Мейірімділік жаса!

Күні: 2015-12-28 08:45:16
Мейірімділік жаса!

Мейірімділік жаса!

 

Желтоқсан айы бойы колледжіміздің қабырғасында «Аялы алақан» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның мақсаты Балалар үйіне көмек көрсету үшін киім-кешек, ойыншықтар және т.б. жинау. Барлық студенттер акцияға жұмыла қатысты. Акцияның соңында студенттер көп киім, ойыншықтар және жөргектер жинады. Колледж ұжымы қаражат жинат жемістер мен тәттілер алды.

25 желтоқсан күні колледж студенттері мен ұстаздары Балалар үйіне барып акция барысында жиналғандарды балаларға тапсырды. Сонымен қатар балалармен тікелей кездесіп оларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауға мүмкіндік болды.

Болашақта бұл акциягы жылда өткізуге жоспарлап отырмыз.

 

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Акпарова Г.Е.

Автор: Колледж