Өндірістегі тәжірибе.

Күні: 2016-01-20 10:47:27
Өндірістегі тәжірибе.

Өндірістегі тәжірибе.

 

Дуалды оқыту элементтерін жүзеге асыру бойынша колледж, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы және ЖШС ПКФ «Атриум» арасында қол қойылған келісімшартына сәйкес 2015 жылдың 9 қарашасы мен 23 желтоқсан аралығында 0513000 «Маркетинг» мамандығының 3-78М топ оқушылары GREENWICHГипермаркетінде оқу тәжірибесін өтті. Кәсіпорын қызметкерлерімен қатар колледж студенттері қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтіп, арнайы киім алды. Оқушылар Павлодар облысының саудадағыф ең ірі кәсіпорынадарының бірінде қызметпен айналысты: тауарды орналастыру, тауарды ротациялау, тұтынушыларға кеңес берді, фирманың жарнамалық іс-шараларына қатысты.

25 желтоқсан күні «Тауартану бойынша оқу тәжірибесі» пәні бойынша сабақ өткізілді. Оған қатысқандар: GREENWICHГипермаркетінің басқарушысы Сукач Наталья Леонтьевна, ЖШС ПКФ «Атриум» қауіпсіздік техникасы бойынша инженері Петрова Валентина Степановна, GREENWICHГипермаркетінің әкімшіліктері Шлегель Оксана Юрьевна, Новикова Гульнара Сергеевна,  Рябовол Ольга Алхатовна,  Сулейменова Гульнара Шумкеновна.

Колледж оқытушысы Макарова Ольга ивановна оқушыларға сабақтың мақсаты айтылып, кіріс нұсқаулығы өткізілді.

GREENWICH Гипермаркетінің басқарушысы Сукач Наталья Леонтьевна сабақ алдында қазіргі нарық кезінде маркетингті білудің маңыздылығын атап өтті.

Ары қарай 4 сағат бойы оқушылар жаңа тәсілдерді қалыптастыру, жұмыстың әдістері бойынша тапсырмалар орындады; тауарларды орналастырды, технологиялық үрдістің өзіндік бақылауын, еңбек қауіпсіздік талаптарын жүзеге асырды, дүген әкімшілігінің тапсырмаларын орындады. 

Оқытушы макарова О.И. оқушылардың жұмысын бақылап және басқарып отырды.

Қорытынды нұсқаулық бригадалар бойынша атқарылған жұмыстың өзіндік есебінен басталды. Ары қарай атқарылған жұмыстың есебін, типтік қателерді GREENWICH  Гипермаркетінің басқарушысы атап өтті.

Бағаларды қою мен тәжірибенің қорытындысын гипермаркет басқарушысы Сукач Н.Л. шығарды.

 

 Средний б

«Үздік» деген бағаны – 15 адам алса, «жақсы» деген бағаны – 2 оқушы алды. Орташа ұпай – 4,88. Сапалық үлгерім – 100%. 

GREENWICH Гипермаркетінің әкімшілігі атынан Шлегель Оксана Юрьевна 3-78М тобының оқушыларына өз ризашылықтарын білдіріп, қойылған міндеттері сапалы түрде орындағаны үшін алғыс білдіріп, колледж аяқталуымен жұмысқа тұруға шақырды.

Арнайы пәндер ұстазы,  тәжірибе меңгерушісі: Макарова О.И. 

Автор: Колледж