Келін түсіру-көркем дәстүр

Күні: 2019-04-23 15:24:14
Келін түсіру-көркем дәстүр

Келін түсіру-көркем дәстүр

1-11Юк және 1-19П тобының оқушылары «Жастар бастамаларын дамыту орталығына»   қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Л.Б.Нурмагамбетовамен бірге «Келін түсіру» дәстүрін тамашалап келді. Атадан келе жатқан тарихи салт дәстүрлеріміздің бірі- «Келін түсіру» қазақ халқының маңызды дәстүрі болып саналады. Сондықтан қазіргі жастар үлкендерден үйреніп, одан әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырулары міндетті. Әсіресе отбасын құрғысы келетін жастар үшін бұл маңызды қадам болып есептеледі. Аталмыш дәстүрден кейін оқушылар апа-әжелерімізге сұрақтар қойып, көптеген тәлім –тәрбие алып қайтты.

 

 

 

Автор: Колледж