Брейн-ринг оқу сайысы
2013 жылдың 03-ші қазанында Павлодар қаласындағы Қазтұтыну одағы экономикалық колледжінде «Бухгалтерлер күні» мерекесі қарсаңында «Бухгалтерлік есептің негіздері» пәні бойынша «Мен бухгалтермін» тақырыбына арналған Брейн - ринг оқу – сайысы өткізілді.
Брейн – ринг оқу – сайысын тамашалауға әр топтың студенттері мен ұстаздар келді. Осы оқу – сайысын жүргізер алдында мынадай құрамда қазылар алқасы сайланды: Қазылар алқасының төрайымы – циклдық комиссияның төрайымы Андиржанова Г.М., мүшелері – арнайы пәндердің ұстаздары Дощанова Ж.И., Каримова Г.К., Акжолова С.Б. және екінші курстың «Қаржы» мамандығының «2-04Фк» тобында оқитын студент Жаңатұрмысов Сәкен.
Брейн - ринг оқу – сайысы бір айдың ішіндегі өткізілген тақырыптардың деңгейінде, мемлекеттік тілде, екінші курстың «Есеп және аудит» мамандығының «2-05 Эк» тобында оқитын студенттердің қатысуымен, солардың арасында өткізілді. Топ 2 команданы құрады: «Есеп - қисап» және «Үнемдеушілер». Оқу – сайысы 5 турда өткізілді. Бірінші турда ойыншылар «Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап берумен сайысқа түсті.
Екінші тур «Мен бухгалтермін» атты тақырып бойынша, үй жұмысына берілген тапсыр-маны құрады. Бұл турда ойыншыларға баланстың мазмұнын сахнада ойнап жүріп, спек-такль ретінде көрсетуді және «Отбасы бюджетінің балансы» атты балансты тақтада құрас-тырып, өз беттерімен баланстық пайданы (зиянды) есептеп шығаруды, қысқаша қоры-тынды жасауды қажеттілік етті. Айта кету қажет: бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға, тек қана балансты дұрыс құрастыра білу емес, сонымен қатар, тапқырлық, жылдамдық, ұқыптылық, қала берді тіпті, актерлік қабілеттілік де қажет болды. Бұл тапсырманы «Есеп - қисап» командасы мүлтіксіз орындап шықты. Ал енді, «Үнемдеушілер» командасына келетін болсақ, оларды «нашар орындады»- деп, айтуға болмайды. Олар сахнада өте жақсы ойнап, қолдағы бар ақша қаражатын қажетсіз нәрсеге ұстамай, тек қана мақсатты түрде, мүмкіндігінше үнемді жұмсау керек екенін, сол сияқты міндеттемелерді де уақытында төлеп тастап жоқ кылды, сонымен өздерінің төлем қабілеттілігі бар екенін де көрсетті. Бірақ, «Үнемдеушілер» командасы балансты тақтада құрастырған кезде, алаң-ғасарлық танытты. Соның әсерінен, осы турдың соңында жеңіске жеткені «Есеп - қисап» командасы болды.
Үшінші тур екі команданың капитандарына арналды. Оларға әртүрлі купюрадағы және банкноттарының жиынтығы едәуір үлкен соманы құрайтын ақша құралдары таратылды, бірақ ақша нақты емес, ксерокстан өткізілген ақшаның көшірмесі ғана болатын. Олардың міндеті: ақшаның жалпы жиынтығын және оның ішіндегі купюралардың ақша белгілері бойынша жиынтықтарын аса жылдамдықпен санап шығу қажет болатын. Төртінші турда командаларға есеп түріндегі сұрақтар кезекпен қойылды. Сонымен бесінші турға да келіп жеттік. Бесінші тур – сергіту сайысы. Ойын шартын командалар, өз қараулары бойынша ойластырды. Мысалы, бірінші команда бір сөйлемді бастайды, екінші команда олардың ойындағысын тауып әрмен қарай жалғастырады, бірінші команда өз ойындағы дұрыс жауабын қайталайды, солай кезекпен екі команда бірінен соң бірі жалғастыра береді. Осы ойында қазылар алқасының айтуы бойынша, айтылған сөйлемдер мазмұнды да қызықты болды. Командалар бірінен бірі қалысқан жоқ.
Міндетті түрде мыналарды да айта кету қажет деп ойлаймын: бұл мерекеге арналған оқу – сайысында келесі топтардың студенттері де қарап қалған жоқ – екінші курстың қаржы мамандығының «2-04Фк» тобының студенттері Нурдуллаев Дінисламмен Бекболатова Шынар; үшінші курстың қаржы мамандығының «3-03Фк» тобының студенті Шанова Айжан; екінші курстың құқықтану мамандығының «2-05Юк» тобының студенті Жанерке. Жоғарыда аталған басқа топтардың студенттері бос келмей, мерекеге арналған сыйлық-тарын «Ән-шашу» арқылы ала келіп, ойын турларының арасында өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар «2-05Эк» тобының студенттері Айткулов Абай «Бухгалтерлік есеп» деген өлеңді қазақ тілінде өз ойынан құрастырса, оны орыс тіліне Кенина Айнұр аударды. Екеуі осы әнді залда отырған тыңдаушыларға өз орындауларында жеткізіп берді.
Оқу-сайысы, ұстаздың осы топқа арнап өзі құрастырған «2-05Эк тобына арналған гимн» атты, әнімен аяқталды. Оқу-сайысын, жүргізуге өз ниетін білдірген «2-04Фк» тобының студенті Бекболатова Шынар жүргізді.
«Бухгалтерлер күні» мерекесі қарсаңында «Бухгалтерлік есептің негіздері» пәні бойынша «Мен бухгалтермін» тақырыбына арналған Брейн - ринг оқу – сайысының оқу барысын құрастырып, сценарийін жазған арнайы пәндердің ұстазы Нұрмағанбетова Күлшира Серікбай қызы.
Нұрмағанбетова Күлшира Серікбай қызы