«Асыл сөз» сайысы.

Күні: 2018-10-22 17:03:59
«Асыл сөз» сайысы.

«Асыл сөз» сайысы.

2018 жылдың 19 қазанында Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде «Мың бала» республикалық мәдени ағартушылық жобасы аясында «Асыл сөз» сайысы жүргізіліп өтті. Бұл сайыстың мақсаты оқушыларды қазақ тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту.

«Асыл сөз» сайысында оқушылар таныстыру, шешендік өнер  және сұрақ –жауап  кезеңдерінде өз өнерлерін ортаға салды. Өнерлерін бағалауға Тулебаева Гулнара Сулейменовна -облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайым орынбасары,  Сарсенбаева Астерхан Шойынбаевна- облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі және Жолшыбекова Жібек Нұрсеитқызы-облыстық тілдерді дамыту орталығының бас маманы қатысты.

Сайыскерлеріміздің арасынан 3 орын Можгина Екатерина, 2 орын Астапенко Полина және 1 орынға ие болған Бабушкина Валентина марапатталды. Сайыскерлеріміздің өнерлеріне қызығып, әділқазы әжелеріміз де тілектерін айтып, ән шырқап өз өнерлерімен үлгі өнеге қалдырды.

Автор: Колледж