«Студенттердің шығармашылық жұмысы»
«Студенттердің шығармашылық жұмысы»
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бүкіл зиялы қауымды дүр сілкіндіргені анық. Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі- студенттердің бойында еліміздің тәуелсіздігін баянды ететін ұлттық келісім рухын және отансүйгіштік сезімін нығайту. Осыған орай, казан айында колледжде келесі іс шаралар өткізілді:
- «Жаһандық бастамалардағы Қазақстан рөлі» тақырыбындағы ең үздік эссе конкурсы.
Жалпы конкурсқа 20 студент қатысты. Студенттер Қазақстанның даму жолын, әлемдік экономикадағы рөлі мен алатын орын қарастырады. Жұмыстарды жетістіктерге талдау жүргізілген және де дамудың перспективті бағыттары байқалады.
«Экспо – 2017» дөңгелек үстелі отырысы. Колледждің ғылыми қауымдастығының мүшелері болып табылатын студенттер қатысты. Отырыста студенттер әлемдік ауқымдағы оқиға ретінде Астана қаласында өткен «Экспо – 2017» көрмесі туралы пікір алмасты. Болашақ энергиясына арналған көрме тақырыбының басты аспектілерін талқылады.
- Студенттердің жұмыстары «Өнеге» Республикалық интеллектуалдық порталының эссе конкурсына жіберілді. Сараптамалық топтың шешімімен «Экспо – 2017» номинациясында Алуа Тұрғанова (ғылыми жетекші Ж.Ж.Құрманова) – 1 дәрежелі дипломмен, НүрияАхтанова (ғылыми жетекші А.К.Қарашорова) – 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Колледж әдіскері: С.Б. Ақжолова
Үздік эссе: «Жаһандық бастамалардағы Қазақстан рөлі».
Абулкаирова Айнура, Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжі, 3 курс, мамандығы «Есеп және аудит».
Ғылыми жетекшісі: Акжолова Сайраш Бейсембаевна.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып тұруына оның әлемдік шаруашылық байланыстың рөлі зор. Әлемдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелердің терең мен әрқырлы болғандықтан, шешу үшін мемлекеттік қатынастар қажет.
Қазақстан спецификасы дамыған елдер (тұрғындардың жалпы сауаттылығы, жоғары оқу орындардың кең желілері, ғылыми зерртеу мен проектік мекемелер, т.б.) және дамитын елдер қатарына экономиканың шикізаттық бағыты, региондардың көбінде экологиялық ластануы, шетелдік инвестициялар мен жаңа техникалық импортқа мұқтаждық, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрамында болуы.
Қазақстан геппертерриториалдық (әлемдік мемлекеттер ішінен жер аумағы бойынша тоғызыншы орында) және ішкіконтиненталды орналасуы , яғни шектесуші мемлекеттер тек құрлық арқылы, әлемдік транспорттық жолдардан алыс және теміржол мен құбыржол түрлері аса дамымаған. Жоғарыда аталғандардың бәрі шетелдік және халық капиталының қолдануының процесі негізгі көрініс табады. Қазақстан жаңа мемлекет және дамитын елдер қатарында.
Меммлекет құрушы әсер етуші негізгі күші ол халық, тұрғындар, азаматтар. Біздің тыныштығымыз, бейбіт өмір келісімінде сүруіміз ел тыныштығы, мемлекет дамуының себепші факторы.
Еліміздегі жаһандық бастамаларына үңіле отырып, мен сондай шешімге келдім. Елбасымыз халық қауіпсіздігіне аса назар аударады. Шыныменен, әлемдік қатынастардағы терроризм, мемлекеттерді жою (бұзу), миграциялық мәселелер, халықаралық шиеленісулер, т.б. құбылыстар елдің өзекті мәселер тақырыбына айналды. Оларды шешуге әр жолдарын табу қажет. елбасымыздың инновациялық бастамалардың негізгі түрлері бар:
-ең алдымен, ядролық қарудан ерікті түрде бас тартуы. Шешімді қабылдағаннан кейңн Қазақстанда бар сәйкес инфрақұрылымдар жабылды(полигондар, жеткізу құралдары, т.б). Ядролық клубтан шығу елдің қауіпсіздігі мен ел экономикасына бұқаралық инвестициялар қарата алуға мүмкіндік берді.
-энергетикалық қауіпсіздік дәстүрлі және баламалы энергетиканың даму процесінің қатысушы болды. Болашақ энергия проекті EXPO көрмесінде бастау алды, яғни болашаққа бір қадамға жақын, жердегі энергетикалық ресурстарын әсерлі қолданудың жаңа мүмкіндіктерін береді.
-су қауіпсіздігі. Қазақстан бар әлем сияқты су ресурстарына бай. Өзендер, теңіздер, көлдер әдемі ландшафт қана емес, планетаның бағалы ресурсы. Бірақ бар су тұрақты мониторинг жүргізу мен сақтауды қажет етеді. Бұған бізге Арал теңізі оқу болар. Адам өмірінің көзі су.
Азия елдерінің дамуы мен қауіпсіздігі ұйымы құрылды. Бүкіл азиаттық кеңістікті кепілді қарымқатынас бастамасы болды. Қазақстан терроризм, кедейлік, жұмыссыздықпен белсенді күресуде. Еліміздің бар халқымыз қосылып, бастамаларда қолдау көрсетіп, мәселелерді шешуде өз үлестерін тигізеді деп сенемін!