Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік

Күні: 2019-04-23 15:22:41
Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік

Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік

1-11Юк және 1-30Ю тобының оқушылары Орталық балалар кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Л.Б. Нурмагамбетова және химия пәнінің мұғалімі А.Ж. Байтымановамен бірге 1 Мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне орай өткізген «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты шағын концертті тамашалап келді.  Концертте «Достық үйінен» әр халық ұлттарының орталығынан келген ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетті. Қазақ, чуваш тілдерінде ән айтып, татарша би биледі. Бірлік болмай тірлік болмас деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Атаулы концерт оқушыларға ұнап, көңілдерінен шықты.

 

 

 

 

Автор: Колледж