Сатушыларды даярлау курсы

Күні: 2013-02-14 03:23:39
Сатушыларды даярлау курсы

 

 

Колледжде 2013 жылдың 4 ақпанында қол қойылған әріптестік туралы келісім шеңберінде «Атриум»ЖШС ПФ, жұмыс атқарушыларға  сатушыларды даярлау курсы басталды.

 

«Атриум», «Рубиком», «Мирас» супермаркеттерінің сатушы- консультанттарға «Іскерлік мәдениет», «Санитария және гигиена» «Бөлшектеп сату технологиясы», «Коммерциялық істі ұйымдастыру», «Кәсіптік қазақ тілі» пәндерінен бір айлық дайындықтар жүргізіледі.

Сабақтарды жоғарғы санатты оқытушылар К.К. Кайруллина., Н. П. Радионова.,

Г.М. Андиржанова., О.И. Макарова. өткізеді. Сабақтар тренинг, эвристикалық әңгіме, интерактивті тәсілдерді қолдана отырып, іскерлік ойын түрлері бойынша өтеді.

Автор: Колледж