«Табыс баспалдағы»

Күні: 2015-12-10 10:50:21
«Табыс баспалдағы»

«Табыс баспалдағы»

Кәсіби маманды дайындау – білім баспалдағымен көтерілумен салыстыруға болатын ұзақ процесс. Әр баспалдақ – бұл теориялық пәндердегі және оны тәжірибеде қолдала алатын дағдыдағы қандай да бір жетістік. Осындай сындаудан 09.12.2015 жылы бюджеттік топта оқитын 2-88Б тобы «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінде өтті.

Сабақ бірінші модульдің аяқталуымен «Табыс баспалдағы» интеллектуалдық ойыны ретінде өткізілді.

Бірінші модуль – бухгалтерлік есеп негіздері деп аталады. Ол қаржылық есеп пәнін оқудағы түрнегіз болып табылады. Оқушылардың теориялық материалды қалай меңгеріп, оны тәжірибеде қалай қолдана алатынын анықтау өте маңызды. Ойын өткізу үшін топ 3 топқа бөлінді – «Ва-банк», «Экобухи» және «Бухгалтерлік барлаушы». Әр топ өзінің төстаңбасын, ұранын және таныстыруын дайындады.

Берілген тапсырмаларда студенттер әріптерден бухгалтерлік терминдерді тауып анықтамасын беру, жұмбақты шешу және геометриалық фигуралардан бухгалтерлік тәсілдер мен әдістерді табу керек болды. 

Берілген жауаптар теориялық материалды қалай меңгергенін көрсетті. Тәжірибелік жағдайда сол теориялық материалдарды қолдану, бухгалтерлік баланс құру тапсырмалары ең қызықты болды.

Топтар бухгалтерлік шоттың коды мен атын анықтау бойынша «Мені таны» атты сайысы бойынша қарсыластарына тапсырмалар дайындады. Мұнда жай қана сұрақтар емес, ребустар және өлеңдер қолданылды.  

Студенттердің толық шағырмашылықтар «Менің мамандығым» атты үй жұмысы сайысында көрінді. Мұнда ән де шырқалды, әзіл көріністері де көрсетілді, презентациялар да қолданылды. 

Жеңіске «Бухгалтерлік барлаушы» тобы жетті, сыйлық ретінде «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен «Үздік» деген баға алды. Бірақ басты жүлде сабақ кезінде ең көп ұпай жинаған 5 оқушыға бйырылды. Бухгалтерлік есеп негіздерінен бухгалтерлік кәсіби сапалығын дәлілдейтін сертификаттарға Батырева Олеся, Бектурсунова Ризагуль, Каиргельдинова Альбина, Самойлович Наталья, Султанбекова Улжан ие болды.

Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақты жоғары кәсіби деңгейде өткенін, материалмен қолданудың жоғары деңгейін, тәрбие элементтерінің қолданылғанын, оқушылардың қызығушылықтарының жоғары болғанын атап өтті. 

 

Жоғары санаттағы арнайы пәндер мұғалімі Дуреева О.В.

Автор: Колледж