«Мен – кәсіби маманмын» облыстық кәсіби шеберлік конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

Күні: 2023-06-01 11:16:31
 «Мен – кәсіби  маманмын»  облыстық кәсіби шеберлік  конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

 

2023 жылдың 26 мамыр күні Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі базасында «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтары бойынша Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында  «Мен – кәсіби  маманмын» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

«Мен – кәсіби маманмын» облыстық кәсіптік шеберлік конкурсының қатысушыларына Павлодар облысы Білім басқармасының ТжКБ бойынша оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.А. Баймуханова құттықтап, конкурс олардың нені үйренгенін және неге қабілетті екенін, қатысушылардың өз жұмыстарына қаншалықты кәсіби түрде дайындығын көрсетуге мүмкіндік беретін емтихан түрі екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл конкурс – жаңа танысу, жаңа достар, тәжірибе алмасу болады. Әрбір адамға кәсіби және жеке дамудың жеке траекториясын береді.

Конкурсқа қатысушыларды экономикалық, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Г.М. Андиржанова құттықтап, конкурс қатысушылардың білімі мен дағдыларына сенім білдіріп, барлығына сәттілік  тіледі.

Конкурсқа Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының осы білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асыратын 12 білім алушы қатысты:

Сейтбекова У. А., Балкибаев У.Н.  – Қазтұтынуодағы Павлодар Жоғары экономикалық колледжі;

Каримбаева Ж.М. – «Торайғыров университеті»  КЕАҚ жоғары колледжі;

Романова А.А., Гостев В.В.– Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі;

Васькина К.А. – Павлодар жоғары Басқару колледжі;

Куприна В.А. – Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі;

Пинигина У.М., Бурдюк А.В.– Павлодар техникалық-экономикалық колледжі;

Аюбаева Д.Е., Искакова Д.М.– Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі;

Мұсатай Д.Х. – Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз жоғары колледжі.

 

Қатысушылардың кәсіби қасиеттерін анықтау үшін құзыретті сараптамалық комиссия жұмыс жасады:

1. Урпекова А.Г., «Низкоцен» ЖШС бас бухгалтері

2. Тусупбекова А.Д., «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жетекші маманы

3. Тлешова Б.Н., «Павлодар облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК бас бухгалтері

4. Шорманов Д.Р., «Jusan Bank» АҚ бөлшек бизнес жөніндегі директоры, Павлодар филиалы

5. Сагайдак Е.А., «Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті» ҚОО Павлодар өкілдігінің басшысы

6. Калакша О.В., «Мансап» ЖШС оқу орталығы бухгалтері

 

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалауды сараптау комиссиясы келесі конкурстық жұмыстарға сәйкес жүргізді:

 

- Kahoot платформасында  интеллектуалды викториналық ойын;

- Professionall skills:  

«Ойлан, үйрен, тап» І туры,

«Өз ісінің маманы» ІІ туры.

 

Сараптама комиссиясы келесі мамандықтар бойынша қорытындыларды шығарды:

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша

І дәрежелі диплом – Сейтбекова У. А.;

ІІ дәрежелі диплом – Романова А.А.,

  ІІІ дәрежелі диплом – Куприна В.А.

 

«Қаржы» мамандығы бойынша

І дәрежелі диплом – Балкибаев У.Н.,

ІІ дәрежелі диплом – Мұсатай Д.Х.,

ІІІ дәрежелі диплом  – Аюбаева Д.Е.

 

Конкурсқа қатысушылар мен сараптамалық комиссия «Мен – кәсіби маманмын» облыстық кәсіби шеберлік конкурсын жақсы дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге жоғары баға берді.

 

Автор: Колледж