Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!

Күні: 2019-12-13 15:23:08
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!

         Тәуелсіздік мерекесіне орай 13.12.2019ж Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде  оқытушылар Д.Н.Дюсембенованың және М.З.Нурбаеваның ұйымдастыруымен  «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өткізілді. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасытаста, қанықара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

 

 

 

 


         Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.
     Әрқашан күн сөнбесін! ТәуелсізҚазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!

Автор: Колледж