«Ең үздік ғылыми жоба»

Күні: 2015-12-29 04:36:26
«Ең үздік ғылыми жоба»

«Ең үздік ғылыми жоба»

 

Колледжіміздің студенті Н.Утубаева арнайы пәндер мұғалімі Б.К.Жуспекованың жетекшілігімен «ZIAT» (Астана қ.)  ғылыми-әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылағн «Ең үздік ғылыми жоба» атты Республикалық үздік ғылыми жобалар сайысына қатысып 1 дәрежедегі диплом иегері атанды. Сайысқа Қазақстан Республикасының арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Сайыс оқушыларды біріктіріп ғылым мен тәжірибенің өзекті мәселелерін шешуге қызықтырды; ғылыми зерттеуге қызығушылығының дамуына ықпал жасады; өзіндік тәжірибенің жалпылауына жағдай жасады. Н.Утубаеваның ғылыми жобасы комиссия қорытындысы бойынша негізгі баға критерийлеріне сәйкес келді: өзектілігі, жұмыстағы өзіндік ғылыми зерттеу нәтижелері, тәжірибелік ұсыныстардың болуы. Ғылыми жетекшісі Б.К.Жуспекова Республикалық сайыс жүлдегерін дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды. 

Жеңіспен құттықтаймыз! Жаңа табыс тілейміз!!!

 

Колледж әдіскеріС.Б.Акжолова

Автор: Колледж