Павлодар экономикалық колледжі облысымыздың білім беру мекемелерінің арасында ең бірінші құрылғандарының бірі болып келеді.
1955 жылы Қаз СРО Республикалық тұтынушылық одақ Басқармасының қаулысына сәйкес Павлодар қаласында сауда кооперативтік мектеп құрылып, оны В.М.Белик басқарды.
1959 жылы сауда-кооперативтік мектеп сауда кооперативтік училище болып қайта құрылды.
1975 жылы шілдеден бастап Облтұтыну одағының Павлодар кооперативтік техникумы болып құрылды. Кооперативтік мектепте бастау алған ең үздік дәстүрлерді Е.Ш.Қадырбаев жалғастырды.
1996 жылы сәуірден бастап Облтұтыну одағының Есеп-сауда колледжі деп аталды.
1999 жылы мамырдан бастап «Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжі» деп аталды. Колледж З.Ә.Дощанованың башылығымен шығармашыл, ұйымшыл ұжымымен танымал, олардың жетістіктері қала мен облыс деңгейінде бағалануда:
Б.З.Кульдурова- Оқу ісінің үздігі
Г.М.Әндіржанова- Білім беру басқармасының құрмет грамотасы, облыс әкімінің грамотасы
О.В.Дуреева – Білім беру басқармасының құрмет грамотасы
Л.А.Сысоева- Білім беру басқармасының құрмет грамотасы облыс әкімінің алғыс хаты
О.И.Макарова- Білім беру басқармасының құрмет грамотасы
Н.П.Радионова- Білім беру басқармасының құрмет грамотасы
Колледж оқытушыларының кәсіптік білімдері республикалық, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысуға және жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік берді.
Оқытушы Г.М.Әндіржанова 2002 жылы "Колледждердің үздік оқытушылары" атты облыстық конкурсында гран-при иегері атанды, ал 2003 ж. "Колледждің үздік оқытушысы" республикалық конкурстың жеңімпазы болып атанды.
Арнайы пәндердің оқытушысы Л.А.Сысоева ағымдағы 2012 жылы колледждер мен лицейлер арасында үздік оқытушысы атанып, облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.
Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және тәжірибелік материалдарды пайдалана отырып оқу-әдістемелік кешендерді жасау барысында колледж әлеуметтік әріптестермен тығыз байланыста.
Коллеждің әлеуметтік серіктестері: «Кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту орталығы», «Цесна Банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Акоба» ЖШС, «Коммерция» ЖШС, «Актукооп» ЖШС.
Бүгінгі күнде Қазтұтыну одағы Павлодар экономикалық колледжі маркетинг, құқық, қаржы, есеп және аудит саласында 15000 астам жоғары білікті мамандарды дайындап, шығарды.
Колледждің түлектері қазіргі нарық талабына сай үлкен сұраныста: А.Исина (2008 жыл, Маркетинг, «Павлодар нан-тоқаш комбинатының» бас экономисті), Жанар Қабулова (1999 жыл, «Бухгалтерлік есеп және аудит» Астана қаласының «Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры), Гүлмира Молдахметова (2000 жыл, «Халық банкі» АҚ бөлім бастығы), Наталья Киль (2007 жыл, Грозный қаласының әскери бөлімінің бас бухгалтері), Сәбит Аліжанов (2007 жыл, Павлодар қаласының прокуроры), Анастасия Самойлова («Энергоцентр» АҚ жоспарлау бөлімінің маманы), Мейіржан Бауғұнысов (Пекин қаласындағы университетте оқуын жалғастырып жатыр).
Колледждің бастапқы жетекшілері
1995 жылы Қаз ССР тұтыну қоғамдарының Республикалық Одағы басқармасының қаулысына сәйкес Павлодар қаласында В.М.Белик басшылық еткен сауда-кооперативтік мектептің негізі салынды. В.М.Белик ұжымның тұрақтылығын бағалады.
1989 жылғы тамыздан бастап 2005 жылғы шілдені қоса есептегенге дейін колледждің директоры Ерсайын Шайманұлы Қадырбаев болды.Шебер ұйымдастырушы және жетекші ретінде Ерсайын Шайманұлы айтқанынан қайтпайтын және қабылданған шешімдерді орындауда жүйелілік танытатын болды.Беделі зор және өз еңбегімен оқытушылар, қызметкерлер және үйренушілер үшін үлгі болды.
Біздің ардагерлер
Павлодар экономикалық колледжінің тәрбие жұмысының жүйесінде маңызды мәселе Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыстан тыс жердегі еңбеккерлер, сондай-ақ колледждің еңбек ардагерлерінің өмірі мен қызметі негіздегі әскери-патриоттық тәрбиеге бөлінеді.