«Ең үздік маман – экономист, есепші, қаржыгер 2015» облыстық сайысы

Күні: 2015-11-18 05:46:55
«Ең үздік маман – экономист, есепші, қаржыгер 2015»  облыстық сайысы

«Ең үздік маман – экономист, есепші, қаржыгер 2015»

облыстық сайысы

 

2015 жылдың 6 қарашасында Қазтұтыну Одағының Павлодар экономикалық колледжінде кәсіби шеберлік «Ең үздік маман – экономист, бухгалтер, қаржыгер 2015» облыстық сайысы өткізілді. Сайыс ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасынық техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті мен Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы болды. Бұл сайыстың мақсаты «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандықтарында оқитын студенттердің кәсіби дайындық сапасын арттыру, болашақ мамандыққа деген шығармашылық қабілеттерін қолдау және заманауи жағдайда бәсекелестікке дамыту.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1 кезең Таныстыру

2 кезең Теориялық тестілеу

3 кезең Тәжірибелік тапсырмалар

4 кезең Мамандығымның әлемі (шығармашылық).

Сайысқа қатысушылар колледждердің соңғы курс студенттері болды. Барлығы сайысқа 11 қатысушылар қатысты.

1.Аюпова Гульдана – Екібастұз қаласының ИнЕУ колледжі, «Қаржы» мамандығы.

2. Горбан Олеся –ЕКИТИ, «Есеп және аудит» мамандығы.

3.Горкуша Вероника –ИнЕУколледжі, «Есеп және аудит» мамандығы.

4.Жумагулов Рысхан –Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі, «Қаржы» мамандығы.

5.Каиркенова Мариям –ИнЕУколледжі, «Қаржы» мамандығы.

6.Лекчинина Татьяна – Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі, «Есеп және аудит» мамандығы.

7.Маралбаева Сания –ЕПК, «Есеп және аудит» мамандығы.

8.Соколова Алина – Павлодар экономикалық колледжі, «Есеп және аудит» мамандығы.

9.Сулейменова Гульдана – Павлодар экономикалық колледжі, «Қаржы» мамандығы.

10.Тырсенко Алина – Павлодар инновациялық көппрофильді колледжі, «Қаржы» мамандығы.

11.Шилова Алина –АКЖМ, «Есеп және аудит» мамандығы.  

Қатысушыларды келесі құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады: Каужапарова Салтанат Саматовна – Павлодар облысының білім беру басқармасы бас есепшісінің орынбасары, әділқазылар алқасының төрайымы, Ильясова Бахытжан Ильясовна – Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары, Аубакиров Ринат Аманбаевич – АҚ «Цеснабанк» қызметкерлермен басқару бөлімінің бастығы, Солнцева Софья Александровна – АҚ «Роса» маркетинг бөлімінің басшысы, Стоцкая Елена Юрьевна –ЖШС «White Gates» бас есепшісі.

         Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін және оқу орындарын презентация түрінде таныстырды. Екінші және үшінші кезеңдерде жазбаша түрде тесттерге жауап беріп тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Төртінші, соңғы кезеңде таңдаған мамандықтары несімен қызықты екенін айтып берді.

Сайыс аяқталысымен әділқазылар бір шешімге келіп, орындар былайша бөлінді:        

«Бас жүлде» – Сулейменова Гульдана Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінің студенті.

1 орын – Лекчинина Татьяна. Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі.

2 орын – Соколова Алина. Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінің студенті.

3 орын  – Горбан Олеся –ЕКИТИ.

Барлық жүлделі орын алған қатысушыларға білім беру Басқармасынан дипломдар мен құнды сыйлықтар таратылды, сонымен қатар жүлделі орын алған студенттерді дайындаған оқытушылар да дипломдармен марапатталды. Кәсіпкерлер Палатасы атынан жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

Бұл сайыс дәстүрге айналады деген сенімдеміз.

 

Акпарова Гульдана Ергазыевна,

ПЭК директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

Автор: Колледж