«Асыл сөз» сайысы

Күні: 2019-09-27 14:51:43
«Асыл сөз» сайысы

«Асыл сөз» сайысы

      27 қыркүйекте Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Асыл сөз» атты сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты оқушыларды қазақ тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сайыста басқа ұлт өкілдерінің оқушылары қатысты. Олар өздерін қазақ тілінде таныстырып, Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді. Соңғы кезең сұрақ- жауап сайысында өз білімдерін тереңнен көрсете алды. Бірінші орынға 1-Мп6 тобынан Южакова Светлана, 2 орынға 2-Мп3 тобынан  Можгина Екатерина, 3 орынға 1-82М  тобынан Соколова Елена иеленді. Тимченко Наталья 2-92Б тобының оқушысы алғыс хатпен марапатталды.

 

Автор: Колледж