Кәсіби қазақ тілінен облыстық олимпиада

Күні: 2013-05-15 10:22:02
Кәсіби қазақ тілінен облыстық олимпиада

2013 жылғы 14 мамырдағы ИнЕУ колледжінде  экономикалық және техникалық мамандықтардың 2-3 курс студенттері арасында кәсіби қазақ тілінен ІI облыстық олимпиада өткізілді. Облысымыздың 12 колледжінен 28 студент қатысты.

 

Мақсаты – студенттердің кәсіби қазақ тілінен дайындық денгейін, өндіріс мәселелерін шешуде тіл мүмкіндіктерін қолдана білуін анықтау.

 

Олимпиадада студенттер жұмыстарына әділ баға берген қазылар алқасы мүшелері: ИнЕУ проеректоры, филология ғалымдарының кандидаты, қазіргі қазақ тілі оқытушысы Шнайдер В.А., облыс білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің менгерушісі Сейтказин Б.Б., Павлодар  бизнес-колледжінің  қазақ  тілі  және әдебиеті оқытушысы Касым К.З.

 

Студенттер кәсіби лексиканы білу, мәтіндерді аудару және шығармашылық қабілеттері бойынша тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы студенттердің тілді жақсы білуі, аудару машықтарын белгіледі.

 

Біздің колледжінен Цой Эльмира қатысты.

Эльмира олимпиада қатысушыларының

арасында ІІІ орынға иеленді.

 

Жеңімпаздары облыс білім беру басқармасының дипломдары мен сертификаттарымен және бағалы сйылықтармен марапатталды.

Автор: Колледж