«Бейбітшілік пен келісім – тәуелсіз Қазақстан игілігі»

Date: 2013-05-28 05:48:14
«Бейбітшілік пен келісім – тәуелсіз Қазақстан игілігі»

«Бейбітшілік пен келісім – тәуелсіз Қазақстан игілігі»

 

Қазақстан Республикасында елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің тілдерін дамытуға жағдайлар жасалған: өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерін оқытатын 88 мектеп жұмыс істейді, 108 мектепте 22 ұлттың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Сондай-ақ 195 мамандандырылған лингвистикалық орталықтар ашылды, мұнда балалармен қатар үлкендер де 30 ұлт тілін үйрене алады. Қазір мұнда 7 мыңнан астам адам оқып жатыр. Қазақстанда қазақ және орыс театрларынан басқа өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс  театрлары жұмыс істейді. Оның ішінде үшеуі – ТМД елдерінің арасында бірден-бірі болып саналады.

Елімізде бірегей қоғамдық-саяси институт саналатын Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Оны ашу идеясын 1992 жылы елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған болатын.

Қазақстан халықтары ассамблеясы Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерін біріктіреді. Жұмыс істеген жылдар ішінде Ассамблея уәкілеті ауқымды конституциялық органға айналды. 2007 жылы конституциялық мәртебе және Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығына ие болды. Қазір халықтар Ассамблеясы – еліміздегі халықтарды үйлесімділікпен біріктіретін беделді қоғамдық форум.

2013 жылғы 30 мамыр күні Павлодар мемлекттік педагогикалық институты жанында  Павлодар облысы Ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП ПОФ «Жас Отан» ЖК қолдауымен   «Бейбітшілік пен келісім – тәуелсіз Қазақстан игілігі» жастар форумы өтеді.

Тілек білдірген барлық студенттерді қатысуға шақырамыз.