Парыз - 2017.
"ПАРЫЗ - 2017"
Астанада 6 желтоқсан күні еліміздің ең беделді саналатын марапаттарының бірі - Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа", бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы, "Қазақстанның Үздік тауары" атты республикалық көрме-конкурсы бойынша марапаттау рәсімі өткізіліді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын жыл сайын ҚР еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі ҚР энергетика Министрлігімен, "Атамекен" ҰКП және ҚР кәсіподақтар Федерациясымен бірлесе 10 жыл бойы өткізіп келеді.
Осы жылы ол «Парыз - 10 жыл табыс» ұранымен өтті.
Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
2017 жылы конкурсқа қатысу үшін бүкіл ел бойынша 400 үміткер өтініш білдірген.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында "Үздік ұжымдық шарт" номинациясы бойынша
"Қазтұтынуодағының Павлодар экономикалық колледжі" абсолютті жеңімпаз атанды.
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З ! ! !