпарова Г.Е.

Автор: Колледж