«Кооперация аруы – 2015»

Күні: 2015-11-18 05:29:34
«Кооперация аруы – 2015»

«Кооперация аруы– 2015»

Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінің 40-жылдық мерейтойы қарсаңында дәстүрлер жаңғартылып, әдемілік мен ақылдық «Кооперация аруы» сайысы өтті.

Бұл сайысқа колледжіміздің 2 курс студенттерінің қыздары қатысты. Барлығы 7 қатысушы. Сайысты келесі құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады: Дощанова Зауреш Аменовна – колледж директоры, Н.П.Радионова – еңбек ардагері, Г.Е.Махметова – сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, Г.М.Андиржанова – экономикалық пәндер циклдік комиссиясының төрайымы, Д.Р.Шойтынов – арнайы пәндер мұғалімі.

Ережеге сәйкес сайыс 4 кезеңдерден тұрды.

Бірінші «Таныстыру» кезеңінде 3-4 минут ішінде қатысушылар өз туралы айтып берді. Бұл кезеңде көзге түскен 2-80М тобының студенті Корж Елена мен 2-07Эк тобының студенті Аманжол Нагима. Осы қатысушылардың таныстыруы тек қана өлең жолдары ренідте болсай, слайд-шоумен бірге қатар жүрді.

Екінші «Ақылды» кезеңінде қатысушылар колледж тарихына байланысты сұрақтарға жауап беріп, өмірлік келеңсіз оқиғалардан қалай шығу керектігін іздеді.

Үшінші кезеңде қатысушылар өз өнерлерімен барлықтарын аң-таң етті. 2-88Б тобының студенті Ильина Ксения өзі шығарған өлең жолдарын оқсыды, 2-80М тобының студенті Корж Елена қазақ тілінде ән шырқады, 2-07Юк тобының студенті Муродова Мунира хип-хоп биін билеп берді. 2-07Эк тобының студенті Аманжол Нагима Ана туралы керемет ән шырқаса, 2-87Б тобының студенті Жумадирова Дана шығыс биін биледі. 2-25Ю тобының студенті Султан Адия қазақ биін билесе, 2-19Ф тобының студенті Скакова Даяна вальсті қалай билеу керек екенін көрсетті.

Соңғы, төртінші кезеңде қатысушылар сахнада қалай жүру керек екенін және өз-өзін қалай ұстау керек екенін көрсеткенін тамашалауға болды.

Әрине, әділқазылар алқасына ең сұлу, ең ақылды және «Кооперация аруы» атағына сай қызды таңдауды оңайға соққан жоқ. Бірақ соңында бір шешімге келіп нәтижелерін айтты.

«Кооперация аруы» атағын және тәжді ең әдемі, ең көрікті, ақылды, әрі талантты Аманжол Нагима иеленді. «1 вице Мисс» - Корж Елена. «2 вице Мисс» - Султан Адия. Номинациялар бойынша«Мисс зрительских симпатий» - Скакова Даяна, «Мисс Очарование» - Ильина Ксения, «Мисс Грация» - Жумадирова Дана, «Мисс Обаяние – Муродова Мунира. Қыздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Акпарова Г.Е., тәрбие ісінің меңгерушісі

Автор: Колледж