Ашық сабақ
Ашық сабақ
2016 жылғы 23 мамырда Павлодар Экономикалық колледжінде «Қаржылық есеп» және «Микроэкономика» пәндерінен «Дайын өнімді сату», «Бәсеке түрлері, нысандары» атты аралас сабағы өтті.
Сабақ 0518000 «Есеп және аудит» мамандығының 2-07Эк тобы оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Өткізілген сабақ рөлдік ойын түрінде өтті.
Педагогикалық - психологиялық бағыты «Шаман» биімен ашылды (Сулейменова Г., Ибадильда А.), бұл тақырыптың негізгі мақсаттарының бірі болып көрсетілді.
Мақсатқа жету үшін оқушылар «Ағаш мақсатын» құрды.
Сабақта мысал ретінде «Дара» ЖШС құрылды. Ұйымның қысқаша мінездемесін, оқушылар арасынан тайындалған директоры таныстырды.
Ұйымда туындаған мәселе және себептері бөлім басшыларының есеп беруімен, талдау қорытындысымен шешілді. Сондай-ақ, «Матрица БКГ», «Жетістік жағдайы» тапсырмалары берілді және бейне фильм, слайд материалдармен толықтырылды.
Сабақ барысы өндірістен шақырылған қонақ Павлодар нан тоқаш комбинатының сату бөлімінің басшысы Васильченко Лариса Борисовнаның қатысумен өтті. Ол ұйымның жұмыс барысымен таныстырды, дайын өнімнің презентациясын көрсетті және дайын өнімнің дәмін таттырды.
Арнайы пәндер оқытушысы: Жуспекова Б. К., Каримова Г.К.