Наурыз мейрамы
Наурыз-ең жақсы жалық мерекелерінің бірі.Бұрынғы замандарда қазақтар бұл мерекені үш күн тойлаған, алайда оны наурыз айы бойы үш күн тойлауға болады деп есептеген.Бұрынғы Иран мәдениетінен бастау алған жаңа жылды көктемде қарсы алу дәстүрі.Орта Азияда секілді Қазақстанда да әйгілі.Көктемнің келуімен табиғат оянады, онымен бірге керемет Наурыз мерекесі де келеді, бұл мерекені колледж студенттері мен оқытушылары кеңінен тойлайды.Бұл көктемгі жаңарудың басы, махаббат пен достық мерекесінің символы.
20 наурызда колледждің акты залында «Наурыз мейрамын» мерекелеу аясында «Наурыз Аруы» мәдени-ұйымдық шара өтті.
Конкурсты өткізу мақсаты қазақ халық шығармашылығын қолдау, студент жастардың шығармашылық өзіндік қасиеттеріне жағдайлар жаса, мәдени дәстүрді қайта тудыру, халық шығармашылығының ұлттық жанрларын дамыту, жас буынның эстетикалық талғамы мен рухани-танымдық құндылықтарын тәрбиелеу, достықты бекіту, студент жастардың бірлестігі мен кішіпейілділігін арттыру болып табылады.
Қыздар тазалық пен адалдық, батырлық пен сұлулық, білім, ар мен ұлт, ерлік пен шынайылық, дұрыс тәрбие жақтарын көрсетті.Халықта ұлттық салт-дәстүрді, қазақ халқының қошеметтеу дәстүрін білетін қыз туралы «Қазақ қызы» деп атайды.
Конкурсқа 1-2 курс студенттері қатысты.Конкурстың бағдарламасы бес бағытта өткізілді: «Өз-өзін таныстыру», «Қыздың сұлулығы», «Дәстүр мен салттар», «Өнер», «Тамақ пісіру шеберлігі».Қатысушылардың қорытындыларны Г.М.Әндіржанова құрамындағы құзыретті әділ-қазылар бағалады.
Қорытындылау нәтижесінде конкурстың жеңімпазы 2-03Фк тобының оқушысы Шанова Айжан болды.
Барлық қатысушылар мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыстың ұйымдастырушылар ПЭКК активист студенттері болды.