WorldSkills Павлодар облыстық кәсіби шеберлік байқауы

Күні: 2023-05-17 08:50:28
WorldSkills Павлодар облыстық кәсіби шеберлік байқауы

WorldSkills Pavlodar-2023 аймақтық кәсіби шеберлік байқауы 2023 жылдың 27 наурызы мен 15 сәуірі аралығында өтті.

Конкурс басым өңірлік құзыреттер бойынша облыстың техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының үздік студенттерін анықтау және WorldSkills Kazakhstan Республикалық конкурсына қатысу үшін өңірлік құрама командасын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Турнир Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің базасында өтті. Үш күн ішінде студенттер үш модуль бойынша кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.

3-22П тобының студенті Самойлов Александр "Веб-дизайн және әзірлеу" құзыреттілігінде ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Е. А. Сагайдақ Құттықтаймыз!

Колледждің 2-23п тобының студенттері Пигулка Анастасия, Шмалюк Даниил, Кельдибеков Ильияс "Компьютерлік ойындарға арналған 3D-модельдеу", "Графикалық дизайн", "Бизнеске арналған IT шешімдер" құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Pavlodar-2023 өңірлік чемпионатына қатысты. Жетекшісі Д. К. Акжолов. Конкурс қорытындысы бойынша студенттер сертификаттармен марапатталды.

 

 

 

 

Автор: Колледж